Сабақтың тақырыбы: Күрделі эфирлер. Майлар
Сабақтың мақсаты: күрделі
эфирлердің, майлардың құрылысы, қасиеттері және алынуын қарастырып, карбон қышқылдары мен спирттер химиясын қорытындылау. Күрделі эфирлердің табиғаттағы маңызын көрсетіп, оқушыларға олардың тұрмыста қолданылуын таныстыру. Майлар, сабын, синтетикалық жуғыш заттар жөніндегі мағлүматтарын тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.
ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)
Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.
Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру (2 минут)
2. Үй тапсырмасы (10 минут)
3. Жаңа сабақ (20 минут)
4. Пысықтау (5 минут)
5.Үйге тапсырма (2 минут)
6. Бағалау (3 минут)
7. Қорытындылау (3 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
4. Журнал бойынша түгелдеу.
5. Оқу құралдарын түгелдеу.
6. Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
8. Жаңа сабаққа дайындық.
9. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
10. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
1. Карбон кышқылдары деп кандай заттарды айтамыз? Олар калай жіктеледі?
2. Бір негізді карбон кышкылдарында изомерленудің қандай түрлері болуы мүмкін?
3. Карбон кышқылдарының гомолог катарында кышқылдық касиет қалай өзгереді?
4. Карбонил тобының реакцияга түсу белсенділігінің альдегидтерге карағанда төмен болу себебі не?
5. Карбоксил тобы деп қандай функционалдық топты атайды?
6. Бір негізді каныккан карбон қышқылдары деп кандай қосылыстарды айтады?
7. Бір негізді қаныққан карбон қышқылдарының жалпы формуласын жазыңдар.
8. Сірке қышқылы мен метил спиртінің судағы ерітіндісінен жеке заттарды қалай бөліп алуға болады?
ІІ-тапсырма. Өзіндік жұмысы
І-деңгей
1. Каныққан бір негізді карбон қышқылдары гомологтык китарының өкілдерін көрсетіңдер:
а) НООС—СООН — қымыздык қышқылы;
ә) С6Н5СООН — бензой қышқылы;
б) С3Н7СООН — май қышқылы;
в) СН3—СНОН—СООН — сүт қышқылы;
г) С15Н31—СООН — пальмитин қышқылы;
ғ) СН2=СН—СООН — акрил қышқылы;
д) НСООН — кұмырсқа қышқылы.
2. Салыстырмалы молекулалық массалары: а) 74, ә) 60 болатын карбон қышқылдарының формулаларын кұрастырыңдар.
Шешуі:
СnН₂n+1СООН = 74
12n + 2n + 1+45 = 74
14n = 74 – 46 = 28
Мr(С2Н5СООН) = 24 + 5 +12 + 32 +1 = 74
Шешуі:
СnН₂n+1СООН = 60
12n + 2n + 1+45 = 60
14n = 60 – 46 = 14
Мr(СН3СООН) = 12 + 3 +12 + 32 +1 = 60
ІІ-деңгей
1. Мына қосылыстардың:
1) метан қышқылы; 2) пропан қышқылы; 3) 2-метилпропан қышқылы;
4) хлорсірке қышқылы; 5) 2,2-диметилпентан қышқылы
құрылым формулаларын жазындар.
2. Құрамы С5НІ0О2 болатын карбон қышқылына изомерленудің қандай түрлері тән? Осы қосылыстың барлық изомерлерінің құрылым формулаларын жазып, оларды атаңдар.
ІІІ-деңгей
1. Құрылым формулаларындағы электрондық әсерлерді ескеріп, келтірілген қосылыс жұптарының қышқылдық қасиеттерін салыстырыңдар:
а) фенол мен сірке қышқылының; ә) құмырсқа және сірке қышқылдарының;
б) хлорсірке және фторсірке қышқылдарының;
в) 2-хлормай және 3-хлормай қышқылдарының.
2. Сірке қышқылы мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі:
а) натрий; ә) натрий гидроксиді; б) натрий карбонаты; в) сутек? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Бір негізді карбон қышқылдарын құмырсқа және сірке қышқылдары мысалдарында сипаттап берілген кестені толтырыңдар.
Сипаттамасы
|
Құмырсқа кышқылы
|
Сірке қышқылы
|
функционалдык тобы
|
|
|
Физикалық қасиеттері
|
|
|
Химиялык қасиеттері:
|
|
|
а) бейорганикалық қышқылдарға ұқсас қасиеттері
|
|
|
ә) ерекше қасиеттері
|
|
|
Лабораторияда синтездеу жолдары
|
|
|
Өнеркәсіпте синтездеу жолдары
|
|
|
Қолданылуы
|
|
|
Тірі организмге әсері
|
|
|
ІV-деңгей
1. А затын сынап (II) иондары қатысында гидраттағанда Б қосылысы түзіледі. Б затын мыс (II) гидроксидімен тотықтырғанда В затына айналады. В заты натрий гидроксидімен әрекеттесіп Г затын түзеді, Г қосылысының натрий гидроксидімен қоспасын балқытқанда Д, тұзымен жанатын Е газы түзіледі. Д тұзына тұз қышқылымен әсері еткенде ізбес суын лайлайтын Ж газы түзіледі. Сипатталған А — Ж қосылыстарын анықтаңдар.
2. Гербицидтер—арамшөптерді жоюға қолданылатын заттар. Біржылдық және көпжылдық дәнді дақылдардың арамшөптерін жою үшін натрийдің трихлорацетаты пайдаланылады. Ал бақтар мен жүзім алқаптарындағы арамшөптермен күресте 2,2-дихлорпропион қыш-қылының натрий тұзы қолданылады. Осы екі қосылыстың формулаларын қүрастырыңдар.
ІІІ-тапсырма. Тест жұмысы. (5-сұрақтан)
І-нұсқа
1. Карбон қышқылдарының функционалдық тобы:
А) гидроксил; В) карбонил;
С) карбоксил; Д) амин тобы.
2. Қалақай мен шырша жапырақтарында болатын тиген жерін дуылдатып күйдіретін зат:
А) май қынпсылы; В) лимон қышқылы; С) сірке қышқылы;
Д) кұмырсқа кышқылы.
3. Зат алмасу процесінің нәтижесінде бір тәулікте адам организмінде 400 г-ға дейін түзілетін қышқыл:
А) күмырсқа қышкылы;
В) сірке кышқылы; С)
пропион қышқылы; Д) бутан кышқылы.
4. Халықаралық атау жүйесі бойынша сірке қышқылының аталуы:
А) метан қышкылы; В) этан қышкылы; С) пропан қышкылы; Д) бутан қынщылы.
5. Карбоксил тобындағы көміртек атомының гибридтену түрі:
А) sр3; В) sр
2;
С) sр;
Д) sрd.
ІІ-нұсқа
1. Молекуласында 4 көміртек атомы болатын карбон қышқылының салыстырмалы молекулалық массасы:
А)60; В)74; С) 88; Д) 102.
2. Май, қымыздық, құмырсқа, маргарин, олеин қышқылдарының ішіндегі қаныққан бір негізді карбон қышқылдары гомологтарының саны:
А) екі; В) үш; С) төрт; Д) бес.
3. Пропион қышқылының гомологы:
А) сүт қышқылы; В) сірке қышқылы; С) қымыздық қышқылы; Д) лимон қышқылы.
4. Қаныққан бір негізді карбон қышқылына тән изомерия:
А) көміртек қаңқасының изомериясы;
В) еселік байланыстардың орны бойынша изомерия;
С) функционалдық топтың орны бойынша изомерия;
Д) кеңістік изомерия.
5. Бутан қышқылының изомер саны (класаралық изомерлермен бірге):
А) 2; В) 3; С) 4; Д) 5.
ІV-тапсырма. Есеп шығару.
1. 0,25 моль сірке қышқылы 20 г кальциймен әрекеттескендн түзілетін тұздың массасы (г)
Шешуі: 2СН
3СООН + Са→ (СН
3СОО)
2Са + Н
2
М((СН3СОО)2Са) = 158 г/моль
ν(СН3СООН) = 2 моль
М(Са) = 40 г/моль
х г (СН3СОО)2Са ------ 0,25 моль СН3СООН
158 г (СН
3СОО)
2Са ---- 2 моль СН
3СООН
2. Мына реакция кезінде: 2СН3СООН (0,5моль)+Мg → Мg(СН3СОО)2 + Н2 қалыпты жағдайда бөлінетін сутегінің көлемі (л):
Шешуі: 2СН
3СООН + Мg →Мg(СН
3СОО)
2 + Н
2
ν (СН3СООН) = 2 моль
VМ(Н2) = 22,4 л/моль
0,5 моль СН3СООН --- х л Н2
2 моль СН
3СООН ---- 22,4 л Н
2
3. 2,3 этанол сірке қышқылымен этерификация реакциясына түскенде реакция өнімінің шығымы 80%-ке тең болса, этилацетаттың массасы (г)
Шешуі: СН
3СООН +С
2Н
5ОН → СН
3СООС
2Н
5 + Н
2О
М(С2Н5ОН) = 46 г/моль
М(СН3СООС2Н5) = 88 г/моль
х г СН3СООС2Н5 ---- 2,3 г С2Н5ОН
88 г СН3СООС2Н5 ---- 46 г С2Н5ОН
80 % ----- х г
100 %----- 44 г