Ашық сабақ «Аңыз арнасы» Бекболат Әдетов”
Сабақтың мақсаты: Домалақ ене өмірінен түсінік беру. Аңыздың мазмұнын ашуға үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту және жылқы түрлерін ажырата білуге баулу.
Сабақтың міндеттері:
Өз аналарына деген сыйластық, құрмет, аялау қасиеттерін дарыта түсу;
Ойлау қабілеттерін, көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыта түсу;
Өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету жолы тек еңбек қана екенін ұғынуға жол салу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, диафильм, «аңыз пирамидасы», семантикалық карта, тірек-сызба, автор орындығы әдісі
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың көрнекілігі: ана туралы нақыл сөздер, Домалақ ене суреті, Бекболат Әдетовтың суреті
Қолданылған технологиялар: СТО технологиясы, АКТ технологиясы, «Болжау» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы, «Түртіп алу жүйесі».
Техникалық құралдар: интерактивтітақта, ноутбук, телефон
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен амандасу, топтарға бөлу. Топтық ережені барлығы естеріне түсіреді.Оқушылар өздерін реттейді.
ә) психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты бүгін күн!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Кубизм» әдісімен үй жұмысын сұрап шығу. Әр кубтың қырында сан жазылған, сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Сұрақты оқып отырып, үй жұмысына жауап алу. Бірден жауап берген оқушыларды топта бағалау парағына бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Қызығушылығын ояту.
Интерактивті тақтадан ана туралы сюжетті видео көрсетіледі.
Балалар, мына видеоға назар аударып, қараңдар.
Сендерге ең жақын адам кім?
Ана сөзіне қандай тіркестер айта алар едіңдер?
Бүгінгі біздің тақырып Домалақ ана жайлы болмақ.
ә) Автор жайлы мәлімет. Тірек-сызба бойынша.
б) Домалақ ене туралы мәлімет.
Домалак ана (ХI-ХII ғ.)
Бәйдібектің 2-ші әйелі, шын аты Нұрила (Бибісара). “Диһнат мама” (әулие ана) деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Домалақ Ананың өзі Қожа руынан, Мақтым ағзам қожаның немересі. Бәйдібек ауылының көші Ташкенттен Қаратауға көшіп бара жатқан жерде Балабөген өзенінің жағасында әулие ана намаз оқып отырған жерінде қайтыс болып, оған сол жазықтықтан кесене тұрғызылған. Домалақ ана кесенесі деп аталады. Қазір Астана қаласында Домалақ ана көшесі бар.
Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол – Домалақ ана кесенесі. Кесене 1957 ж. қайта жөндеуден өткізілді. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.
Достарыңызбен бөлісу: |