Сабақ: Есімдіктен өткенді қайталау Мектеп: Абдолла Қарсақбаев атындағы мдшо бар орта мектеп



Дата24.05.2017
өлшемі144,77 Kb.
#16782
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ: Есімдіктен өткенді қайталау

Мектеп:Абдолла Қарсақбаев атындағы МДШО бар орта мектеп

Пән: Қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің есімі:Беркинова А.С.

Сынып:6ә-сынып

Қатысқандар саны: 20 оқушы

Қатыспағандар саны:жоқ

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың жаңа тақырыпты өз беттерінше оқуына, талдап, өз пікірлерін еркін айтуға машықтандыру, сөз мағынасын таныту, шығармашылық ізденіске бағыттау, патриоттық қасиеттерді дамытады.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Есімдіктің түрлерімен тереңірек танысады, сөйлем арасындағы есімдіктерді талдай алады, сыни тұрғыдан ойланады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сабаққа деген белсенділігі артады, өмірмен байланыстырады.

Кейбір оқушылар:

Өз беттерімен ертегі, әңгіме, өлең құрастырады, жеке тұлға болып қалыптасады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Есімдік, өздік есімдігі, белгісіздік есімдігі,жалпылау ,сұрау,жіктеу,белгісіздік,болымсыздық есімдіктері

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл

Достық, ынтымақтастық

Шығармашылық жұмыс

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөйлем, мәтіндерден есімдіктерді табады,оларды орыс ,ағылшын тілдеріне аударады.

Алдыңғы оқу

Сан есімдерді қайталау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 мин


Допты оқушыларға лақтыру арқылы өзім айтқан есімдіктердің орысша немесе ағылшыншасын сұраймын.Жылдам жауап береді,әрі көңіл-күйлері де көтеріледі. Оқушыларды “бәйтерек,тәуелсіздік,болашақ,Астана” деген сөздер жазылған қиынды қағаздар арқылы 4 топқа бөлемін.

Топ мүшелерінің көшбасшыларын, бағалаушыларын сайлап алынады.

Критерий жазылған бағалау парақшаларын таратылады.

Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына байланысты топтарға «Болашақ», «Тәуелсіздік», «Астана», «Бәйтерек» деген ат беріледі. «Тәуелсіздігімізге 25 жыл» слайды көрсетіледі.

« Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. «Мозайка» әдісі арқылы “Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым” деген сөйлемді құрастырады


«Шаттық шеңбер», доп

Кеспе қағаздар

«Мозайка» стратегиясы


Ортасы

35 мин

«Көпірше» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

1- тапсырма

Біреуі артық сөз, сол сөзді флипчарт арқылы әр топтан 1 оқушыдан шығып орындайды.

1.Мен ,сен,сіз,кім

2.Ешкім,ешқашан,ешбір,әрқашан

3.Кім?Қашан?Нешеуі?Әлдекім

4.Барлық,барша,бүкіл,дәнеңе

5.Мынау,сол,міне,біз

6.Біз алып келді.

Біз мектепке келдік.

Ол-оқыған азамат.

Сен оны алма.

7.Белгісіздік,жалпылау,болжалдық,сілтеу

8.Кейбіреу,біреу,анау,әрне

2- тапсырма

Оқушылар шатастырылған сөздерден мақал-мәтел құрайды.Постерге жабыстырып,жұмысын аяқтаған соң тақтаға іледі



1-топқа: Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

2-топқа:Біріңді,қазақ,бірің дос

Көрмесең істің бәрі бос

3-топқа:Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

4-топқа:Тыңдамаса еш адам,

Өз жүрегім толғансын.

3- тапсырма

Бірінші, екінші топтар «Оқылым» арқылы мәтіндерді (160-жаттығу “Түс”) оқып, мәтінге ат қояды және есімдіктерді теріп жазып,мағыналық түрлеріне қарай ажыратады.

Үшінші, төртінші топтар «Тыңдалым» арқылы аудиодан мәтінді тыңдап, есімдіктерді естеріне сақтап, дәптерлеріне жазады және мағыналық түрлеріне қарай ажыратады .

Сергіту сәтінде Мынау- менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау- әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен.

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша!
4- тапсырма

Шығармашылық жұмыс кезінде өз өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін құрастырып, бір-екеуі оқып кетеді. Шығармашылық жұмыс барысында тәуелсіздік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқиды.



5- тапсырма

Тест арқылы қорытындылаймын




«Біреуі артық»,

Интербелсенді тақта

СТО

, «Шатастырылған бау» стратегиясы,



«Тыңдап,теріп жаз» әдістері,

«Синквейн»әдісі



Аяқталуы
5 мин

Оқушылар сабақты бағалайды.Осы тақырып маңызды ма,қолданасыз ба,қай жерде?

Оқушылар бағалау парақшаларымен топ мүшелерін бағалағаны туралы бағалаушыларға сөз берілген кезде, қалай бағалағаны жайында айтып өтеді.

Кейінгі тапсырма:

Кері байланыс кезінде стикерге тілек-ұсыныстарын жазып, оқушылар жазғандарын тақтаға іліп кетеді.


Бағалау парақшалары


Рефлекция, стикер




  Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 1
1. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар В) Қайдан? С) Ешкім Д) Олар Е) Кейбіреу
2. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз 
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз? 
Д) Әркім, қайсыбір, ешқашан Е) Мынау, осыңыз, соным
3. Көбіне тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрі.
А) Сұрау есімдігі В) Жалпылау есімдігі С) Белгісіздік есімдігі
Д) Болымсыздық есімдігі Е) Өздік есімдік
4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі? В) Бұнысы, мынауыңыз С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз Е) Барлығынан, бәрінің
5. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше В) Саған С) Дәнеңе Д) Әлдекім Е) Түгел
6. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?
А) Зат есім орнына қолданылса. В) Сын есім, сан есім орнына қолданылса.
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе. Д) Сөйлем соңында келсе.
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса.
7. Сын есім орнына жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Қайсыбір В) Әлдекім С) Біреу Д) Әлдеқайдан Е) Кімде-кім
8. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.
А) Осынау В) Оған С) Әрне Д) Кейбіреулер Е) Ештеңе
9. Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сендер нешеусіңдер?»
А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Толықтауыш Д) Анықтауыш Е) Пысықтауыш
10. Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Әркімді заман сүйремек.
В) Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден.
С) Жаңа жолдың басшысы – ол.
Д) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Е) Сенен аяр түгі жоқ,  Бүгін сыйлас көрініп. 
 Амангалиева Салтанат Аманкосовна

Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні оқытушысы

Орал қаласы

Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН,  70 бет]

Осыған байланысты оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.



Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет]

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

  • Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Практикалық маңызы

  • Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

  • Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;

  • Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

  • Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;

  • Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге 

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критерийдің мазмұны:

Критерийлер

 


Дескрипторлар

 


А

Білу және түсіну

 


Жекелеген  сыныптар  мен пәндер  көлемінде  оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және  сипаттамаларды  білу және  жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану

 


Бұрын алған ақпараттар  мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану.Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару,  жобалар, мәселені шешу  және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады



С

Сыни ойлау жәнезерттеу

 


Білім  көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау  арқылы  пікірлер  қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар  мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы  зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.

D

 


Коммуникация және рефлексия

 

 



Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар  мен     ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын  қабылдай отырып, өз көзқарасын   түсіндіру арқылы ортақ ойға  келу. Айтылған  ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты  жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.

Әдебиеттер

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.



2. http://moodle.nis.edu.kz

Өздік етіс

өзгелік етіс

Ырықсыз етіс

Ортақ етіс

- ын, -ін, -н

1.-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз

2.-дыр, -дір, -тыр, -тір-ыр,-ір

3. –т.

-ыл, -іл, -л.

-ын, -ін, -н.

-ыс,-іс,-с


Етіс

Өздік етіс Өзгелік етіс Ырықсыз етіс Ортақ етіс

Жу-ын-ды жаз-ғыз айт-ыл-ды жаз-ыс-ты

Тара-н-ды жүр-гіз бер-іл-ді сөйле-с-ті

Ки-ін-ді сал-дыр тазала-н-ды сал-ыс-ты

Күй-ін-ді ас-ыр жаса-л-ды тазала-с-ты



Ора-н-ды сөйле-т сал-ын-ды іл-іс-ті
Каталог: uploads -> doc -> 11f8
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f8 -> Тақырыбы: "1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс"
11f8 -> Cабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
11f8 -> Сабақ тақырыбы: Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет