Ербалина Слушаш Нурбайқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Атбасар ауданының білім бөлімі
№2 Ново-Александровка ОМ
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер Ж. Аймауытов
2006-2007 оқу жылынан бастап №2 Ново-Александровка орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарудамын . Ұстаздық еңбек өтілім -26 жыл. Білімім- жоғарғы .Әдістемелік тақырыбым: «Жаңа технологиялардың элементтері арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту» .
Алдыма қойған негізгі мақсаттарым: -ауыл мектебінің бастауыш сатысындағы оқыту процесіндегі білім беру іс-әрекет түрінде жүзеге асырылып, өмір дағдыларына қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс атқаруға, балалардың өздерінің ізденуіне, зерттеу және тәжірибе жүргізуге бағыттау.
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті мәселелерден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып-үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс-тәжірибесін зерттеуге, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға озық ойлы идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз іс-тәжірибелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы қадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып табылады. 21 ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі өзгерістерге ұшырауда. Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр.
Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу.Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
* Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде
* Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау
* Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, жұмысыма жобалар әдісін қолдануды дұрыс көрдім. Жобалар әдісі педагогикада жаңалық емес. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда болған. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Осы жағдайларда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолданау біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады.
Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын алуда. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау. Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Осыны қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.
Қазір Республикамызда білім саласында демкоратияландыру мен ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың альтернативті жолдары көрсетілуде.Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерістермен тығыз байланысты білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, (білім мазмұнын жетілдіру, жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен, оқу-әдістемелік кешендерге көшу т.б.) ұлттық менталитет, тіпті жаңаша ойлау дағдыларын қалыптастырады. Педагогикалық технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың , оны ұйымдастырудың және оны өткізудің бүге-шігесне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі деп түсінемін. Өзіме қолайлы бірнеше технологияларды қарастыра отырып кейірбір технологиялардың түрлерін сабақтарда қолдануға ұсынамын. Ауыл мектебінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын жетілдірудегі проблемалар айқындалды: мектептің материалдық базасын оқушыларға қажетті қазіргі талапқа сай көрнекі және техникалық, оқу – әдістемелік құралдар мен және балалар әдебиетінің жаңа басылымдарымен толықтыру қажет .
Сабақтың тақыры: Ыбырай Алтынсарин «Өзен».
Сабақтың мақсаттары:
Оқушыларға артына өшпес із, өлшеусіз мұра қалдырған Ыбырай Алтынсаринді таныта отырып, оның өмірін, халқына жасаған қызметін үлгі ету, оның «Өзен» шығармашылығының мазмұнын ашу арқылы оқушыларға толық білім беру, білік дағдыларын қалыптастыру, білімдерін жалпылау.
Оқушылардың шығармашылық пен жұмыс атқаруына ықпал ету, сөздік қорын молайту ой өрісін, тіл байлығын дамыту, еске сақтау мен дүние танымын кеңейту.
Өз бағыттарында жұмыс атқаруға, еркін сөйлеуге, өз ойларын ел алдында аша білуге, ізденімпаздықпен, шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу; туған жерді, табиғатты сүйе білуге, қастерлеуге, ұлт жандылыққа, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО технологиясы, топпен жұмыс, талдау, жинақтау, сұрақ – жауап.
Пән аралық байланысы: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың көрнекіліктері: Ы.Алтынсариннің суреті, қанатты сөздері, мақалдары, шығармалары, ақпараттық парақтар, Қ.Р. географиялық картасы, үнтаспа, өзен бейнелері, домбыра.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық:
Бес болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз. Өнер-білім көп тоқып,өсе берсін санамыз.(1 минут)
3. Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сабақта жаңа білім алуға, сауатты жауап беруге, білімімізді кеңейтуге күш салайық. Сабақ қызық өту үшін, бар білімімізді ортаға салайық.
