Сабақ №18 Пәні: Биология Сыныбы: 7 «Ә» Күні: 26. 10. 2015жыл Пән мұғалімі: Жансариева Жансая Серікханқызы



бет1/2
Дата21.07.2017
өлшемі273,44 Kb.
#21891
түріСабақ
  1   2
Сабақ №18

Пәні: Биология

Сыныбы: 7 «Ә»

Күні: 26.10.2015жыл

Пән мұғалімі: Жансариева Жансая Серікханқызы

Сабақтың тақырыбы: Буылтық құрттардың көптүрлілігі.Шұбалшаң.Тіршілік ортасы.

Сыртқы және ішкі құрылысы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Буылтық құрттардың құрылысын біліп, олардың жалпақ құрттардан, жұмыр құрттардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйренеді және құрылысының күрделенгенін байқайды, түсінеді. Типке тән белгілерді талдауды үйренеді

Дамытушылық – Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік – Оқушыларды сүліктің халықтық медицинада емдік мақсатта пайдасы жайында айта отырып, табиғаттағы жәндіктерді қорғауға баулу. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, демонстрациялау, кеспе сөздер, тірек-сызбалар, практикалық жұмыс, ойын,биологиялық диктант, бейнекөрініс көсету, зертханалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тест тапсырмалары,биологиялық диктант,тірек-сызба, үлестірмелер,слайдтар,шұбалшаңның ішкі және сыртқы құрылысының кестесі , зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң әзірлеу; 2) осынша мөлшерде стақан немесе шыны ыдыстар; 3)қолға ұстап қарайтын ұлғайтқыш әйнек; 4)шыны таяшалар; 5)пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

Биология сабағында сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: түрлі түсті қағазда жазылған жазуларға байланысты жасыл түс – жалпақ құрттар, сары түс – жұмыр құрттар, қызыл түс – гельминтологтар болып бөлінеді.

1 топ: Жалпақ құрттар

2 топ: Жұмыр құрттар

3 топ: Гельминтологтар



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар білімін пысықтау,бағалау.

1 тапсырма:



1топ:Жалпақ құрттар тобына

1)1-ші тапсырма жалпақ құрт тақырыбында қиылған сөздер беріледі, сол сөздерден плакатқа тиісті орындарына жапсырып , тірек-сызба құрастыру керек және оны түсіндіру керек.




Жалпақ құрттар



Кірпікшелі құрттар

Сорғыш құрттар

Таспа құрттар




Қарапайым

көзшелер


Піллә

Екі сорғышы бар

Финна

Қармақшалы

дернәсіл




Аузында

Бауырында


2 топ: Жұмыр құрттар тобына

1)1-ші тапсырма жұмыр құрт тақырыбында қиылған сөздер мен сөйлемдер беріледі, сол сөздерден плакатқа тиісті орындарына жапсырып , тірек-сызба құрастыру керек және оны түсіндіру керек.




3 топ: Гельминтологтарға тапсырма:

1)1-ші тапсырма .Үйге тапсырма берілген ,гельминтология мен паразитология ғылымы жайлы ізденіп келу.


III. Үй тапсырмасын қорытындылау кезеңі.

2 тапсырма

I топқа 2-ші тапсырма семантикалық карта


Құрттардың құрылыс ерекшеліктері

Ақ сұлама

Сиыр цепені

Пішіні жалпақ

+

+

Екі жақты симметриялы

+

+

Таспа тәрізді

+

-

Тыныс алу мүшесі

-

-

Дене ұзындығы 4 – 10 м

-

+

Дене ұзындығы 1- 2 см

+

-

Қан тарату жүйесі

-

-

II топқа 2-ші тапсырма кестемен жұмыс.

Жұмырқұрттарға тән негізгі ерекшеліктерді кестеге «иә» немесе «жоқ» деп белгіле:


иә

жоқ

Негізгі ерекшеліктері

иә




Жұмырқұрттар паразитті тіршілік етеді




Жоқ

Жұмырқұрттардың денесі буылтықтарға бөлінген

иә




Ішексорғы ішекте тіршілік етеді

иә




Ішексорғы да көз болмайды




жоқ

Жұмырқұрттар қос жынысты

иә




Үшкірқұрттың тұрқы 1,5 см шамасында




жоқ

Үшкірқұрт қарында тіршілік етеді

иә




Қылқұрттың адамға ешқандай зияны жоқ

иә




Адам үшін қауіпті -суыртқы




жоқ

Ішексорғының аналығы қысқа

III топқа 2-ші тапсырма биологиялық диктант .


Биологиялық диктант

1.Жұмыр құрттардың денесі ____________ симметриялы.

2. ______________         денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер.

3. ________ суды ішкенде адамдар ауруды көбірек  жұқтырады.

4.Жұмыр құрттардың денесінде алғаш қуыс пайда болғандықтан  ___________ деп те атайды.

5.Сиыр цепенінің көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі _____________________ деп аталады.

6.Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары-  ______________________ , ал дернәсілдік ұрпақтары _____________________ мекендейді.

7. Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне  ________орнығады.

8. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы _______         деп аталады.

9. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған  жіңішке құрт _________ деп аталады

10. Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың басым бөлігі ____________ құрттар.
Жауаптары:

1. екіжақты 6.алғашқы иеде,аралық иеде

2.жұмыр құрттар 7. үшкірқұрт

3.ластанған 8.түлеу

4. алғашқы қуыстылар 9.қылқұрт

5.финна 10.паразит




ІV. Жаңа сабақ
1. Кестемен жұмыс.



2) №1 тірек-сызба


Буылтық құрттар



Көпқылтанды құрттар

Азқылтанды құрттар құқұрттарқұртқұрттар

Сүліктер



Топырақта тұщы суда мекендейді. Өкілі - шұбалшаң. Гермофродит.

Теңізде мекендейтін нереида, құмқазар дара жынысты. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл трохофора деп аталады. .

Гермофродит. Тура дамиды. Паразиттік те жыртқыштық жолмен де тіршілік етеді. Алдыңғы сорғышында тіс тәрізді 3 өсінді бар. Сүліктің жұтқыншағына арнаулы бездерден гирудин деген ерекше қанды сұйылтатын зат бөлініп шығады.



2 тірек-сызба


Буылтық құрт денесі




Бас

Тұлға

Аналь тесігі

3 тірек -сызба

Құрт жабынының астында




Сақиналы бұлшықет

Бірыңғай салалы бұлшықет



Ұзарады

Қысқарады

4 тірек-сызба




Көбеюі




Жынысты

Жыныссыз


2. Бейнекөрініс көрсету. Шұбалшаңның қимыл –қозғалысы.
3. Шұбалшаң денесінің көлденең қимасын дайын препараттан микроскоп арқылы қарау.
4. Зертханалық жұмыс оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, теориялық білімін практикамен ұштасу мақсатында жүргізіледі. 
15. Шұбалшаңның сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркенуге қайтаратын жауабын бақылау.

Құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң әзірлеу; 2) осынша мөлшерде стақан немесе шыны ыдыстар; 3)қолға ұстап қарайтын ұлғайтқыш әйнек; 4)шыны таяшалар; 5)пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы. Құрттарды шыны ыдысқа салып, оқушылардың үстелдеріне тарату.
1. Ылғалды және құнарлы топырақты үлескіден шұбалшаңның ірі дараларын тауып алу. 

2. Шыны ыдыстағы шұбалшаңды қолмен сипап, анықтап қараңдар. Шұбалшаңның ұзындығын сызғышпен өлшеңдер. Денесінде неше буылтық бар екенін санаңдар. Шұбалшаңның денесі саусақпен сипағанда қалай әсер ететінін байқаңдар. Терісінің саусаққа қалай сезілгенін айтыңдар. 

3. Шұбалшаңның аузы қалай орналасқанын, денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап, ажыратыңдар.

4. Шұбалшаңның арқасы мен құрсақ жағында қандай айырмашылық болатынын байқаңдар. Құрт денесіндегі қылтандарының қалай орналасқанын ұлғайтқыш әйнекпен анықтап қараңдар. Шұбалшаңның әр түрлі тақтайшаға (әйнек, ағаш, топырақ себілген) жіберіп, қалай қозғалатынын бақылаңдар. 

5. Шұбалшаңның денесін шыны таяқшамен түртіңдер. Байқағандарыңды дәптерге жазыңдар. Пияз пиязшығын алдына тастағанда шұбалшаң қандай айла жасайтынын бақылаңдар. Шұбалшаңға қалта электр шамымен жарық түсіріп көріңдер. Оның шұбалшаңға қалай әсер еткенін дәптерге жазыңдар.
V . Жаңа сабақты бекіту.

1. Иннворд

Төмендегі берілген әріптердің орындарын алмастыру арқылы биологиялық терминдік сөздер құрастыру керек.Бұл кестеден 9 сөз шығады .




Р

Е

О

Ф

О

Р

А

Т

Ы

Қ

Е

И

Х

С

І

Т

Я

Л

С

Ү

Н

Д

О

Ц

Е

Л

И

Ы

У

Л

П

А

Р

А

П

О

Д

У

Я

І

Ш

Ү

Т

К

Е

М

И

Б

А

К

Жауаптары: 1. Нереида  2. Параподия   3. Трохофора   4. Целом  5.  Сүлік   6. Буылтық    

7.  Баяу   8. Имек     9. Үш



2. «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны. 

Мақсаты: оқушылардың құрттар типтерінің өкілдерін бір-бірінен ажырата білулерін анықтау. 

Ойынның шарты: Тақтаға үш шеңбер ілінеді. Бірінші шеңбердің ішіне «жалпақ құрттар типі», екінші шеңбердің ішіне «жұмыр құрттар типі», үшінші шеңбердің ішіне «буылтық құрттар типі» деп жазылған.

Ойынның барысы: «Жалпақ құрттар», «Жұмыр құрттар», «Гельминтологтар» топтарынан ортаға шыққан үш оқушы мұғалім белгі берген сәтте өз типтері жазылған шеңберге тез өзіне тиісті өкілдерін алып барып жапсыру қажет .
VI. Сабақты қорытындылау.

Қорытынды сұрақтар:

1.Тип неліктен буылтық құрттар болып аталған?

2.Буылтық құрттар қалай көбейеді?

3.Буылтық құрттарда тұңғыш қандай жүйе пайда болған?

4.Целом дегеніміз не?

5.Буылтық құрттардың сыртқы құрылысындағы ерекшелік?

6.Қандай бұлшықеттің көмегімен құрт денесі ұзарады?

7.Бірыңғай салалы бұлшықет жиырылғанда құрт денесі ұзарады ма, әлде қысқарады ма?


VII.Бағалау.

VIII.Үйге тапсырма:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет