Сабақ № Күні: 07.04.2014 Пәні: қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Буын түрлері. Ашық буын, бітеу буын, тұйық буын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Буын түрлері туралы білімдерін кеңейту. Буынға тән негізгі белгілерді ажырата алу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Буын түрлерін ажырату дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Ана тілін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөз,дәлелдеу, талдау, салыстыру.
Көрнекілік: үлестірме карточка, оқулық, тақта, интерактивтік тақта
І. Ұйымдастыру кезеңі:
* Оқушылармен сәлемдесу.
* Оқу құралдарын түгендеу.
* Сабаққа зейінін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
Орфоэпия дегеніміз не? (сөздердің дұрыс жазылуын
Орфография дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Фонетика саласының бір түрі - буын. Сөз бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлінеді. Мысалы:"А - на - ең ә - де - мі ә - уез - ді сөз"деген қанатты сөйлемде алты сөз бар. Бұл сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Әрбір фонетикалық бөлшек буын не бірнеше дыбыстан құралады.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.
Тақтада презентация арқылы Буын түрлерін ажыратып, жаңа сабақты өздігімен меңгеруге жағдай туғызамын.
Мына мысалдардың қайсысы ашық, бітеу, тұйық буын екендігін, не себепті олай екенін дәлелдетіп, ереже шығару.
Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Ашық буын деп - жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Мысалы: А - та, и - не, а - ға, е - ре, о - ра, а - па т. б. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, кө - ше - де, ме - ре - ке т. б.
Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш т. б.
Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б.
ІҮ. Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар орындау
Оқулықта 302- жаттығу
Өлеңді оқып, неше жетім туалы айтылғанын айтып, өз ойларыңмен түсіндіріп беріңдер.
Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап, оларды буын түріне бөліп жазу.
Ел қонбаса, жер жетім,
Құс қонбаса, көл жетім.
Кемпірі жоқ шал жетім,
Иесі жоқ мал жетім.
Соқыр болса, көз жетім,
Тыңдамаған сөз жетім.
Доссыз қалса, ер жетім,
Жау қолында ел жетім.
Жапырақсыз бұтақ жетім,
Оқылмаса, кітап жетім.
Тыңдаушысыз дана жетім,
Ата-анасыз бала жетім.
Қағазсыз қалам жетім,
Ақылсыз адам жетім.
(жеке балалардын тапсырмасы )
Айбек ( жуан дауысты сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты сөздерді бір бөлек жаз)
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қызмет етеді.
Сұңқар Қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі зұлымдық.
(Абай)
Расул Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:
Ға, тық, ба, кар, ұ, тан, дос, лет, шақ, сұл, та, рыш.
(Ғарыш, достық, балет, ұшақ, сұлтан, пышқы, карта)
Ү."Асыл сөз маржандары" Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу. (сол сөздердің буын түрін ажырату)
1. Ат ізін салмау ха - бар - лас - пау
2. Бармағын тістеді ө - кін - ді
3. Жұлдызы оңынан туу жо - лы бо - лу
4. Өрісі кең бі - лім - ді
5. Үріп ауызға салғандай сүп - сүй - кім - ді
6. Тонның ішкі бауындай ө - те жа - қын, өз а - да - мын - дай
ҮІ.Жұмбақтың шешімін тап
Мысықта бар,
Күшікте жоқ,
Қасықта бар,
Есікте жоқ.
(ы дыбысы)
Ы дыбысы –тілдің қатысына қарай жуан, жақтың қатысына қарай қысаң, еріннің қатысына қарай езулік.
2. Борда бар,
Допта жоқ,
Балда бар,
Далада жоқ.
(б дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс.)
3. Жазуда бар,
Сызуда жоқ,
Жылуда бар,
Қызуда жоқ. (ж дыбысы – дауыссыз ұяң дыбыс).
4. Ләззатта бар,
Жанатта жоқ,
Азатта бар,
Қанатта жоқ. (з дыбысы –дауыссыз ұяң дыбыс).
5. Нанда бар,
Етте жоқ.
Айранда бар,
Сүтте жоқ (н дыбысы – дауыссыз, үнді дыбыс).
Фонетикалық талдау
Талапты, тәртіпті, бақытты.
ҮІІ.Графикалық диктант. қатесіз толтыруымыз керек. .
Сөздер 2 буынды 3 буынды 4 буынды 5 буынды
Атамекен +
Қайрат +
Жазғытұрым +
Жолбарыс +
адамгершілік +
әсем +
Шыншылдық +
ҮІІІ. .Кім тапқыр? Сөздерді кестеге толыру
1.ата.
2.ат.
3.бала.
4.тал.
5.қант.
6.өрт.
7.ұл.
8.қала.
9. теп
Ашық буын.
|
Тұйық буын.
|
Бітеу буын.
|
ата,бала, қала
|
өрт,ұл,ат
|
тал, қант, теп.
|
ІХ.Қорытындылау:
Тестік тапсырмалар (оқушылар жауап кілті арқылы өздерін бағалайды.)
1.Ашық буынды сөзді тап.
а) аз. ә) қаз. б) боса.
2. бірыңғай бітеу буынды сөзді тап.
а)оқушы. ә) дауысты. б) мектеп.
3. Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.
а) тамаша. ә) еркіндік б) басылым.
4.Тұйық буынды сөзді тап.
а) анар. ә)ант. б) қант.
Буынның неше түрі бар.
а) екі ә) төрт. б) үш
6. Буын түрін көрсет.
А) қысаң. ә)бітеу б)езулік.
буын
Х. Бағалау: сабаққа қатысқан оқушыларды берген жауаптарынақарай «5», «4», «3» деген бағаменбағалаймын. Сабаққа қатыспағаноқушыларғаескерту айтамын.
ХІ.Үй тапсырмасы:
Ереже жаттау.
304-жаттығу
- Мәтіндегі ұлағатты сөздерді түсініп оқу,
- әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажырату
- Көкжиекке, құдіретін денег сөздерге толық фонетикалық талдау
Достарыңызбен бөлісу: |