Сабақ №25-26 Мектеп:Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп Күні



Дата17.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#186192
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ 1


Сабақ №25-26

Мектеп:Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп

Күні: 17.10.23

Мұғалімнің аты-жөні: Қанатбек Бахыт

Сынып:11 А

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Бас жиынтық және таңдама

Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары

11.3.3.1 – математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсіну;

Сабақтың мақсаты:

- математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын қайталайды: мода, медиана, диапазон, арифметикалық орта, бас жиын және таңдама, жиілік кестесі, гистограмма және жиілік полигоны, абсолютті, салыстырмалы, жинақталған жиілік, вариациялық қатарлар, варианта.
- кездейсоқ және өкілдік іріктеу ұғымдарын зерттеу;
- өкілдік іріктеу ұғымдарын анықтап, құруды үйрену

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
7минут

Ұйымдастырусәті
Үй тапсырмасын тексереді







Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам

Негізгі бөлім
8 минут

Ықтималдықтар теориясы мен статистиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы ақпарат беріңіз. Ықтималдықтар теориясы кездейсоқ құбылыстар мен сол құбылыстарды басқаратын заңдарға іс-әрекет жасауды қарастырады. Кездейсоқ оқиғалар мен құбылыстардың қасиеттерін оқып білу әдістерін әзірлеумен статистика айналысады.
Статистика ғылымы:

  1. статистикалық бақылау, яғни мәліметтерді жинау;

  2. жиналған мәліметтерді топтау, өңдеу және жинақтау;

  3. жиналған, өңделген мәліметтерді талдау және қорытынды жасаумен айналысады.

1) Статистикалық зерттеудің бірінші кезеңін белгілі бір жоспарға сәйкес ұйымдастырылған қандай да бір статистикалық деректер жинаудан тұратын үрдісті статистикалық байқылау деп атайды.
Оқушылармен бас жиын, кездейсоқ таңдалым, вариациялық қатар және варианта ұғымдарын қайталаңыз. Статистикалық бақылауға әлеуметтік сауалнамалар жатады.
2) Сипаттау статистикасы берілен статистикалық ақпараттарды алғашқы өңдеуден өткізеді: оны оңай оқылатын кестелер түрінде көрсету, диаграммаларда бейнелеу және ең маңызды сандық сипаттамаларды есептеу.
3) Математикалық статистика зерделі түрде жұмысты талап ететін зерттеулермен байланысты - белгісіз параметрлерді бағалау, гипотезаларды тексеру және статистикалық қатынастарды және тәуелділікті зерттеу. Жиналған және жүйеленген статистикалық деректер талдануы керек. Осы талдаулардың арқасында жүргізіліп жатқан зерттеулердің қорытындылары шығады. Тұжырымдарды дұрыс талдау және сенімді қорытынды алу үшін сипаттау және математикалық статистика әдістерін жақсы білу керек.
Оқушылармен бақылау және сипаттау статистикаларын білетіндері туралы әңгіме қозғаңыз. Осы оқу жылында статистикалық зерттеудің үшінші бөлімі математикалық статистиканы өтетіні туралы айтыңыз.
Математикалық статистика - бұл ғылыми және практикалық тұжырымдар үшін статистикалық деректерді жүйелеу мен пайдаланудың математикалық әдістерін дамытатын ғылым.
Математикалық статистика, статистикалық деректердің негізінде жасалған қорытындылардың анықтығы мен дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беретін ықтималдықтар теориясына сүйенеді (мысалы, таңдалып алынған зерттеу кезінде талапқа сай анық нәтижені алу үшін жеткілікті таңдалымның алынуын бағалау).
Қорытындылай келе, оқушылармен бірге осы бөлімге байланысты жоспар құрыңыз:

  1. статистикалық зерттеудің алғашқы екі кезеңін қайталау.

  2. Ықтималдықтар теориясының элементтерін қайталау.

  3. Математикалық статистика элементтеріне өту.

Статистиканың әр түрлі функциялары бар: ақпараттық, болжамдық және аналитикалық.
.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады..



.

Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам

Оқулықпен жұмыс
25минут

Оқушылар жұптасып жұмыс жасау арқылы анықтамалар мен статистикалық мәліметтерді сәйкестендіреді

Бас жиынтық

бас жиынтықтың кездейсоқ таңдалған бөлігі

Кездейсоқ таңдалым

статистикалық мәліметтер алу үшін қарастырылған барлық элементтердің жиынтығы

Жиынтық көлемі

деп тең шамалы, бір-бірінен тәуелсіз, кездейсоқ шамаларды кему ретімен орналастырудан алынған қатарды айтамыз

Нұсқалық

сан қатарының мүшелерінің саны

Вариациялық қатар

бұл жиынтық тобының немесе жеке бірліктің арнайы мәні

Оқушылар жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім дұрыс жауаптарды көрсетеді


Дескриптор:

- бірөлшемді, екіөлшемді немесе көпөлшемді; сапалық немесе сандық деректерді анықтайды;


- мәндердің жиіліктерін, қатыстық жиіліктерін есептейді;
- Деректерді топтастырады.









Соңы
5минут

Сабақты бекіту Рефлексия
Үйгетапсырма: №6/8

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.







Кері байланыс

Тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет