Сабақ Әдебиеттік оқу 2-сынып Тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт? Мұзафар Әлімбаев



Дата08.11.2019
өлшемі38,47 Kb.
#51321
Байланысты:
d181d0b0d0b1d0b0d29b-d399d0b4d0b5d0b1d0b8d0b5d182

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

167 жалпы білім беретін мектеп



Ашық сабақ

Әдебиеттік оқу 2-сынып

Тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт? Мұзафар Әлімбаев

Орындаған: Бабашева Гулмаржан Оналбековна

Бастауыш сынып мұғалімі



Алматы қаласы
Сабақтың тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт?

Мұзафар Әлімбаев



Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді қатесіз түсініп оқу дағдыларын қалыптастытыру.

2. Оқушылардың сөздік қорын молайту,

бойларындағы жолдастық, адамгершілік

қасиеттерін дамыту.

3.Оқушыларды әділдікке,қайырымдылыққа,

жомарттыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,портрет,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезені

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам- туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір сөздің- шындық, бірлік, адамдық,

Әрбір ісің – тілек, тіршілік, адалдық.

II Үй тапсырмасын тексеру:

«Көк кептер» Машқар Гумеров.

Бөлімдерге бөліп мәтіннің мазмұнын айтқызу.

а) Бейтаныс балалар

ә) Аймағанның қылығы

б) Нүсіпбектің үйдегі әрекеті.

- Нүсіпбектің орнында сендер болсаңдар қайтер едіңдер?

- Аймағанның орнында болсаң ше?

- Шала жансар көк кептерді қалай өлімнен құтқарып қалуға

болады?
Нүсіпбек пен Аймағанды сипаттау.


Аңқау сенгіш Қу арам
Олардың арасындағы достыққа өз көзқарастарын айтқызу.

-Дос қандай болу керек?

- Достық тұралы қандай мақал- мәтел білеміз?

«Доп лақтыру»- ойыны. Достық тұралы мақал- мәтел айтқызу.





  • Сендер достыққа адал болады деп сенемін.

III Жаңа сабақ

-Адам бойында жақсы және жаман қасиеттер болады.Бүгін сабақта адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерге тоқталамыз.


а) Сөзжұмбақ шешу:
















ж

а

л

қ

а

у

л

ы

қ




қ

о

р

қ

а

қ







б

і

л

і

м

д

і










б

а

т

ы

р

л

ы

Қ




ө

т

і

р

і

к

ш

і

ә

д

е

п

т

і

1.Оқи берсен көзін ашылады,

Отыра берсең жалқаулық басынады.

2.Көз қорқақ, қол батыр

3.Білімді мыңды жығар

Білімсіз бірді жығар.

4.Батырлық білекте емес жүректе.

5.Өтірікші алымен өзін алар.

6.Әдепті бала- арлы бала.


  • Жомарт қандай адам?

ә) – Онда «Қабуснамадан» - үзінді оқиық.

- « Қабуснама» деген қандай кітап еді?

- Оны кім жазған? (Қайқаус)

Үзіндіні мәнерлеп оқып беру.

Оқушыларға іштей оқыту.

Мәнерлеп 3-4 оқушыға оқыту.

-Не тұралы жазылыпты?

- Жомарттық дегеніміз не екен?

1) Айтқан сөзді қалтықсыз орындау

2) Әділдікке нұқсан келтірмеу.

3) Қайырымдылықты естен шығармау

б ) Сызбаны толтыру:



Жомарттық

шыншыл болу айтқанды

орындау

қайырымды болу


в) Мақалды оқыту, талдау:

Сараң да бар болса да –жоқ.

Жомартта жоқ болса да – тоқ.

Жомарт сөзіне қарма-қарсы сөзді тапқызу.

г) Сергіту сәті:

Көтереміз оң қолды иілеміз солға,

Көтереміз сол қолды иілеміз оңға .

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай- ақ.

д) « Кім жомарт? Не жомарт?» М. Әлімбаев өлеңімен танысу.

1) Мұзафар Әлімбаевтің портретін көрсетіп, өмірінен мағлұмат беру.

Мұзафар Әлімбаев –

2) Өлеңмен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Оқушыларға іштей оқыту.

Тізбектетіп оқыту.

Өлең мазмұнын талдау.


  • Кімдер жомарт? ( Батыр,ұстаз)

  • Нелер жомарт? ( Жер,күн)

Батыр, ұстаз, жер, күнді неге жомарт деп тұрғандығын ашып талдау.

Өлеңді мәнерлеп 4-5 оқушыға оқыту.



3) Дәптермен жұмыс:

Осы сұрақтарға өз бетінше жауап беріп, өлеңді жалғастырып көру.

4) Ойланып жауап бер.Жомарттылықты күнделікті өмірмен байланыстыру.

Бекіту: - Өлеңнен не туралы білдің?

-Негізгі ой қандай?



-Жомарттық дегеніміз не?

IV. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Қабуснамадан» берілген үзіндіні түсініп оқу. Мақалды жаттау.
V. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет