«Бос уақыт қобдишасы» Ең негізгі міндет – тақырып аясында жаңа дағдыларға бейімдеу. Ұйымдастыру құрылымы сабақ «Аялдамалар арқылы оқу» әдісіне сәйкес құрылған (сын тұрғысынан ойлау технологиясы). Өткізілу уақыты: 40–45 минут. Материалдар
1. Қақпағы бар қорапша немесе 3-4 үлкен емес сандықша (әрбір топқа біреу).
2. Қорапша сиятын кішігірім заттар (магнит, бор, конфет, тастар, жаңғақтар, кілттер, пакеттегі шай, т.б.).
3. Іске жоспарланған әр түрлі варианттардан үзінді:
• педагогтың бір апталық сағат кестесі;
• бір күндік жұмыстар тізімі (сатып алу… телефон шалу… құттықтау…);
• конференцияның жоспары;
• оқушы күнделігінен үзінді.
4. Стикерлер (әр түрлі-түсті қағаздар шетіне клей жағылған) әр түрлі түстер және размерлері 3 х 5 см и 5 х 5 см.
5. Плакат № 1 (ватман).
6. тәлім-әңгіме мәтіні (бөлікке бөлінген).
7. Плакат № 2 (ватман).
8. Құм сағаттар 1, 3, 5 минут.
9. Фломастерлер және маркерлер.
10. Музыкалық үзінді «Теңіз дыбысы».
11. Магнитофон.
Оқушылар 3 топқа бөлініп отыру керек, барлық топ мүшелеріне тақта көрінуі қажет. Сандықшаның контуры жүргізілген плакат іліну керек
Жүргізуші. Сәлеметсіз бе, балалар! Бүгінгі тақырыпты артынан талқылай жатармыз,бұл құпия бола тұрсын. Қазір сіздер Шерлок Холмс адамның заттарына қарай кім екенін айтқандай, сол кісі тәрізді алдарыңыздағы сандықшадағы 3 заттың атын айта аласыздарма? Өз топтарыңызға бір сандықша алып, ішіндегі 3 затты басқа балаларға көрсетпей, айтып беріңіз.
Сіздің міндетіңіз — сандықшадағы кімнің заты екендігін білсеңіз, сол адам туралы қысқаша мінездеме берсеңіз (берілетін уақыт 5 минут).
Достарыңызбен бөлісу: |