С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі
2014-2015 оқу жылында 10-сыныпта
«Абайтану» курсының оқытылуы туралы есеп
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары. Заман, уақыт талабына сай Абайды жаңа қырынан тану – өмір заңдылығы. 2013 – 2014 оқу жылынан бастап «Абайтану» курсы 9,10,11-сыныптарда таңдау курсы ретінде оқытылып келеді. Әр сыныпқа жылына 34 сағат бөлінген. 9,10,11 сыныптарға арналған «Абайтану» таңдау курсының күнтізбелік жоспарын ҚББ жетекшісі Киршимова Нұршаш Құрмашевна құрастырып, қала мектебіне қарасты барлық қазақ мектептеріне таратқан болатын. Қазақ мектептеріндегі мұғалімдер бүгінде осы жоспар негізінде жұмыс істеуде. С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп – лицейінде «Абайтану» курсын 9 – сыныпта Ережепова Г.Б, 10 – сыныпта Ракишева Р.С, 11 – сыныпта Киршимова Н.Қ өткізеді.
9-сынып оқушысы Абайдай ұлыны терең танып, оның тағлымын бойына сіңіруі керек. Қазіргі күнде білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар енгізілуде. Абайдың данышпандығын терең тану үшін әр курсты қызықты өткізу үшін сабағымда ақпараттық коммуникативті технологияны жиі пайдаланамын. Интернет желісінен «Абай» атты фильмнің 1, 2, 3, 4 бөлімдерін тамашаладық. «Абай» сайтынан ғалымдардың пікірі талқыланды. СТО технологиясының элементтері арқылы оқушыларға Абай өлеңдерінің мазмұны ашылып, философиялық ойлары зерттелінді, қара сөздері талқыланды. Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқу шеберлігі мен дағдыларын үйренді. Оқушылар бұл курсқа қызығушылықпен қатысады, өйткені 9 «А», «Ә» , «Б» сыныбы оқушылары арасында көбінесе талас тудыратын ойлар пайда болды, олар пікірталасқа түсіп отырды.
10 -11 сыныпта ақынның шығармашылығындағы тұлға болмысы, қоғамдық - саяси, қара сөздері, аудармалары талданады. Бұл сабақта қазіргі заманға сай инновациялық технологияларды пайдаланамыз. Сабақ жоба қорғау, семинар сабақ, баспасөз конференция сабағы түрінде өтіледі. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылар Абай өлеңдерінің мағынасын ашып, шығармаларын талдайды. Абайтанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерін интернет желісі арқылы ізденіп, талдау жасалады. Оқушылар білімін тексеру мақсатында эссе, шығарма жазу, тест тапсырмалары беріледі. Оқу жылының соңында мектепте Абай оқулары өткізіледі. 11 – сыныпта Абай мұрасының 30 – 60 жылдардағы зерттелу жайы қарастырылады. Абайтану ғылымын қалыптастырушы Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Айқын Нұрқатов, Мекемтас Мырзахметовтардың еңбектері талданды. Ақынның философиялық тұрғындан жазылған қара сөздері, қоғамдық – саяси, әлеуметтік лирикалары талданады. Сабақ тек қана лекция түрінде емес, зерттеу, жоба қорғау сабағы, диалог сабақ, семинар сабақ, ой талқы сабағы, баспасөз конференция сабағы, саяхат сабағы түрінде өтіледі. Сабақта сондай-ақ сын тұрғысынан ойлау технологиясын, жобалау технологиясын қолданамын. «Абайтану» курсына арналған сабақта проблемалық ізденіс, диалогиялық әңгіме, баяндау, пікірлесу, сұхбат, дәлелдеу, мәнерлеп оқу, жатқа оқу әдістері қолданылады. 11 – сыныпта Абайдың әншілік дәстүрін таныту үшін, концерт сабақтар өткізіледі. Оқушылар білімі эссе, тест, шығарма жазумен қорытындыланады. «Абайтану» курсы аясы сыныптан тыс шаралармен ұштасуда. Ұлы Абайдың 160 жылдық мерейтойына орай тілдер мерекесі кезінде «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты әдеби кеш өткізіледі. Қалалық, облыстық Абай оқуларында оқушылар жүлделі орындарға ие болуда. 9 – сынып оқушысы Нұғыманов Алмас «Өлең - сөздің патшасы» номинациясы бойынша облыста ІІ орынға ие болды. «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» айдарымен мектепте жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Талапты оқушылар танылуда. Олар: Амангелді Балауса, Сұлтанғазы Шырай, Валиева Назым, Өнер Әділқазы, Татылбаева Алтыншаш.
Сонымен, «Абайтану» курсын өткізу арқылы күтілетін нәтиже не? Олар:
Абайдың ақындық әлемін, тұлғалық болмысын толық танып, не себепті қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі дара құбылыс екенін таниды.
Абайдың өлең, қара сөз, поэма жазудағы суреткермен шеберлігін біледі.
Абайтану бойынша курс жұмыстарын, жобалар жаза біледі.
Олимпиада үшін білім қорын жинайды.
Ойлау белсенділігі артып, пікірін еркін айтып, оны қорғау қабілеті дамиды. Сонымен, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Абай – біздің ұранымыз және қазақ халқының төлқұжаты» дегендей, Абайды тану – тек мектеп оқушысы ғана емес, барша халықтың азаматтық борышы деп есептеймін.
№ 9 орта мектебінің 11-сыныбына «Абайтану» курсы аптасына бір сағаттан өтіледі. Ақын шығармаларын өткен соң оқушылар талдап, қосымша материалдар жинап ізденеді. Сабақ барысында өз пікірлерін ортаға салады, эссе, баяндамалар жасайды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Киршимова Н.Қ.
Достарыңызбен бөлісу: |