Бағалау критерийі:
Бір таңбалы сандарды оқиды, жазады, салыстырады.
|
Дескрипторлар:
• Бір таңбалы сандарды таниды, оқиды;
• Есеп құрастыруға қолданады.
|
Сабақтың басталуы
Сабақтың ортасы
Білу және түсіну
Қолдану
|
Психологиялық даярлық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
І.Ұйымдастыру кезеңі
(МК)Оқушыларды сапқа тұрғызып 1-4 санау арқылы топқа бөледі(Қызыл, жасыл, көк, сары) Алтын ереже құру қажеттілігі туралы айтады. Әр топқа бағалау парағын таратып береді.
Қызығушылықты ояту.
«Саусақ санамақ» ойыны
Ой қозғау
«Жоғалған санды тап» ойыны арқылы натурал сандарды еске түсіреді.
Жұмбақ есеп.
Бестен төртті алайық,
Қанша қалды, қарайық ?
Қарайық та, санайық,
Санайық та табайық !
(бір )
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Ата- әжеме жол бастап,
Оң қолында жүрмін.
1. Анықтама. 1 натурал сан. Себебі, заттарды санауға
қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады.
Жазылуы. 1 цифры екі элементтен
( біреуі қысқа, екіншісі ұзынырақ ) таяқшадан
тұрады. Кіші таяқшаны торкөздің ортасынан
жоғары созып, оң жақ жоғарғы бұрышқа апарады. Одан соң ұзынырақ таяқшаны оң жоғары бұрыштан торкөздің
төменгі жағының ортасына әкеледі.
Оқылуы. 1 санын бір деп оқимыз. 1 санында 1 бірлік бар.
1 саны сан патшасы болып есептеледі. Қалғандары осы 1 санынан кейін келеді. 1 деген жалғыз, біреу, бірінші, тұңғыш, алғашқы деген ұғымды білдіреді.. 1 цифры араб цифры делінеді, себебі, араб цифрындағы он цифрдың біреуі. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады.
Әрбір келесі натурал сан алдыңғы саннан 1-ге артық болады.
1-тапсырма. Салыстыру.
Бос орынға тиісті санды жазыңыз.
|