Сабақ: 2 Мұғалімнің аты-жөні: Кабдуали Шарипа Мектеп



Дата09.09.2023
өлшемі120 Kb.
#180566
түріСабақ
Байланысты:
kltegn-zhyry


Сабақ жоспары



Сабақ: 2

Мұғалімнің аты-жөні: Кабдуали Шарипа

Мектеп

«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шолақсор орта мектебі» КММ

Күні

12.10.2017 ж

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

2-бөлім. Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры

Бөлімше тақырыбы

4- бөлімше. Ғажайып туынды – «Күлтегін»

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И 7.7.3.3 Көркем шығарма тілін әдеби теориялық тұрғыдан талдау
Б/С 7.7.1.1 Кейіпкердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты терминдер: Түрік, қаған, шад, бектер, Шаңтүң, табғаштар, ру, халық, қоныстану, Өтүкен, Інжу, темір қақпа, тәңірі, босқын т.б

Бағалау критерийлері

Көркем шығарма тілін әдеби-теориялық тұрғыдан талдайды.
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады.
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

Құндылықтар

«Уықтай боп қалансақ, керегеміз кең, босағамыз берік, шаңырағымыз биік Мәңгілік ел боламыз!»

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Осыған дейін меңгерілген білім

Тасқа қашап жазылған ескерткіштер туралы, олардың зерттелуі, ғалымдар еңбектері.




Кезеңдер

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Сәлемдесу.
Қызығушылықтарын ояту
Болмасын деп байлығы басқаға азық,
Кеткен бабам тарихын тасқа жазып.
(Б.Бәйітұлы)

Шаттық шеңбері


Топқа бөлу
Тыңдалым алдындағы тапсырма
Оқушылар «Ескерткіш» және «Таңба» болып екі топқа бөлінеді.
(Ескерткіш және таңба туралы ойларын айтқызу) Аудио жазба тыңдату:
Қажеттілікті қажет ететін оқушыларға беріледі.
Графикалық органайзер беру

Қайда табылды?

Не суреттеледі?

Идеясы, дәріптелуі

Кейіпкерлер





Сабақтың ортасы
10 мин

5 мин


Тапсырма
Мәтіннен үзінді беріледі
Шығарма тілін әдеби-теориялық тұрғыдан талда
«Күлтегін» жыры
Тәңірідей, тәңіріден жаралған
Түрік, білге қаған
Бұл шақта отырдым. (теңеу, аллитерация)


...Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін жауладым,
Тибетке сәл жетпедім, Батыста – Інжу өзенін кеше
Темір қақпаға дейін жауладым.
Терістікте – Байырқы жеріне дейін жауладым. (аллитерация, әсірелеу).


...Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып
Түркі халқы қырылдың,
Түркі халқы жойылдың,
Түстікте Шұғай қойнауы түгіл,
Түн жазығына қоныстансақ деуші ең.
Түркі халқы жойылдың. (эпитет, анафора, аллитерация).


Бұрын бұл аялдама болса,
Қазір де аялдама жер болса
Сол аялдама жерге
Мәңгі тас қалаттым, жаздырдым. (эпифора, эпитет)

Қажеттілікті қажет ететін балалар «Жедел жәрдемнің» көмегіне жүгінеді. Ол үшін қолындағы + белгішені көтереді.


Қалыптастырушы бағалау
«Жұқа-қалың» әдісімен бағалау
жұқа» - қарапайым қысқа талдаулар, «қалың» – дәлелдеме, өзіндік ой пікірлер, мысал, түсініктеме)

Жұқа

Қалың








«Жедел жәрдем» әдісі
(оқушыларға бір-біріне көмектесу, қолдау көрсету мақсатында сабақтың барлық кезеңінде қолданылып отырады)
«Жылдам талдау» әдісі
«Жұқа- қалың» бағалау



6 мин

4 мин




Тапсырма 2
Кейіпкердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңдер.


1-тапсырма
Берілген кейіпкердің іс-әрекеті арқылы портреттік
мінездеме жазып, салыстырыңыз



Кейіпкердің іс-әрекеті

Портреттік мінездеме

Күлтегін оттай лаулады,
Елдің дауын даулады.


Бозын мініп Күлтегін,
Алдаспанын сілтеді.
Тоғыз жауын түйреді,
Біразы оның күйреді.




...Отызға ол толған-ды.
Салмағы да сан батпан,
Бір кезде ол қонды атқа.
Баяғыдай қайратты,
Қос батырды жайратты.




Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы неде?
Ойыңызды дәлелдермен көрсетіңіз.

А) Шығарманың тарихи құндылығын
бағалауда берілген тірек сөздерді
қолданыңыз.

Дәлелдер




Шынайы суреттелген, аса құнды, жыр-дастан, көне түркі, тасқа қашалған, тарихи шығарма, батырдың ерлігі, құлпытастағы
жазулар.

Ә) Шығарманың көркемдік құндылығын бағалаңыз.




(ерекше сөз оралымдары, халық, ел
атаулары, көне жер атаулары, көнерген сөздер, т.б.)



Жұптық жұмыс
Жұбымен пікірлесе отырып, аудио мәтінінде кейіпкердің іс-әрекеті мен портреттік мінездемені салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Қалыптастырушы бағалау

  • Мен өз ойыммен портреттік мінездемені салыстырып, көркемдік құндылығына баға бердім, дәлел келтірдім

  • Мен портреттік мінездеме салыстырдым, бірақ жүйесіз сөйлемдер көп болды, дәлел аз болды..

  • Мен портреттік мінездеме жасай алмадым

аудиожазба тыңдау




«Көршіңмен сырлас» әдісі



«Сәттілік баспалдағы»



Сабақтың соңы

7 мин


3 мин



Тапсырма
«Күлтегін» – мәңгілік рухани қазына» тақырыбында порталға қысқа хабарлама жіберу. Ол өлең, хат, ойтолғау, эссе түрінде болады. Оқушылардың алдына хабарлама жіберуге телефонның суреті бар қағаз беріледі. Олар өздерінің «Электронды парақшаға» жазғандарын келесі оқушының поштасына жібереді.
Хат жазудың үлгісі:

  • Өз ойын анық, түсінікті етіп жазу

  • Сөйлемді дұрыс құру

  • Мәтін саны 5-7 сөйлем.

Қажеттілікті қажет ететін оқушыларға тірек сөздер:
Мұра, асыл қазына, құндылық, жәдігер, құлпытас, құпия, ескерткіш, мақтаныш, дастан, жыр т.б

Жіберген хабарламаны екінші оқушы алып оқиды. Пікірін білдіреді, іс-әрекеттерін бағалайды.




Қалыптастырушы бағалау
Жарайсың!
Сенен мықты жазушы, (ақын, суретші, әзілқой т.б) шығады....
Сен мына жерде мынаған ерекше тоқталыпсың....

«Электронды парақша» әдісі


Ынталандыру арқылы бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет