“Біз кешегі бабамызбен ғана емес, қазіргі бағамызбен де мақтана алатын ел болуға тиіспіз!”
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың тақырыбы:
"Толқындар" тарауын қайталау
Күні: 25.01.2014ж
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау және толықтыру. Міндеттері: Білімділік: берілген тарау бойынша оқушылардың
9. Тапсырмалар. Әр топқа 4 есептен беріледі.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар (№409) Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге бекітілген массасы 0,64 кг жүк, тепе-теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін, оны тепе теңдік күйден қандай арақашықтыққа жылжыту керек (№414) Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар (№419) Қатаңдығы 9,22 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,143 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар (№418) Толқын ұзындығы 300 м радиотолқындар шығаратын ашық тербелмелі контурдағы тербеліс периоды қандай? (№985) Радиостанция 75 МГц жиілікте хабар жүргізіп отыр. Толқын ұзындығын табыңдар (№986) Радиоқабылдағыштың қабылдау контурындағы катушканың индуктивтілігі 1 мкГн. Ұзындығы 1000 м толқында жұмыс істеп тұрған станция хабарын қабылдап жатса, конденсатордың сыйымдылығы қандай? (№989 Егер тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығы 1800 пФ болса және индуктивтілігі тұрақты 60 мкГн болса, радиоқабылдағыш толқындар ұзындығының қандай диапазонында жұмыс сітейді? (№990)
10. «Қиыннан жеңілге». Бұл кезеңде қандай да бір физикалық құралды не заңдылықты қойылған сұрақ арқылы табу керек. Алғашқы сұрақ ең қиыны, соңғысы өте жеңіл. Егер оқушы дұрыс жауапты 1-ші сұрақта берсе онда -4 ұпай, 2-шіде 3 ұпай, 3-шіде 2 ұпай, 4-шіде 1 ұпай алады.
11. Жұмбақтар. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі