Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу, топ ережесін құру
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Ережемен танысады.Топ басшысын сайлайды.
2. Білу
(3 мин)
«Миға шабуыл » әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау..
1.Алгоритмнің түрлері?.
2. Тармақталу операторлары?
3. Тармақталу операторларының қандай түрлері болады?
4.Тармақталу операторында қандай шарттар болады?
5. Циклдік алгоритм деген не?
6.Паскальда экранға мәлімет шағаратын қандай режимдер бар?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
1. Түсіну
2. Қолдану
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
Модель – кез-келген нысанның қарапайым кейіпі. Мысалы, қуыршақ қыздың модель. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтың моделі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық.Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады. Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз. Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.
Сәйкестендіру тапсырмасын орындау.
Оқушылар берілген сурет бойынша жаңа тақырыпты ашады
MS WORD бағдарламасында ақпараттық модель құрастыру
Әр топ мүшелері тапсырманы компьютерде орындап көрсетеді.
Жұптық жұмыс. .
7. Бекіту
1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу дегеніміз не?
4. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
5. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.
6.Есептің сипаттамасы, модельдеу мақсаты, нысанды талдау модельдеудің қай кезеңінде қарастырады?
Кері байланыс стикерге не үйренгендерін, не үйренгісі келетінін жазады.
10. Үйге
Тапсырма
Үй тапсырмасы. 4.1 тақырып оқу
Тапсырма: Берілген мәтіннен MS WORD бағдарламасында фигураларды қолданып ақпараттық модель құрастыру. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сұлба түріндегі моделін жасаңдар? Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыстауын жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы 10 тамызда туған. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, атасы – Өскенбай, арғы атасы – Ырғызбай. Құнанбайдың балалары Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан; Халиулла, Смағұл, қызы Кәмшат. Абайдың балалары: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан, Тұрағұл, Мекаил, Ізкаил, Кенже.
Абай жеті ұл, үш қыз сүйген.
Тапсырма:
MS WORD бағдарламасында фигураларды қолданып ақпараттық модель құрастыру. құттықтау хат моделін жасаңдар.
Тапсырма:
MS WORD бағдарламасында ақпараттық модель құрастыру