4. «Қызығушылықты ояту»
Й Р Ы А Б Ы осы әріптерден қандай сөз шығаруға болады?(Ыбырай). Ол кім? Ол туралы не білесіңдер? ( Оқушылар Ыбырай атаның өмірбаяны, шығармашылығы туралы жауап береді).
Ұлы ағартушы (просветитель, an enlightener)
Аудармашы (переводчик, translater)
Ақын (поэт, a poet)
Ұстаз (педагог, a teacher)
Жазушы (писатель, a writer)
Мұғалім тақтаға Ыбырай атаның суретімен мінездеме беретін сөздерді іледі, оқушылар үш тілде оқып шығады. Ыбырай атаға жыр шашу. (Үнтаспадан күй естіледі, оқушылар Ыбырай атаға арнап, өздері шығарған тақпақтарын оқиды).
5. «Ой қозғау» Балалар, көздеріңді жұмыңдар, музыка тыңдап, көз алдына елестетіндер. (Мұғалім үнтаспаны қосады).
- Бұл музыканы жай тыңдаған жоқпыз, бүгін біз Ыбырай атаның жаңа шығармасымен танысамыз, ол шығарманының атын сендер тауып көріңдер, ол шығарманың аты осы музыкамен байланысты.
- Дұрыс, балалар, бұл Ыбырай атаның «Өзен» деген өлеңі. (Графопроекторден өзеннің суреті шығады) (3 минут)
6. «Ассоциация жүргізу» Өзен деген сөзге ассоциация жүргізу. Қ. Р. Картасы бойынша өзендерді көрсету, атау, ауылдың өзені туралы әңгіме жүргізу, экологиялық мәселені қозғау. (5 минут)
- Тақтаға өзеннің бейнесі бар плакат ілінеді, біз бұл өзеннің суын толтыруға тиістіміз. Ол үшін үш топқа бөлініп, жұмыс жүргіземіз.
1 топ – «Есіл» тобы
2 топ – «Ертіс» тобы
3 топ – «Нура» тобы
7. Үнтаспадан мәнерлеп оқылған өлеңді тыңдайды. (5 минут)
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады,
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады.
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды.
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды
8. Кездескен түсініксіз сөздерді атайды. (Сөздік жұмысы жүргізіледі, графопроектерде мына сөздер шығады: қынарда-жағасында, жанабында-маңайында). (2минут)
9. Әр топқа ақпараттық парақтар таратылады, оқушылар жеке оқиды, ішінен төрт негізгі ойды білдіретін сөздердің астын сызады, жұппен талдайды және топта талқылайды, схема жасайды. ( Графопроектор арқылы көрсетеді ). (7 минут)
Әр топтан бір оқушы шығып, мағынасын түсіндіріп береді.
10. Суреттеу. Әр топ өлеңнің үзіндісіне байланысты сурет салады.
11. Оқулықтан мәнерлеп оқу.(5 минут)
12. Ыбырай атаның мақалдарын талдау.(5 минут)
Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.
Жақсыға ерсең , жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.
Өнерлі өлмес ,Өнерсіз күн көрмес.
Ой толғаныс
13. Шығармашылық тапсырма: 1 топ эссе жазады, 2 топ 5 жолдық өлең шығарады, 3 топ авторлық орындыққа дайындалады.
14. Бағалау, музыка арқылы плакатқа балықтар, гүлдер, құстар ілінеді.
15. Ыбырай атаның «Кел, балалар оқылық» әні орындалады.(5 минут)
Сиса көйлек үстінде тоқуменен табылған ,
Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған
Кел, балалар , оқылық! Кел, кел, оқылық!
Қолданылған әдебиеттер:
Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.
Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева
Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.
Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева
Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж.
Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2004 ж.
Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж.
Что такое развивающее обучение Н.В. Репкина «Пеленг», 1993
Педогогическая риторика Пермь, 1995
Оқушыларға тілді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997 ж.
Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж
Достарыңызбен бөлісу: |