Сабақ №30 Мұғалімі: Тулешова А. А. Сыныбы: 7 Оқушылар саны: 10 Тақырыбы: Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған



Дата25.08.2017
өлшемі53,33 Kb.
#26930
түріСабақ
Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары:

______________ Г.Еденова


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Т.Шанов атындағы орта мектебі

Мерзімі: 21.04.2017 ж Сабақ №30

Мұғалімі: Тулешова А.А. Сыныбы: 7 Оқушылар саны: 10

Тақырыбы: Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Құндылығы: ақиқат

Қасиеттер: адамгершілік, жауапкершілік , адалдық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өнегелі, игі іс жасау арқылы ұрпаққа өшпейтін із қалдыруға болатындығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • оқушыларды әрдайым адамгершілік жолымен жүруге үйрету;

  • оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі, интер тақта

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ережесі

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру

№ 30 сабақ 144–147 беттегі З.Ахметованың «Бауыржан Момышұлы туралы естелік» мәтінін оқып келу.



  • Бауыржан ата бойындағы шексіз байлық неде?

  • Атамыз ана тіліміз, домбыра жайлы не айтты?

  • Өзі өмірден кетседе қандай өшпес із қалдырды?

  • Неліктен ұлы адамдардың істері есте мәңгі сақталады?

  • Айналамыздан елі үшін аянбай адал қызмет етіп жүрген адамдардан кімдерді айта аламыз?

  • Өздеріңіз қандай өнегелі іс жасар едіңіздер?




Дәйексөз

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ

Ш.Уәлиханов

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.





Әңгімелесу Мұғалім сыйы

Екі дос (аңыз әңгіме)

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғызбасты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғызбасты адам ішінен «Өнімді және шыққан пайданы тепе –тең бөлгеніміз дұрыс болады, мен жалғыз тұрамын. Сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің қасындағы сарайға апарып отырды.

Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын ешкім болмайды. Осылайша бұлда түн жамылып, үйден шығып, досының қорасына өнімді салып тұрады. Алайда, қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі досы да түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.


  • Екі дос қайда еңбек етті?

  • Екі дос қандай шешімге келді?

  • Олар мән жайды қалай түсінді?

  • Достарды осындай іске итермелеген не нәрсе ?

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынаста жауапкершіліктің маңызы қандай?

  • Сіз үшін адалдықтың маңызы қандай?







Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Гүлдер арқылы екі топқа топтастырамын.

1-топ.«Адалдық-адамдықтың белгісі»

2-топ.« Жақсының аты өлмейді» тақырыбында шығармашылық жоба қорғау






Үйге тапсырма

№ 31 сабақ 151-152 бет «Болашақтың қаласының бүгіні» мәтінін оқып келу.






  1. Топпен ән айту.

Өмір жолы

Сөзімен әні: Е.Айдар


Құт көріп тәңір

Болумен әмір

Жаралып іште денеміз

Өмірге біздер келеміз

Ақ пенен қара

Бақ пенен нала

Күреске бірден енеміз

Жеңілеміз де жеңеміз


Қайырмасы:

Бұл өмір сынақ

Біреулер жылап

Біреулер шыдап көтерер

Имандық бір тек

Жаманнан бүркеп

Жақсыға "жүр" деп жетелер

Жақсыға "жүр" деп

"Жүр" деп жетелер
Жақсыда болсын

Жаман да болсын

Ұяда нені көреміз

Ұрпаққа соны береміз

Белгісіз бақыт

Байқатпай уақыт

Аялдамаға келеміз

Мұратқа сөйтіп жетеміз


Қайырмасы 2 рет:





Cабақтың қорытынды минуты

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.



Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Рахмет!




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет