Шымкент білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары №
|
Оқу тобы
|
Оқушылар саны
|
Өткізу мерзімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пән: Информатика
Оқытушы: Шайым Д.Қ.
Өткізілетін аудитория:
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің негізгі түсiнiгi,алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi құрастыру тәсiлдерi.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымы, оның қасиеттері және бейнелеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Блок-схема құруды үйрету.
Білімділік: оқушылардың алгоритм, алгоритм қасиеттері және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін меңгеруін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекі құралдар: слайд,таратпа қағаздар.
Пән аралық байланыс: математика,тарих.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру сәті (3мин.): Аудиторияны сабаққа дайындау, студенттердің назарын сабаққа жұмылдыру, студенттерді түгелдеу, ақ халатпен отырғызу.Сабақтың мақсаттары,кезеңдері,атқарылатын жұмыс түрлерімен таныстыру.
2. Алынған білімнің өзектілігі(15мин.). Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Білімді бақылауды ұйымдастыру.
Студенттерге өтілген сабақ бойынша ауызша сұрақтар қойылады:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
3. Жаңа сабақты түсіндіру (50 мин.)
Алгоритм деген не?
Программа дегеніміз?
Алгоритм қасиеттері қандай?
Блок-схема түрлері.
Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды.
Алгоритм ұғымын толығымен түсіну үшін оның қасиеттерін білу қажет. Және де компьютерде орындалатын алгоритмге қойылатын талаптарды білу керек:
алгоритм нақты және анық берілуі қажет;
модульдік қасиетке ие болуы керек (яғни, алгоритмді қарапайым кіші бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу керек);
белгілі бір уақыт аралығында бір нәтижеге келу, яғни, алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритмді қолдану.
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек.
2. Алгоритмнің дискреттік (үзіктілік) қасиеті. Үлкен алгоритмді кіші модульдерге бөлу мүмкіндігі болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритмді кіші бөліктерге бөліп, аралық нәтижені бақылауға мүмкіндік алуға болады. Алгоритмді 2-3 бөлікке бөліп, оның әрқайсына бөлек алгоритм құруға болады.
3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін табатын алгоритм тек қана бір есепке емес, барлық квадрат теңдеу есептеріне арналған болуы керек.
Алгоритмді жазу тәсілдері.
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны белгілі бір заңдылықтарға сәйкес өңдеу керек. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар:
1. Табиғи тілде
2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Яғни, қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
3. Блок-схема түрінде графикалық кескіндеу.
4. Программалау тілінде жазу.
Осының ішінде алгоритмді блок-схема түрінде жазу және одан кейін оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады.
Алгоритмді графикалық кескін түрінде жазу – кеңінен қолданылатын тәсіл. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.
Атауы
|
Блок-схема түрі
|
Негізгі әрекеттері
|
Процесс
|
|
Математикалық өрнектерді есептеу
|
Таңдау
|
|
Шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау
|
Модификация
|
|
Циклдің басы (қайталау)
|
Енгізу және шығару
|
|
Берілгендерді енгізу және шығару
|
Басы, соңы
|
|
Алгоритмнің басы және соңы
|
Қосалқы программа
|
|
Қосалқы программа шақыру
|
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.
Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.
Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.
Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді.
алг Z функциясын есептеу
(нақ a, b, x, z )
арг a, b, x
нәт z
басы
a, b, x енгізу
t : = ax 2 + b
z : = t + cost + tgt
x, z шығару
соңы
2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті
түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.
3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.
4. Жаңа материалды пысықтау: (12мин).
Алгоритм қасиеттері?
Алгоритмнің формальды орындалуы дегеніміз не?
Алгоритмді жазу тәсілдері?
Блок-схема дегеніміз не?
Қандай блок-схема түрлерін білесіңдер?
Блок-схема құру үшін қандай ережелерді білесің?
5. Үй тапсырмасы (3мин.) 18-34 бет. О.Камардинов «Информатика».
6.Сабақты қорытындылау. (2 мин.)Бағалау және оны жариялау.
7. Рефлексия (5 мин): Тақтадағы алма ағашы салынған плакатқа оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алма стикеріне жазып жабыстырады.
Тексерілді: Сейдалиева Ұ.А. Оқытушы: Шайым Д.Қ.
(ПБК төрайымы) (Оқытушының АЖТ)
ПК Ф 705-12-2017
Достарыңызбен бөлісу: |