9- сыныпқа қазақ тілінен арналған сабақ жоспары. Бұл сабақ жоспарында зат есім тақырыбың қайтала отырып білімдерін жалғастыру.Сабақты қортындылауға карточкаларды қолдану.
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Олармен танысу , түгендеу, өзара сөйлесу. Сыныпта неше оқушы жоқ?
II Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде қайталау.
Зат есім
Заттың, құбылыстың атын білдіретін сөз табы
Сұрақтары: кім? Кімдер? Не? Нелер?
Тұлғасыны қарай
Негізгі з.е
Туынды з.е
Құрамына қарай
Дара з.е
Күрделі з.е
Жалпылай және жекелей атауына қарай:
Жалпы есім
Жалқы есім
Мағынасына қарай
Деректі з.е
Дерексіз з.е
Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер? Туынды зат есім - түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім. Мысалы: білім, достық.
Етістіктің бұйрық райы іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Бұйрық рай етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: қорғайын, қорға, т.б. Қазақ тілінде зат есімдер жұрнақ жалғау арқылы да жасалады. Оларды туынды зат есімдер деп аталады.