Сабақ №2 Тақырыбы : Ұлы Абайдың даналығы. Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер : адамгершілік, ізгілік



бет1/3
Дата08.06.2018
өлшемі1,97 Mb.
#42049
түріСабақ
  1   2   3
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Бекітемін:

Мектеп:Ш.Т.Еркінов Мерзім:15.09.2017 Сабақ №2

Тақырыбы: Ұлы Абайдың даналығы.

Құндылық: Сүйіспеншілік 

Қасиеттер: адамгершілік, ізгілік

Мұғалiм: Нұрғалиева Гүлдана Сынып: 2 «а,ә» Оқушы саны:19

Мақсаты: Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды ұлы ақын Абайдың шығармашылығымен таныстыру.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды шындыққа, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу .

Дамытуышылығы: оқушылардың ақыл-ойын, зейiнiн көрнекiлiк құралдарды пайдалана отырып дамыту, қызығушылықтарын арттырып, сөйлеу қабiлеттерiн дамыту.

Реурстар:

дәптер,


үнтаспа,

құралдар,мәлімет

тер,оқулық,маркерлер,смайлик.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең.

Оқушылармен амандасу. «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру(тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық).



1топ: «Жаз».2 топ: «Күз». 3. «Қыс» топтары болып бөлінді. Абай өлеңдері тақырыбынан алынды.



2.Тыныштық сәтi. : «Су асты патшалығына ойша саяхат».

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңызАл қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз



Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.

3.Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды



«Жанқұтты шешеннің батасы» ел аузынан алынған өсиет әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беру.

• Жанқұтты шешен Абайға неліктен сұрақтар қойды?

• Абайдың жауабынан нені байқауға болады?

• «Дүние үмітке сүйенеді» дегенді қалай түсінесіңдер?

• «Шам жарығы табағына түспейді» дегенді қалай түсінесіңдер? Оны адамдардың бойындағы қандай қасиеттерге теңеуге болады?

• Абайдың көзқарастары мен ақыл-парасатының өміршеңдігінің себебі неде деп ойлайсыңдар?



4.Сабақтың дәйексөзі

Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.

Абай Құнанбаев

 Хормен оқыту.Ұл бала мен қыз балаға бөлек оқыту.

-Жұмыс дәптерге жаздыру.

-Осы дәйексөз сіздерге қандай ой салды?

-Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып,қорытындылау.

Оқушылар қораптағы түрлі маркерлерді бөліп алды.


«Хрустальная грусть» музыкасы жай дауыспен қойылады. Осы кездеоқушылар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып отырады.

«Ыстық орындық» әдісін қолдану.

«Жанқұт


ты шешен».

5. Бірге оқимыз(Мұғалім сыйы)

Абай Құнанбаев туралы видиоролик көрсету.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі.

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізеді.

Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.

Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46 қара сөзі бар.Ол он жетінші сөзінде: “Адамның адамгершілігі неден құралады дегенде – қайрат, ақыл, жүрек” – үшеуін айтып, ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші – жүректің сезгіштігі. Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу — әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз адам, толық адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. .Талқылау сұрақтары

-Бұрын оқып жаттаған Абай өлеңдерін еске түсіру мақсатында Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

- Қай жерде туып өскен?

-Абайдың аудармалары туралы айтып беріңдер

-Абайдың білім алуы жайында не білесің

-Абайдың 1 әнін 1 өлеңін оқып, орындап беру.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің мәнін ұғынады.


«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісін қолдану.

Интерак


тивті тақта арқылы видио

ролик көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет