Құрметті студент!
2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдар - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.
Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.
Мамандық шифры
|
Мамандықтардың атауы
|
Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті
|
5В020500
|
«Филология»(қазақ)
|
1. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
2. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
3. Жалпы тіл білімі
4. Қазіргі қазақ тілі жай сөйлем синтаксисі
|
1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:
1. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
2. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
3. Жалпы тіл білімі
4. Қазіргі қазақ тілі жай сөйлем синтаксисі
Тестілеу уақыты – 180 минут.
Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.
Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.
Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға
қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
|
1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ән-өлең жанрын дамытқан шығармашыл тұлғалар:
A) Әнші-орындаушы
B) Көсемсөзші
C) Шығарушы-композитор
D) Драматург
E) Сыншылар
F) Сал-серілер
|
2. Тұрмыс-салт жырларымен байланысты айтыстар:
A) «Наурыз»
B) «Қыз ұзату»
C) «Тұсау кесер»
D) «Жар-жар»
E) «Ас беру»
F) «Бәдік»
|
3. Майлықожаның аллегория тәсілімен құрылған толғаулары:
A) «Кәрілік»
B) «Тотықұс»
C) «Тілек»
D) «Өсиетнама»
E) «Бұлбұл»
F) «Балқадиша»
G) «Қасқыр»
|
4. Абайдың аударма өлеңдері:
A) «Қартайдың қайғы ойлаудың, ұйқы серген»
B) «Әсемпаз болма әрнеге»
C) «Өлең – сөздің патшасы»
D) «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»
E) «Асау терек долданып»
|
5. Ақан серінің адамның ғұмыр жас кезеңдеріне арналған шығармалары:
A) «Дүние - ол бір көлдің қасқалдағы»
B) «Тілек»
C) «Жиырма бес»
D) «Ұлы арман»
E) «Кәрілік»
F) «Ер жігіттің қадірін»
G) «Шағырмақ бұлт жай тастар»
|
6. Махамбеттің өз бейнесін танытатын толғаулары:
A) «Еңселігім екі елі»
B) «Заман-ай»
C) «Қылыштай қиғыр алмас ем»
D) «Қамыстың басы майда, түбі сайда»
E) «Күлдір де күлдір кісінетіп»
|
7. Махамбеттің көтеріліс барысында туған өлеңдері:
A) «Исатай деген ағам бар»
B) «Соғыс»
C) «Ұлы арман»
D) «Мұнар күн»
E) «Қызғыш құс»
|
8. Махамбет Өтемісұлы:
A) Драматург
B) Суретші
C) Жорық жырауы
D) Ертегіші
E) Ағартушы
F) Сазгер, күйші
G) Прозашы
|
9. Махамбет күйлері:
A) «Қайран Нарын»
B) «Ақсақ Темір»
C) «Күйші»
D) «Өкініш»
E) «Жұмыр қылыш»
|
10. ХІХ ғасырдың соңындағы қиссашыл ақындар:
A) Жаяу Мұса
B) Ақылбек Сабалұлы
C) Шәді Жәңгірұлы
D) Үкілі Ыбырай
E) Мәулекей Жұмашұлы
F) Біржан сал
|
11. ХІХ ғасырдағы шығыстық қисса-дастандар:
A) «Қамар сұлу»
B) «Бозжігіт»
C) «Ләйлі-Мәжнүн»
D) «Жетім қыз»
E) «Жүсіп-Зылиқа»
|
12. Шернияз шығармаларын жырлап таратушы ақындар:
A) Шашубай
B) Алыш
C) Біржан
D) Әріп
E) Жаяу Мұса
F) Махамбет
G) Сүйінбай
|
13. Дулат ақынның «Он бес жас қайда» толғауының басқа жыраулар поэзиясымен үндестігі:
A) Қазтуған
B) Бұқар
C) Шортанбай
D) Майлықожа
E) Шал
|
14. Шортанбай толғаулары:
A) «Тілек»
B) «Дұғай сәлем айтайын»
C) «Кәрілік»
D) «Толарсақтан саз кешіп»
E) «Сөз айтайын Асанға»
F) «Шағырмақ бұлт, жай тастар»
G) «Жігіттер жаман сөзді кәсіп етпе»
|
15. Шортанбай айтыстары:
A) Сарамен
B) Кемпірбаймен
C) Мәделімен
D) Абылмен
E) Қалдыбаймен
F) Жамбылмен
G) Шалмен
|
16. Дулат арнаулары:
A) «Сүлейменге»
B) «Тілек»
C) «Баймағамбетке»
D) «Жәңгірге»
E) «Тұрсын ханға»
F) «Жұртыма»
|
17. Дулат Бабатайұлының өлең(дер)і:
A) «Тырнақтай меңі болған соң»
B) «Тілек»
C) «Қазақ айнасы»
D) «Үш қиян»
E) «Кәрілік туралы»
F) «Опасыз жалған»
|
18. Мұрат ақынның өмір, тіршілік туралы толғаулары:
A) «Мұсылмандық шарты»
B) «Мұнар күн»
C) «Өлім»
D) «Сарыарқаның кімдікі екендігі»
E) «Не деп айтсам жарасар»
F) «Насихат қазақия»
G) «Кәрілік»
|
19. Мұрат Мөңкеұлының толғаулары:
A) «Тілек»
B) «Хал-ахуал»
C) «Жастық шақ»
D) «Үш қиян»
E) «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»
|
20. Ш.Уәлихановтың фольклортанудағы зерттеулері:
A) «Хикаят Орақ-Күлше»
B) «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі»
C) «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»
D) «Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары»
E) «Манзұмат қазақия»
F) «Абылай мен оның батырлары туралы аңыз»
|
21. Мәдениетімізге тікелей қатысы бар Шоқанның көлемді шығарма(лар)ы:
A) «Үш анық»
B) «Мұтылғанның өмірі»
C) «Қазақ әдебиетінің тарихы»
D) «Абылай»
E) «Қазақ хрестоматиясы»
F) «Елдегі мұсылманшылдық туралы»
|
22. Ы.Алтынсариннің сатира жанрында жазылған туындылары:
A) «Екі бөшке»
B) «Мақта қыз бен мысық»
C) «Аққу, шортан һәм шаян»
D) «Маймыл мен айна»
E) «Аласы ағайынның алаңдатады»
F) «Залым төреге»
|
23. Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту мәселелері туралы жазбалары:
A) «Екі кластық мектептің меңгерушісіне нұсқау хат»
B) «Тіл тағылымы»
C) «Баяншы»
D) «Ақын поэзиясының тіл кестесі»
E) «Қазақтың бас ақыны»
|
24. Абайдың Лермонтовтан аударма(лар)ы:
A) Есек
B) Ала қойлар
C) Піл мен қанден
D) Қарға мен түлкі
E) Шегіртке мен құмырсқа
F) Бақа мен өгіз
|
25. Ғаббас Тоғжановтың «Абай» монографиясының бөлім(дер)і:
A) Қайтқанда
B) Абайдың даналығы
C) Абай және қазақ поэзиясы
D) Абайдың ақындығы
E) Абайдың заманы
F) Абайдың реализмі
G) Абайдың ақындық айналасы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
|
1. Септік категориясына тән ерекшелік:
A) септік категориясы бiр жүйе, парадигма құрай алады
B) септік жалғаулары жақтық қатынасқа құрылады
C) септік жалғаулары синтагмалық қатынас түзе алады
D) септiк жалғаулары бірінің орнына бірі жұмсала алмайды
E) септік категориясы бiр жүйе, парадигма құрай алмайды
F) жалғаулары бірінің орнына бірі жұмсалуы тиіс
G) септік жалғаулары шақтық қатынасты білдіреді
|
2. Сөз түрлендіруші жұрнақ арқылы жасалған сөз:
A) тұзда
B) сандықша
C) әншілер
D) байлық
E) ботақан
F) көлшік
|
3. Адамзат есімдері:
A) документонимдер
B) лауазым атаулары
C) туыстық атаулар
D) тағам атаулары
E) кәсiп, мамандық иесi атаулары
|
4. Еркелету мәнін үстейтін жұрнақтар:
A) -ш
B) -шік
C) -лық
D) -дай
E) -тай
F) -ыс
G) -ша
|
5. Салыстырмалы шырай формалы сын есім:
A) ақшылтым
B) сап-сары
C) қалпақтай
D) өте жақсы
E) тым әдемі
|
6. Сапалық сын есім:
A) құмды жер
B) қарлы қыс
C) үлкен үй
D) ақ мата
E) жарық бөлме
|
7. Туынды сан есім жасайтын жұрнақтар:
A) -ыншы
B) -сыз
C) -паз
D) -ды
E) -кер
F) -лы
|
8. Негізгі еліктеу сөздер:
A) арбаң
B) жалтаң
C) бұлт
D) балпаң
E) елп
F) ыржаң
G) қолбаң
H) дік
|
9. Көбейтілмелі тәсіл арқылы жасалған күрделі сан есімдер:
A) елу бес
B) жүз сегіз
C) сексен екі
D) екі жүз
E) төрт мың
F) тоғыз жүз
|
10. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрі:
A) мынаған, мынаны
B) бұным, осыным
C) осың, сонысы
D) бұным, анасы
E) осында, осымен
F) осының, анаған
G) анау, осынау
|
11. Мен ешқашан елімді сатпаймын! Сөйлемдегі есімдіктердің түрі:
A) 1-жақ жіктеу есімдігі, күрделі белгісіздік есімдігі
B) жіктеу, өздік
C) сілтеу, жалпылау
D) жіктеу, өздік
E) жіктеу, болымсыздық
F) 1-жақ жіктеу есімдігі, күрделі болымсыздық есімдігі
G) жекеше түрдегі жіктеу есімдігі, аналитикалық тәсілмен жасалған болымсыздық есімдігі
|
12. Ойлау-сөйлеу етістіктері:
A) жантай, тұр
B) әпер, әкет
C) ки, шеш
D) өс, өн
E) жатта, ойла
F) күл, өкін
G) де, ескер
|
13. Аналитикалық етістіктер:
A) бара сал, келе сал
B) әпер, әкел
C) бармады, келмеді
D) барса екен, келсе екен
E) баратын, келетін
|
14. Осы шақтың жұрнақтары:
A) -а (-е, -й)
B) -ды (-ді, -ты, -ті)
C) -ып (-іп, -п) + қалып етістігі
D) -ар (-ер, -р)
E) -мақ еді
F) -ған екен
|
15. Іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеу кезінен кейінгі сәтте орындалатынын білдіретін шақ түрі:
A) неғайбыл осы шақ
B) ауыспалы осы шақ
C) ауыспалы келер шақ
D) мақсатты келер шақ
E) болжалды келер шақ
|
16. Бірігу және ықшамдалу жолымен жасалған үстеулер:
A) зорға-зорға
B) енді-енді
C) ала жаздай
D) бүгін
E) қолма-қол
F) ендігәрі
G) биыл
|
17. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөз:
A) сонша көп
B) қап-қараңғы
C) тіпті ұзақ
D) арбаңдаған қимыл
E) осыншама кісі
F) жаңа келді
|
18. Мен, бен, пен тұлғасы шылау қызметінде жұмсалған сөйлем:
A) Мына ақтарылуында сол түкпірді ашу(мен) аралас айрықша ашыну бар
B) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен)
C) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты
D) Ықылас(пен) тоқылық
E) Ақ шоқыда туған өлең, өлең(мен) ән, сан-салалы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп, толқып тарап жатты
F) Ауыл аймақ(пен) Ұлжан, Айғыздай енелер болып бәрі де Ділданы күтіп тұрады
G) Қайрат (пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға
|
19. Барыс септігін меңгеріп байланысқа түсетін септеулік шылаулар:
A) бұрын
B) бері
C) дейін
D) бетер
E) қарай
|
20. Грамматикалық категория:
A) сөзжасамдық мағына
B) грамматикалық құбылыстың мазмұны
C) сөзжасамдық жұрнақ
D) грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігі
E) педагогикалық түрлену жүйесі қажет етпейді
F) сөзжасамдық тәсіл
G) педагогикалық түрлену жүйесі бар категория
|
21. Сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалып тұрған еліктеу сөз:
A) Алыстан жалт-жұлт жарқыл көрінді
