4-сабақ
Қан кету . Қан тоқтату. Асқынулар
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі: Қан кету туралы түсінік. Классфикация . Клиникалық белгілері Қан тоқтату әдістері Асқынулар
Дамытушылығы: Оқушылардың бойында қызығушылықты ояту, қосымша әдебиеттермен жұмыстану барысын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ыждағаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Құрама сабақ
Сабақтың әдісі (оқытудың): түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, сыни тұрғыдан ойлау технологиялары, Кластер әдісі, жартылай ізденіс.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
Мемлекеттік стандартты плакаттар
Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
Әдебиеттер:
1) Е.Әбдірахманов- Жалпы хирургия – Астана. 2008ж.
2) Н.Акатаев.Ә.Қойшыбаев.С.Шанбаев-Жалпы хирургия –Актөбе. 2005ж.
3) В.Буянов. Ю.Нестеренко –Москва. 1998г.
4) Р.П. Кочетова - Общая хирургия с основами реанимации – Алматы. 2008г.
5) Хиругия для фельдшеров:практикум. Барыкина Н.В.,Заянская В.Г.-2003г.
6) Хирургия. Рубан Э.Д. -2006г.
7) Хирургия. Морозова А.Д., Конова Т.А.-2005г.
8) Апсатаров Е.А.« Хирургиялық аурулар» – Алматы., «Санат», 1997
9) Е.Әбдірахманов- Жалпы хирургия – Астана. 2008ж.
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары):
Қан кету
Қан тоқтатудың әдістері
Қан кету асқынулары
4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.
Кан ағу, қан тоқтату.
Қанның тамыр арнасынан шығуы қан ағу деп аталады.Қан ағудың негізгі себебі тамырлар қабырғаларынның жарақаттары.Қан ағу мүшелердің және ұлпалардың қан айналымының бұзылыстарына әкеледі.Ұлпаларда оттегі тапшылығы дамып,қызметтерінің бұзылуына себеп болады.Сондықтан қан ағу өмірге тікелей қауып туғызып шұғыл шараларды орындауын талап етеді.
Қан ағудың жіктелуі
Қан ағу көзіне байланысты бөлінеді:
-артериалды
-венозды
-капиллярлы
-паренхиматозды
Артериалды қан ағу – күретамыр жарақаттарында болады. Қанның түсі ашық қызыл және қан жүрек ырғағына байланысты атқылап ағады.Ірі күре тамырдаң қан кетсе, қысқа уақытта көп мөлшерде қан жоғалып өлімге әкелуі мүмкін
Венозды қан ағу – көк тамыр жарақатында болады.Қанның түсі күрен қызыл,ағымы тегіс,баяю.Мойың және кеуде түсындағы ірі тамырлар зақымдалса – ауа эмболиясы дамуы мүмкін.
Капиллярлы қан агу – үсақ тамырлардың жарақатында болады.Тернін, кілегей қабатның беткей жарақатында кездеседі.Қан өзі-өзінен тоқтайды.Бірақ, гемофилия,сепсис жағдайларында үзаққа созылуы мүмкін.
Паренхиматозды қан ағу – қанның зақымдалған паренхиматозды органдардан(бауыр,талақ,бүйрек,өкпе) ағуы.Қан ағу қауіпті. Өзі-өзінен тоқтамайды.Мүшенін зақымдалған бөлігі түгел қансырайды.
Қанағу ортаға байланысты:
-сыртқы
-ішкі
Сыртқы қан ағу – қан дененін сыртына зақымдалған тері арқылы, немесе табиғи тесіктерден шығады.
Ішкі қан ағу – қан ағзаның, сыртқы ортамен байланысы жоқ қуыстарға ағып жиналуы.
Қан ағудың клиникалық белгілеріне және орналасуына байланысты:
-қанды қақырық- гемоптое
-қанды құсық – гемотомезис
-қан аралас несеп – гематурия
-жыныс жолдарнаң аққаң қан- метроррагия
-қарамай тәрізді нәжіс- мелена
-нәжістегі өзгермеген қан
-терінін зақымдалуы(жараның болуы)
Ішкі қан ағуларда қан қуыстарға жиналып қосымша белгілерді тұғзады.
-ми сауытында - гемокраниум
-перикард қуысында – гемоперикардиум
-плевра қуысында – гемоторакс
-іш қуысында – гемореритонеум
-буын қуысында – гемартроз
-жұмсақ тіндерде - гематома
Қан жоғалту мөлшеріне байланысты:
-жеңіл дәрежесі – ҮАҚ 20%дейін мөлшері жоғалады
-орташа ауырлық дәрежесі - ҮАҚ 20%-30% дейін мөлшері жоғалады
-ауыр дәрежесі - ҮАҚ 30% дан көп мөлшерде жоғалады.
Қан жоғалту ауырлығын анықтау үшін Алговер көрсеткішін қолдануға болады.Оны келесі формула арқылы есептейді: АК=пульс/сист.Қ/Қ. Қалыпты жағдайда АК – 0,5 шамасында болса, қан ағуларда Қ/Қ төмендейді, пульсі жиеленеді.АК өсіп 1,5-2,0 көрсеткіштерге жетеді. Бұл өте қауіпті қан жоғалтуды дәлелдейді.
Қан ағудың жалпы клиникалық белгілері
Қан ағудың белгілерімен айқындығы қан жоғалту мөлшеріне және жеделдігіне байланысты дамыйды.Қан ағудың тұрақты белгілеріне терінің бозаруы қан қысымның төмендеуі тахикардиа несеп мөлшерінің азаюы жатады.Қан жоғалқан адамның шағымдарына сүйенсек көптеген субъективті белгілер анықталады: бас ауру,бас айналу,әлсіздік, қысқа уақытқа естен тану, көздің қарауытуы, құлақта шудың болуы, жүректің айнуы т.б.
Сыртқы қан ағулар диагностика ретінде ауыртпалық тузызбайды.Ішкі қан ағуларды кейде анықтау өте қиін. Қан ағуға күдік туғызған науқасты жан жақты тексерістен өкізу қажет. Соның ішінде ЖҚА қажетті ақпарат береді. Қан ағуларда, эритроцит,гемоглобин,гематокрит, түс көрсеткіші айқың өзгереді. Бұлардың санының, қалыпты сандармен салыстырғадна, азайғаны байқалады. Эндоскопиялық, рентгенологиялық зертеулер, пунциялар өте манызды.
Қан тоқтату әдістері
Ірі қан тамырлар зақымдалған кезде қан ағу өздігімен тоқтамайды. Себебі, қысыммен шыққан қан тромбтың түзілуіне мүмкіндік бермейді.Сондықтаң қанды көп мөлшерде жоғалуын алдын алу үшін қан тоқтату шараларың қолдану қажет. Қан тоқтатудың уақытша және біржолата әдістері бар.
Қан тоқтатудың уақытша әдістері ауруханаға дейінгі кезінде орындалады. Оған жатады:-қаны ағып жатырған дененін бөлігіне жоғарғы қалып туғызу;
- қаны ағып жатырған тамырды саусақпен жара ішінде немесе бойлап басу;
-жараға қыспалы танғыш салу;
-қаны ағып жатырған аяқ-қолдарды буындарда бүгіп байлау;
-қан тоқтатқыш күйдіргі(жгут) салу;(тек қана артериалды қан ағуда қолдану!)
- қаны ағып жатырған тамырға қысқыш салу;
-жара қуысына тығыз тампон орнатып тану.
Қан тоқтатудың біржолата әдістері аурухана жағдайында дәрігермен орындалады. Оған жатады:
-тамырды байлау(жара ішінде немесе бойлап);
-тамырға тігіс салу;
-қаны ағып жатырған мүшенің бір бөлігіңн алып тастау;
-қаны ағып жатырған мүшені түгел алып тастау;
-қаны ағып жатырған мүшені жергілікті тіндермен жамау.
Қан тоқтатудың механикалық әдістері мен бірге қосымша шаралар жүргізледі.Оларды, физикалық химиялық биологиялық әдістері деп атап кетуге болады.
Физикалық әдістер;
-ыстық физиологиялық ертіндімен суланған салфетканы жараларға басу;
-салқынды қолдану(мұз,қар,салқың су);
-диатермокоагуляция;
-лазерлік пішақ.
Химиялық әдістер: (қан тоқтататың дәрі-дәрімекті қолдану)
-дицинон(этамзилат) ;
-эпсилон-аминокапрон қышқылы;
-кальций хлориды,кальций глюконаты;
-викасол;
-атропин сульфаты;
-окситоцин;
-андроксон:
-кодеин фосфаты;
-сутегі асқың тотығы; т. б..
Биологиялық әдістер:
-тромбин;
-фибринды пленка;
-гемостатикалық үлпір;
-биологиялық антисептикалық тампон (БАТ);
-фибриноген;
-жаңа донор қаны;
-тромбоцитарлы масса; т.б..
Достарыңызбен бөлісу: |