Сабақ § 52 Пәннің атауы: Қазақстан тарихы



Дата09.04.2020
өлшемі16,1 Kb.
#62084
түріСабақ
Байланысты:
1-сабақ. Қаз.тарих 11 сынып ЖМБ
1-сабақ. Қаз.тарих 11 сынып ЖМБ
Сабақ жоспары

4- тоқсан

1-ші сабақ

§ 52

Пәннің атауы:

Қазақстан тарихы



11 сынып.

Жаратылыстану-математикалық бағыт



Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның тәуелсізідігін жариялауы. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның тәуелсізідігін жариялауының маңыздылығын, Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің құрылуын нақты деректермен түсіндіру. Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. 18 баптан тұратын осы Заңда мемлекеттің де халқымыздың тілегі мен мақсат мүддесіне сай келетін елдің егемендігі мен тәуелсіздігі; шекарасының бүтіндігі; басқа елдермен қарым-қатынасты халықаралық қатынастар нормасына сәйкес жүргізетіндігі толық қамтылған. Сонымен бірге ел азаматтарының ұлтына, дініне, тегіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан бірдей құқық иеленетіндігі; өкілетті атқарушы және заң шығарушы басқа да мемлекеттік органдары; тәуелсіз экономиканың негіздерімен мемлекеттің тәуелсіздігін қорғау түгелімен ескерілген. Бұл күн біздің еліміздің тарихына Тәуелсіздік күні болып енді.

ҚР-ның мемлекеттік нышандары. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа Мемлекеттік туы мен Елтаңбасын бекітті. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков, Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

Сол жылғы желтоқсанда республика Гимнінің жаңа мәтіні қабылданды. 2006 жылы 7 қаңтарда «ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Конституциялық Заңына Елбасы қол қойды. Сол бойынша ҚР Мемлекеттік гимннің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді. (Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов, сөзін жазған: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев).

ҚР-да мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін - өзі басқару орындарында қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады.

Қазақстан Республикасы- президенттік республика; құрылымы жағынан унитарлы мемлекет.Мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі халық. Халық өз билігін республикалық референдум мен еркін сайлау және мемлекеттік органдарға делегаттар жіберу арқылы жүзеге асырады. Конституция берген өкілдік шеңберінде мемлекет атынан халық пен Президент сөйлей алады.

Республика Президенті –халықтар бірлігінің, мемлекеттік өкіметтің символы мен кепілі. 1995 жылғы Конституция бойынша ол жалпыға бірдей, тең және төте сайлау арқылы сайланады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Президенті болып Қазақстанда кемінде 15 жыл тұрған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1991,1995,1999,2005 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасының президент сайлауы өтті.



Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=84OXpjHv2tw

https://www.youtube.com/watch?v=ygh46plD2Q4, https://e-history.kz/kz/contents/view/2419




Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:
Кестені толтырыңдар:


№1 тапсырма. «Жылдар сөйлейді»:



Жылдар


Оқиғалар тарихы

1

1990 жылы 25 қазан




2

1990 жылы 2 қазан




3

1991 жылы 1 желтоқсан




4

1991 жылы 16 желтоқсан




5

1992 жылы 4 маусым




6

1993 жылы 28 қаңтар




7

1993 жылы15 қараша




8

1995 жылы 30 тамыз




9

1995 қыркүйек




10

2006 жылы 7 қаңтар





№2 тапсырма. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі


Тарихи маңызы

Халықаралық маңызы









Терминдік сөздермен жұмыс:


№3 тапсырма. Анықтама бер

Республика_________________________________________________

Президент__________________________________________________

Инагурация_________________________________________________




Сабақты қорытындылау:

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заң анықтаған мәртебесі қандай?

2.ҚР Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

3.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның саяси өміріндегі өзгерістерді атаңдар.

4. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық саясатының негізгі бағыттары.



Үйге тапсырма:

Қазақстан тарихы 11 сынып. Оқулық. XI тарау. Тәуелсіз Қазақстан:саяси -экономикалық жағдайы, 269-273 беттер. «Тәуелсіздік-ел тірегі» эссе жазу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет