Руханият немесе ұлттық руханият ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні

Дата20.11.2023
өлшемі55,26 Kb.
#192447
Байланысты:
Руханият презент

Руханият немесе ұлттық руханият ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні

Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады. Құндылық адамның өмір сүруінің және адамдық қалпының негізін құрайды.

Руханият – адамзаттың негізгі бастауларының бірі. Адам әдебиет пен өнер туындылары, түрлі уағыздар мен тәлімдер арқылы өмір тағылымдарын танып, руханияттылыққа қол жеткізеді. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеяларын, сол сияқты рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдауға және оны пайымдауға негіз болады.

Ұлттық руханият
Ұлт ділі
Ұлт тілі
Ұлт өнері
Ұлт мәдениеті
Ұлт дәстүрі

Діл – халыққа, ұлтқа немесе белгілі бір топқа тән діниетанымдық және руханияттық ұғымдар жиынтығы. Ол – ұлттың “Мені”, өзіндік кескіні, өзге халықтардан даралайтын сипаты және сол сипатымен кім екені айтылмай-ақ басқа жұртқа танылатын, туабітті қанына сіңген, болмысына дарыған табиғи ерекшелігі; ұлттың табиғи, рухани және тарихи даму жолындағы, өмір ағымындағы жарғылық мәнді әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мінез-құлық, іс-дағды сипаты. Діл адамның өмірлік айқындамалары мен өмір туралы пайымдауларына негіз болады.

Рухани тәрбие – құндылық мәні

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата – ана үлгісі» – деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туғанынан басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен оның айналасындағы адамдар шешуші роль атқарады.

«Адамгершілік» — адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Халықтық педагогикада адамның жағымды мінез – құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез – құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.

Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет