Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі Ыбырай Алтынсарин. Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек.
Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап, босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол; Адам болам десеңіз, Тілеуің, өмірің алдында, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз…» - деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.
Сұрақтар: – Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Үлкен кісімен амандасып жол беремін. – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? – Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды. – Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім. – Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің? – Асықпай түсіндіріп беремін. – Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн? – Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек. – Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? – Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек. – Әдептілік деген не? – Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.
Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай? Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет. Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.
Қорытындылау.
Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе оқушылардың өз ойларына осы қасиеттерді дарыта білу.