Д.Г.Левитестің пікірінше “білім беру технологиясы – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі”. Бірақ бұл – өте ауқымды анықтама. Оған тәрбиелеу технологиясы да, қарым-қатынас технологиясы да, оқыту технологиясы да кіреді.
В.П.Беспалько бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технологияның мынадай төрт басты шарттары орындалуы тиіс: а)педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы керек; ә)оқушының танымдың қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет; б)оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді; в)практикада оқу-тәрбие процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс деп атап көрсетеді және педагогикалық технология – практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деген көзқарас білдірген.