Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі білім салаларымен мысалдарына модельдерді зерттеу
|
Мұғалімнің аты-жөні: Конкаков Н
Күні: 01.02.2017ж.
|
СЫНЫП: 7
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
|
Оқушыларға Әртүрлі білім салаларымен мысалдарына модельдерді зерттеу туралы түсініктерін қалыптастыру және де ойлау, есте сақтау, қызығушылығын ояту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
|
Сабақтан күтілетін нәтиже:
3-деңгей (білу, түсіну):
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:
модель туралы түсініктерін толықтырады;
нақты өмірден модельдердің мысалдарын келтіре алады;
модель қасиеттерін анықтайды;
модельдерді түрге ажырата біледі;
компьютерлік модельдердің қызметін түсіндіре алады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Миға шабуыл: МОДЕЛЬ дегеніміз не?
|
1- деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Бұл модельдер қандай мақсатпен құрылғанын біле алады.
|
Тілдік мақсат:
|
Модель (фр.modе1е,ит.modе11о, лат.modulus - өлшем, үлгі)
|
Ресурстар:
|
плакат, маркерлер, кеспе қағаздары,бағалау тақтасы
|
Пәнаралық байланыс:
|
математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
|
Алдыңғы оқу:
|
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
|
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут
|
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)
Психологиялық ахуал: «Жақсы тілек айту» (бір-біріне тізбектей отырып айтады)
Оқушыларды 1,2 санау арқылы топқа бөлу.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
|
Мақтау мадақтау арқылы ауыз екі бағалау.
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Var операторының қызметі қандай?
Const операторының қызметі қандай?
|
Топтық жұмыс
1,2,3 балдық жүйемен бағалау.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Readln операторының қызметі қандай?
Writeln операторының қызметі қандай?
|
2-3 балл қою.
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Программа қанша бөліктен тұрады?
Программаның жауабын алу үшін қандай командаларды орындаймыз?
|
4-5 балл қою.
|
ЖАҢА САБАҚ
12 минут
|
«Мағынаны тану»
Оқушыларға бағыт-бағдар беру;
Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: -материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген / ұлғайтылған көшірмелері;
-бейнеленушімодельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
-ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).
Ақпараттық модельдер: компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.
|
Топтық жұмыс
1,2,3 балл мен есептеу.
|
САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
3-еңгей(білу,түсіну):
|
Топпен орындайтын тапсырмалар:
«Модельдерді түрлеріне қарай жіктеу»
1 топқа: материалдық
|
Топтық жұмыс
1,2,3 балл мен есептеу.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
2 топқа: бейнеленуші
|
Топтық жұмыс
|
1-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
3 топқа: ақпараттық
|
1,2,3 балл мен есептеу.
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
3-деңгей (білу, түсіну):
|
Әртүрлі білім салаларында қолданылатын модельдерге мысалдар келтіру
|
Дұрыс жауапқа 1балл
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Модельдерді түрлеріне қарай жіктеу
|
Дұрыс жауапқа 2балл
|
1-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
|
Модель жасап келу
|
Дұрыс жауапқа 3балл
|
БАҒАЛАУ
|
Бағалау. Бағалау критериі парақшасы арқылы бірін-бірі бағалауын ұсынамын.
|
Тау шыңы арқылы бағалау
|
КЕРІ БАЙЛАНЫС
|
Білдім,
Білгім келеді,
Үйрендім нұсқаларына пікірлерін жазуды өтінемін
|
|