B) Осы сөзден соң Жігітек екі ұдайылықтан, былқ-сылқтан арылып, сөзді бір арнаға түйген-ді
C) Сергей Петрович елең етті
D) Атшы жігіт мырс-мырс күледі
E) Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді
F) Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды
G) Қараңғылықтан қылаң етіп бір аттылы адам шыға келді
H) Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дауыс шықты
|
22. А.Байтұрсынұлы бойынша, күйінгенде айтылатын одағай:
A) құдай-ай
B) о дариға
C) ехо
D) қойшы
E) апырым-ау
F) ай
G) ойбай-ай
H) пәлі
|
23. А.Байтұрсынұлы бойынша, еліктеу одағай:
A) пыс-пыс
B) жып
C) күс-күс
D) шыр-шыр
E) күмп
F) сұңқ-сұңқ
G) жалт
H) тырс
|
24. Болжал мәнді модаль сөздер арқылы жасалған сөйлем:
A) Сәулет өнерпазы үй салуға ұсталатын заттардың қасиетін жақсы білуге тиіс
B) Би әкесі тіс жарып, ештеңе айта қойған жоқ білем
C) Сонша алтынды қайдан алдың?
D) Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым
E) Мен сенімен біргемін
F) Ендігі шара қатал сөгіс болсын
|
25. Біреулердің сөзіне сүйену арқылы не бір нақты дерек негізінде білдірілетін сөйлеушінің пікірі арқылы нақтыланатын модальдық мағынаны көрсететін сөйлем:
A) Сөз шығарушылар сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет
B) Осы жолы Абай мерт болмаса неғылсын
C) Естіген нәрсені ұмытпастыққа әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек
D) Алты айдан кейін қайтарады деген сөз бар
E) Әсіресе, жандарал кеңсесі ашулы дейді
F) Ашу - дұшпан, ақыл - дос деген екен
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Жалпы тіл білімі
|
1. Пор-Рояль грамматикасының басқаша атауы:
A) Логикалық грамматика
B) Арно грамматикасы
C) Универсалды грамматика
D) Жалпытілдік оқулық
E) Типологиялық грамматика
F) Салыстырма грамматика
|
2. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. тілдің шығуы мәселесін көтерген зерттеушілер:
A) Г. Лансло
B) А. Арно
C) Г. Лейбниц
D) Г. Вундт
E) Ж. Руссо
|
3. ХІХ ғасырда салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылар:
A) Я. Гримм
B) Ф. Фортунатов
C) Ф. Бопп
D) И. Гердер
E) Б. де Куртенэ
F) Ф. де Соссюр
G) В. Лейбниц
|
4. ХІХ ғасырда қалыптасқан лингвистикалық бағыттар:
A) Әлеуметтік
B) Когнитивтік
C) Натуралистік
D) Структуралық
E) Жас грамматистер
|
5. Структурализмді дамытқан басты мектептер:
A) Дескриптивтік мектеп
B) Мәскеу мектебі
C) Америка мектебі
D) Функционалды мектеп
E) Қазан мектебі
F) Женева мектебі
|
6. Тіл мен ойлаудың байланысы жөніндегі көзқарастар:
A) Тіл мен ойлауды тең қараған бағыт
B) Ойлаудың рөлін жоғары деген бағыт
C) Ойлау тілдің жемісі деген бағыт
D) Тіл ойлауға тәуелді деген бағыт
E) Тілдің қызметін жоққа шығарған бағыт
F) Ойдың қызметін жоққа шығарған бағыт
|
7. Функционалдық лингвистиканың басты өкілдері:
A) И. Мещанинов
B) Р. Карнап
C) Б. Трнка
D) Г. Шухардт
E) В. Матезиус
|
8. Дүние жүзі тілдері классификациясының негізгі типтері:
A) Контрастивтік
B) Тарихи
C) Әлеуметтік
D) Ареалдық
E) Географиялық
|
9. Әлеуметтік бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері:
A) Б. де Куртенэ
B) К. Фосслер
C) Р. Мерингер
D) Г. Пауль
E) П. Лафарг
|
10. Б. Уорф идеяларындағы қателіктер:
A) Тіл мен ойлаудың байланысын жоққа шығарды
B) Ойлау мен шындық дүниенің рөлін төмендетті
C) Тіл мен мәдениеттің қатынасын жоққа шығарды
D) Тілді зерттеуде нәсілдік сипатты тұжырым жасады
E) Тілдің рөлін шамадан тыс асыра бағалады
|
11. Копенгаген лингвистикалық мектебінің кемшіліктері:
A) Фонетиканы физика, физиологияның нысаны деп қарады
B) Синхрондық зерттеуге шешуші мән берді
C) Сөйлеуді узусқа, нормаға қарсы қойып қарады
D) Тілді басқарушылық, билеушілік қызмет атқарады деп қарады
E) Тілдік жүйе мәселесіне шектен тыс мән берді
|
12. Тілдік тұлғалар байланысының типтік түрлері:
A) Гетерогендік
B) Статикалық
C) Синтетикалық
D) Иерархиялық
E) Парадигмалық
F) Синтагмалық
|
13. Иерархиялық қатынастың өзіне тән белгілері:
A) Сөз тіркесі сөздердің құрамында қаралады
B) Фонема фонетиканың құрамына енеді
C) Мәтін дискурстың құрамына енеді
D) Морфема сөздің құрамында болады
E) Сөз сөйлем құрамында болады
F) Сөз тіркесі сөйлемнің құрамында болады
|
14. Дауысты дыбыстардың сөз мағынасын ажыратуға әсері болатын тілдер:
A) Еврей
B) Неміс
C) Түркімен
D) Француз
E) Қазақ
F) Өзбек
|
15. Фразаға тән сипаттар:
A) Оның тұтастығы интонациялық құралдар арқылы жасалады
B) Сөйлемше, кейде сөйлемнің бір бөлігі бола алады
C) Бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстардың тіркесінен тұрады
D) Дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі
E) Тік байланыс тән
F) Сөйлеу ағынында бір уақытта көріне алмайтын бірліктер
|
16. Функционалды грамматикаға тән сипаттар:
A) Атқарып тұрған қызметінен оның құралдарына қарай талдайды
B) Мағынадан формаға қарай талдайды
C) Сөйленісті «ескі» білім – тема және «жаңа» хабар – ремаға мүшелеу
D) Тілдік бірліктердің морфологиялық құрылымын қарастырады
E) Тек формадан мағынаға қарай талдайды
F) Тек тілдік құралдан оның қызметіне бағытында зерттейді
|
17. Аналитикалық тәсіл құрамында қамтылатын сыртқы тәсілдер:
A) Сөздердің орын тәртібі
B) Бірігу
C) Қосарлану
D) Көмекші сөздер
E) Интонация
|
18. Трансформациялық бағытқа тән синтаксистік қағидалар:
A) Синтаксистік жүйе элементарлы сөйлемдер жиынтығынан тұрады
B) Морфеманың дистрибуциясы – морфеманың басқа морфемалармен қоршауының барлық жиынтығы
C) Элементарлы сөйлемдерге аса тұрақтылық қасиет тән емес
D) Сөйлемдегі өзара тікелей байланысты сөздер – тікелей құрастырушылар
E) Сөйлемдердің элементарлы типтері ядро сөйлемдер деп танылады
F) Элементарлы сөйлемдерден түрлі ұзындықтағы әр түрлі жаңа сөйлемдер алуға болады
G) Элементарлы сөйлемдер шығу тегі жағынан көне болып табылмайды
|
19. Сөз тіркесіне тән белгілер:
A) Сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады
B) Грамматикалық жағынан өзара байланысты тіркес
C) Сөз тіркесі коннотатық мағынада болады
D) Сөз тіркесі – грамматикалық категория
E) Сөз тіркесіне интонация белгісі тән
F) Интонация сөз тіркестерінің органикалық элементі болып табылады
G) Сөз тіркесінің предикативтілікті білдіруі шарт
|
20. Стоиктер мектебінің тіл білімі ғылымына әкелген жаңалықтары:
A) Грек тіліндегі септіктерді айқындап, атау берді
B) Род категориясын алғаш қарастырды
C) Сөз бен оның атауы арасындағы байланысты зерттеді
D) Грек тіліндегі дыбыстарды дауысты, дауыссызға бөлді
E) Дыбыс пен мағынаны зерттеді
F) Грамматиканы логикадан бөліп қарады
G) Тілдің шығуына байланысты пікір білдірді
|
21. Тілдер типін ажыратуда типологиялық белгі ретінде алынатын нысандар:
A) Грамматикалық мағына
B) Сөз құрылымы
C) Лексикалық мағына
D) Сөз таптары
E) Сөйлем мүшелері
F) Сөздердің тұлғалық түрленісі
G) Синтаксистік қатынастар
|
22. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі әдістерінің негізгі қағидалары:
A) Салыстыруға негіз тіл дәуіріне тән көне сөздер тартылуы тиіс, мысалы, туыстық, сан, дене мүшелері, өсімдік, жануарлар атаулары
B) Туыстықты анықтаудағы ең сенімді өлшем – жартылай сәйкестілік және жартылай сәйкессіздік – б/ф: брат и frater
C) Барлық тілге ортақ құбылыстарды, сондай-ақ кездесетін айырмашылықтардың себептері мен қағидаларын анықтау
D) Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді
E) Туыс тілдерге тән үдерістер типке топтасуы мүмкін
F) Тіл – биологиялық организм емес, өйткені тілде табиғи организмде болатындай өзгеге тәуелсіз өзіндік өмірі болмайды. Оның өмірі – адамда
G) Тіл бірліктері парадигматикалық және синтагматикалық байланыстарда табылады
|
23. Құрылымдық әдістің сипаттама әдістен айырмашылығы:
A) Сөздік құрамның ерекшелігін сипаттау
B) Тілдік элементтердің өзара байланысын ашу
C) Тілдік тұлғалардың мағыналық жағын ашу
D) Тілдік элементтердің дыбыстық жағын сипаттау
E) Тілдік элементтердің өзара қатынасын сипаттау
F) Тілдік тұлғалардың қызметін сипаттау
G) Тілдік элементтердің дистрибуциясын айқындау
|
24. Қолданбалы лингвистиканың мәнісі:
A) Тіл құрылымы мен қызметі туралы білімнің лингвистикалық емес пәндердегі әрекеті арқылы анықталады
B) Тілдің грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
C) Тілдің экстралингвистикалық пәндермен байланысын зерттеу
D) Тілдік жүйенің түрлі салалардағы қызметін оңтайландыру
E) Тілдің фонетикалық жүйесін сипаттау
F) Тілдерді салғастыру арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау
G) Тілді құрылым және жүйе ретінде зерттеуі негізінде анықталады
|
25. Дескриптивтік мектептің кемшіліктері:
A) Дыбыс жүйесін зерттеумен шектелді
B) Тілдің ойды қалыптастыру қызметіне мән бермеді
C) Тілдің өзгеру, даму сипатына мән бермеді
D) Фонетиканы логиканың нысаны деді
E) Сөйлеудің ойлаумен, ұғыммен байланысын ескермеді
F) Семантиканы тіл білімі құрамына қосты
Жалпы тіл білімі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Қазіргі қазақ тілі жай сөйлем синтаксисі
|
1. Синтаксистің зерттеу нысаны:
A) Сөз мағынасы
B) Сөз тіркесі
C) Тұрақты тіркестер
D) Фонемалар
E) Мәтін
|
2. Қиыса байланысқан сөз тіркесі:
A) Өзің айттың
B) Кіріп шықты
C) Жолай соқты
D) Әдейі сөйледі
E) Оның айтысы
F) Барып қайтты
|
3. Есімді сөз тіркесі:
A) Мемлекет мүлкі
B) Жұмыс істеу
C) Күннен-күнге
D) Алыстан сермеп
E) Құрт-құмырсқа
|
4. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері:
A) Әрі бұрылды
B) Кешегі жұмыс
C) Төмен отырды
D) Әке туралы ән
E) Бері келді
F) Ағаштың жапырағы
|
5. Құрама баяндауышты сөйлем:
A) Әкесінен бұрын өзгелер түсті
B) Олар үйге кіріп келе жатыр еді
C) Олжабек шалқасынан түсе жаздады
D) Оның күлкісі сиқырлы еді
E) Көліктегілердің көбі жастар екен
F) Үнемі сиқырлы күлкісімен жүректі баурайтын
G) Ол – төрт баланың анасы
|
6. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі:
A) Сары ала
B) Анамның заты
C) Үйірмеге мүше
D) Бұдан хабардар
E) Аналық махаббат
F) Мен көрген көйлек
|
7. Тура толықтауышы бар сөйлемдер:
A) Досыммен сөйлестім
B) Ақылбайды Ұлжан өзі бауырына салып алды
C) Сәрсен үшке бітірді
D) Қызым үй-ішін жинастырды
E) Атты орнына байла
F) Іздеген мұратына жетер
|
8. Бірыңғай пысықтауышы бар сөйлемдер:
A) Абайға бүгінгі күндердегі қуаныш пен жұбаныштың ең зоры осы
B) Абай енді ғана әкесі мен Ұлжанға сәлемін берді
C) Асықпай, саспай сөйледі
D) Көзі бір ашылып, бір жұмылады
E) Арыз бере білу, алдай білу - мақтан
F) Орта бойлы, ақ құба жігіт еді
G) Абай сұраған әр сөзге қысқа, келте, күңгірт жауап берді
|
9. Қосарлы айқындауышы бар сөйлемдер:
A) Бізге инженер-инспектор, инженер-механиктер қажет
B) Тәкежан болыс Базаралыны жамандаса да, біз болысты қостамаймыз
C) Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп ұрысып тұр екен
D) Сөз жоқ, тағы шайқасамыз
E) Абай ақынның шығармаларын ертелі-кеш оқитынбыз
|
10. Жақсыз сөйлем:
A) Мұны айтқан – Майқы би
B) Зор денелі біреу дүрбіге үңіліп тұр
C) Ненің дұрыс екеніне көз жеткіздік
D) Бізге баруға тура келді
E) Оның ештеңеге қатысы болмады
|
11. Сөйлемге тән белгі:
A) сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасты білдіреді
B) өзіне тән интонациясы болмайды
C) сөз тіркестерінің бірыңғай ұғымды білдіретіні
D) сөйлем өзара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен құралады
E) кез келген сөздер тіркесі
F) сөйлем аяқталған ойды, модальділікті білдіреді
G) ішкі бірліктері парадигматикалық қатынасқа негізделген
|
12. Тұлғасы болымды, мазмұны болымсыз сөйлемдер:
A) Бұған мән бермеуді жөн санады
B) Бақанастың өз өңірінде бүлдірген өспейді
C) Бала ата-анасының сөзіне құлақ асуды қойды
D) Ұлпан станциясына поезд тоқтамайтын сияқты еді
E) Өзіңнен бұрын мені ойлауың керек еді?
|
13. Бас мүшелері қатысқан сөйлемдер:
A) Еламан өзінен жауап күтіп отырғандарға салмақты қарады
B) Әбіш таласпауды жөн көрді
C) Жарықтық, несін айтасың, осы жерді құшырлана иіскер ме еді?
D) Жаздың бір желсіз түні
E) Ар жағында анталап тұрған қалың аттыларға қарай жүгірмеске болмады
F) Осында бірнеше ақындармен жолығуға болады
G) Тәңірберген оның тегін келмегенін білді
|
14. Бір негізді сөйлем түрлері:
A) белгілі жақты сөйлем
B) атаулы сөйлем
C) жақсыз сөйлем
D) жалаң сөйлем
E) толымды сөйлем
F) толымсыз сөйлем
G) жайылма сөйлем
|
15. Бір негізді сөйлемдер:
A) Бұның соңғы сөзін елемей кетуге болмайды
B) Еламан атын тебініп қап жүріп кетті
C) Қоштасқым келмейді
D) Олар айтты
E) Наурыздың орта кезі еді
|
16. Күмәнді сұраулы сөйлем:
A) Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен?
B) Сол жаққа мен де барсам ба екен?
C) Бармағанда қайтем?
D) Өзіңіз қандай ақыл бересіз?
E) Не іздейсің, көңілім, не іздейсің ?
F) Ой, мынау тамаша емес пе?
G) Сенің ауылың барсам ба екен?
|
17. Жетек сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем:
A) Басқалардың қолы тимейді. Ертең барып қайтасың ба?
B) Өзімде бейхабармын. Барып келесің бе?
C) Бүгін ше?
D) Иә, ертең.
E) Басқалар ше?
|
18. Меңгеруге тән белгі:
A) Бастауыш пен баяндауыштың жақ арқылы үйлес келуі
B) Меңгеріле байланысу есімдерге де етістіктерге де тән
C) Сөз тіркесіндегі басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың қатаң орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысу формасы
D) Сөз тіркесіндегі басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың тәуелдік жалғау мен ілік септігінің жалғауы арқылы байланысу формасы
E) Атрибуттық қатынасқа құрылады
F) Сөз тіркесіндегі басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың атау мен ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысу формасы
|
19. Репликалы лепті сөйлемдер:
A) Бүгін келесің бе? Келгенде қандай!
B) Үй іші естіді ме? Естімегенде ше!
C) Ақылшы болуға қандай жақсысың!
D) Тілеуің құрғыр-ай.
E) Уа, мынау, менің баламның сөзі емес!
F) Шұға десе, Шұға еді-ау!
G) Мектепке бүгін бару керек еді ғой!
|
20. Бөгде сөз қатысты сөйлем:
A) Абайдың айтқаны дүниенің үлкен көл, заманның соққан жел екендігі
B) Абайдың «Қара сөздерінде» осындай нақыл сөздер бар
C) Ол менің мамандығым жайлы сұрады
D) «Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл (Абай)
E) Бұл сөздер бізді алға жетелеуші - шамшырақ
F) Мамандығым журналист екенін айттым
G) – Сіздің мамандығыңыз не? – деп сұрады ол
|
21. Айтылған ойға нануды білдіретін қыстырма сөздер қатары:
A) Бағымызға қарай, өкінішке орай, амал қанша
B) Демек, қысқасы, сайып келгенде
C) Меніңше, біздіңше, оның ойынша
D) Сөйтіп, демек, біздіңше
E) Расында, шынында, мүмкін
F) Әрине, әлбетте, сөз жоқ
|
22. «Шегеру» амалы арқылы трансформацияланған сөйлемдер:
A) Оны тыңдаған бала жоқ
B) Бала оны тыңдаған жоқ
C) Біз оларға кінә таққан жоқпыз
D) Біз оларды көрген емеспіз
E) Мен бұл құпияны ашпаймын
F) Біз оларды көрген де жоқпыз
|
23. Төл сөзге тән белгілер:
A) автор сөзімен араласып тұлғалық өзгеріске ұшырайды
B) сөйлемнің айтылу мақсатына сай барлық түрлері кездеседі
C) тек үшінші жақта айтылады
D) тек хабарлау мақсатында айтылады
E) автор біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз келтіреді
F) автор айтушының сөзін өз сөзімен өзгертіп береді
|
24. Обьектілік қатынастағы функциялас сөз тіркестері:
A) ауылдан шықты
B) ауылға шықты
C) қаладан келді
D) телефонмен хабарласты
E) телефоннан хабарласты
|
25. Қазақ тіліндегі меншіктіліктік қатынас:
A) орын тәртібі арқылы байланысқан сөздер тіркесінен көрінеді
B) ілік септігінің нолдік тұлғасы мен тәуелдеулі сөз тіркесі тұлғасынан жасалады
C) табыс септігі арқылы байланысқан сөз тіркесінен тұрады
D) тәуелдік формалы зат есімнен, заттанған есім тұлғасынан көрінеді
E) атау септігі тұлғасынан көрінеді
F) жанама септіктер арқылы байланысқан сөз тіркесінен көрінеді
Қазіргі қазақ тілі жай сөйлем синтаксисі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |