Сілтеме
|
Сабақ жоспары №6
|
Робототехника
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Моторлар және датчиктер
|
Жалпы мақсаттар
|
Диалогқа түсіу арқылы, жаңа тақырыпты ұтымды меңгеруге үйрету;
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларына негіз салу арқылы интеллекті мен шығармашылықты дамыту;
Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлығы: Үлкен және орташа моторларды, түс датчигі, ультрадыбыс датчигі, жанасу датчигі, гироскопиялық датчикті бір-бірінен ажырата алады
Көбісі: Үлкен және орташа моторлардың, түс, ультрадыбыс, жанасу, гироскопиялық датчиктердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін біледі;
Кейбіреу: Моторлар мен датчиктердің өмірде қажеттілігін анықтай алады.
|
Сабақтың түрі, типі
|
Аралас
|
Әдіс-тәсілдер
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Жеке, жұппен, топтық жұмыс, тақтамен, дәптермен жұмыс
|
Дерек көздері
|
Оқу бағдарламасы. Жалпы білім беретін мектептің -5 сыныбына арналған слайд.
|
Көрнекіліктер
|
Моторлар және датчиктер түрлері, өткізгіштер, ЕV-3
|
Түйінді идеялар
|
Топтық жұмыста өз ойларын жеткізеді, ұйымшылдық, шапшандық өзіне сенімділік қалыптасады.
|
Бағалау
|
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар түрлі-түсті жетондармен бағаланады
|
Тапсырманың мазмұны
|
І модульдің жалғасы
|
Ресурстар
|
маркер, ватман, стикер, бағалау жетондары
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
|
Ұйымдастыру
/2 мин/
Топтасу
/1 мин/
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
-Оқушылармен амандасу;
-Кезекшіден сынып оқушыларын түгендеу, тексеру
Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топтарға топтасайық.
Столдың үстіндегі қиынды қағаздарды таңдап алып,сурет бойынша топтасу
1 топ –Ақпаратты сақтау үшін адам ....пайдаланады /диск/
2 топ –Ақпаратты жеткізу үшін адам.....пайдаланады /радио/
3 топ – Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адам....пайдаланады /тас/
Топпен жұмыс істеу үшін араларыңнан көшбасшы, баяндаушы, таймкипер, бағалаушы сайлап алыңдар. Топтарға бағалау жетондары беріледі
|
Оқушылар мәтіннің жалғасын тауып топтасады
Оқушылар рөлдерді бөледі.
|
Үй жұмысын тексеру
/5 мин
|
Үй тапсырмасын карусель әдісі арқылы тексеру.
|
Әр топ бір-бір сұрақ жазады , сұрақтар топтарға жіберіледі.
|
Сабақтың барысы
Ой қозғау
/топтық болжау стратегиясы/
/5мин/
Уәж беру
/3 мин/
Мәнмәтінмен жұмыс
/11мин/
|
Бейнеролик көрсету «LEGO EV3 Controlling 8 LEGO Motors: Break the EV3 Brick Output Ports Limit», «LEGO® MINDSTORMS® Education EV3»
Уәж беру
Үш топқа бірдей мәтін үлестіріледі. Оқушылар моторлардың, датчиктердің түрлерімен, жұмыс істеу принциптерімен танысады. Әр топ мәтінді оқып, түсінгенін келесі топтарға диалогқа түсіп түсіндіеді.
Мәтін:
Мотор (тартпа, қозғалтқыш) тек қана роботты емес, сонымен қоса түрлі механизмдер мен манипуляторды қозғалысқа әкелетін роботтың ажырамас бөлігі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, мотор робот үшін электр қуатын қозғалыс қуатына айналдырады.
Егер біз роботтың қозғалысты бастағанын қаласақ, қозғалтқышты басқарудың әртүрлі драйверлері арқылы моторға электр кернеуін беру керекпіз. Үлкен мотор:
Негізгі қызметтері:
EV3 үлкен моторы 1 градусқа дейін жоғары дәлдікпен басқару үшін тахометриялық кері байланысты пайдаланатын қуатты мотор болып табылады. Сондай-ақ ол тәжірибелер жасау кезінде дәл есептеуді қамтамасыз ету үшін қолданылу мүмкін. Мотор корпусының құрылымы тісті берілісті оңай жинауға мүмкіндік береді.
Техникалық спецификациялары мен ерекшеліктері
1 градусқа дейін өлшеу дәлдігі бар кіріктірме айналу тетігі;
максималды айналым 160-170 айн/мин;
қалыпты жұмыс кезіндегі айналу кезеңі 20 Н/см;
максималды айналу кезеңі 40Н/см.
Орташа мотор:
EV3 орташа моторы роботтың жылдамдығы, шапшаңдығы мен көлемі оның жүк көтергіштігінен маңыздырақ болғанда өте қолайлы.
Негізгі қызметтері:
Кіріктірме айналу тетігі.
1 градусқа дейін өлшеудің дәлдігі.
Техникалық спецификациялары мен ерекшеліктері
1 градусқа дейін өлшеу дәлдігі бар кіріктірме айналу тетігі.
максималды айналым 240-250 айн/мин;
қалыпты жұмыс кезіндегі айналу кезеңі 8 Н/см;
максималды айналу кезеңі 12 Н/см.
Датчик — әр түрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал. Датчиктер электронды және механикалық болып бөлінеді.
Датчиктің құрамына сезгіш және түрлендіргіш элементтері кіреді. . Электронды датчиктердің негізгі ерекшеліктері олардың сезгіштігі мен олқылықтар болып табылады.
жанасу;
ультрадыбысты
гироскопиялық
түс
|
Оқушылар бейнероликті көру арқылы жаңа тақырып не туралы болады екенін табады.
Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі, мұғалім мен оқушылар арасында жылы байланыс орнатылады
Оқушылар мәтінмен танысып, топпен талдайды.
Мәтін бойынша сұрақтарды қояды. Диалогқа түседі. Жауаптары дұрыс болмаса, басқа оқушылар көмектеседі.
Әр оқушы бір сұраққа жауап береді
|
Сергіту сәті
|
Бейнеролик
|
|
Бекіту
/11мин/
|
Постермен жұмыс.
Тақырып: І топқа«Роботтағы мотор»,
ІІ топқа «Роботтағы датчиктер»,
ІІІ топқа «Роботтағы датчиктердің пайдасы»
|
Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша ойларын постерге салады. Флипчарттарын қорғайды.
|
Бағалау
/3 мин/
|
Түрлі- түсті жетондарын пайдалана отырып, түс арқылы жеңді деп есептеледі.
«жасыл» -жақсы;
«сары» - орташа
«қызыл»- әлі де жұмыс істеу қажет
|
Оқушылар бірін-бірі бағалайды
|
Рефлексия
/2 мин/
|
Кері байланыс –«Кеме»
V
жаңа білім алу
|
+
Дұрыс емес түсініктерді түзету
|
___
Дұрыс емес түсінікті түзету
|
?
Тақырыпқа қызығушылық таныту
|
Мен не білдім?
|
Бұл маған жаңа нәрсе
|
Бұл менің білгеніме қарсы нәрсе
|
Мен бұл жайлы көп білгім келеді
|
|
|
|
|
|
INSERT стратегиясы арқылы оқушылар бастапқы білімдерін салыстырады.
Оқушы желкенді бір түске бояйды:
«Қызыл»-түсінгенжоқпын
«Сары»-тақырыпты жартылай түсіндім
«Жасыл»- түсіндім
|
Үйге тапсырма беру
/1 мин/
|
«YouTube» сайтынан «Моторлар және датчиктер » бейнежазбаны табу
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
|