Сабақ жоспары №11 Сабақ тақырыбы: Microsoft Word терезесіне шолу. Microsoft Word мәтіндік



Дата06.01.2020
өлшемі337 Kb.
#55457
түріСабақ
Байланысты:
11 MS Word редакторының терезесі
6 Компьютерді вирустардан сақтандыру жолдары. №43 Зертханалық жұмыс, 7 Қолданбалы бағдарламалар жіктемесі , 7 Қолданбалы бағдарламалар жіктемесі , 12-13 Құжаттарды құру тәсілдері. №44 Зертханалық жұмыс, 15 Абзацтарды форматтау, 14 Бақылау жұмысы
Бекітемін _______________

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары



07.10.2019 Ажигалиева Ж.Т.

Сабақ жоспары № 11

Сабақ тақырыбы: Microsoft Word терезесіне шолу. Microsoft Word мәтіндік

редакторында құжаттармен жұмыс жасау

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Microsoft Word мәтіндік редакторында құжат жасаудың

негізгі элементтерімен таныстыру.



2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

3.Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: теориялық, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тест тапсырмалары, карточкалар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардан тест арқылы үй тапсырмасын қайталау.



ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіру

Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған Microsoft Оffice қосымшасы.

Microsoft Wordбұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кіріструге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқада көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.

Microsoft Word редакторын бірнеше тәсілдермен іске қосуға болады.

Бастау Бағдарламалар Microsoft Оffice Microsoft Word.

Microsoft Оffice-тің соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Microsoft Word-ты былай іске қосуға болады.



Бастау Бағдарламалар Microsoft Word.

Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.




Microsoft Word бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:



  • Тақырып жолағы- онда терезені басқару батырмалары және орналасады.

  • Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады.




  • Стандартты құралдар үстелі - Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.



құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.




  • Сызғыш – құжаттың өрістерін жәнеөрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді.




  • Айналдыру сызығы – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.



  • Қалып күй жолағы – құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді.


Практикалық жұмыс.

Жұмыстың мақсаты: MsWord мәтіндік редакторын іске қосу тәсілдерін меңгеру. Мәтіндік редактордың құжат құру экраны, мәзір қатары және аспаптар панелі элементтерімен танысу. Аспаптар панелін қолданып құжат даярлау, түзету және сақтауды үйрену.

Тапсырма № 1

  1. MsWord мәтіндік редакторында жаңа құжат ашыңыз.

  2. Төмендегі мәтінді теріңіз және ұсынылған үлгіге сәйкес пішімдеп, құжат даярлаңыз.

  3. Құжатты компьютер деген атпен сақтаңыздар.

Компьютер қалай пайда болды?

Компьютер сөзі ағылшын тілінің to compute, computer сөздерінен шығып есептеу, есептегіш мағынасын білдіреді. Ал дүниежүзі бойынша алғашқы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.Ал «ЕМАС» деп аталатын бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы Пинсильвания университетінде жасалды.Оны құрастырушылар-Моучли мен Эккерт. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың салмағы көптеген тонна болатын және бірнеше бөлмені алып тұратын. Қымбаттығы сонша — мұндай машиналарды ел үкіметтері мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын. Дербес компьютерлер жайына келсек, 1990 жылдан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы компьютері көпшілікке таныла бастады.

Тапсырма № 2

  1. MsWord мәтіндік редакторында жаңа құжат ашыңыз.

  2. Төмендегі мәтінді теріңіз және ұсынылған үлгіге сәйкес қайта пішімдеп, құжат даярлаңыз.

  3. Құжатты Словарь атымен сақтаңыздар.

Книгаbook- кітап- китап

Школа- school-мектеп- мәктәп

Учитель- teacher- мұғалім- муәллим

Ученик- student- оқушы- оқуғучи

Тетрадь- notebook- дәптер- дәптәр

IV. Сабақты бекіту.

  1. Мәтіндік процессоры дегеніміз не?

  2. Microsoft Word мәтіндік процессорының негізгі қызметін атаңыз?

  3. Microsoft Word мәтіндік процессорынан шығудың қандай тәсілдерін білесің?

  4. Microsoft Word мәтіндік терезесінің құрылымын сипаттаңыз, оның негізгі элементтерінінің қызметін атаңыз?

Үйге тапсырма беру. 8-синип § 7.1. Жазылған конспектіні оқып келу.
Оқушыларды бағалау.

Оқытушы: Н.Хаирлиев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет