Сабақ жоспары Мектеп: «Достық» жалпы орта мектеп Мерзім: 07. 12. 2016ж



Дата17.02.2018
өлшемі67,82 Kb.
#37741
Өзiн-өзi тану» сабағының ағылшын пәнімен кіріктірілген сабақ жоспары

Мектеп: «Достық» жалпы орта мектеп

Мерзім: 07.12.2016ж.

Мұғалiм: Байрова Ақжан Бактыбаевна

Сынып: 1 «б» Оқушылар саны: 1 «___».

Тақырып: Бір-бірімізге көмектесейік. №14 сабақ

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, достық.



Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншілік ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:

- оқушыларға бәрін жақсы көру керектігі туралы түсінік беру;


- оқушылардың бауырмалдық, достық қасиетін дамыту;
-отбасындағы сүйіспеншілікті сақтап қалуға тәрбиелеу;

Ресурстар: \құралдар,
мәліметтер\

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті:Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ….. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?
Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді    тудырды?

Топ ережесін қайталап, еске түсіру.
2. Талқылауға арналған сұрақтар. 
-«Дос» деген ұғымды қалай түсінесің?

-Достар қандай болу керек?

-Сенің досың бар ма?

-Сен жақсы доссың ба?



Ишара:

Оқушыларға көмек көрсету, «жарайсың», «бәрекелді» деген сияқты сөздермен оқушыларды қолдап отыру.



1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

Тыныштық,Талап,

Тазалық, Тыңдау,

Татулық.


Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Шаттық шеңберіне шақыру.

Армысың алтын күн,

Армысың көгілдір көк аспан,

Армысың достарым.

Осы сөздерді ағылщын пән мұғалімі ағылшын тілінде жүргізеді.

2.«Көңіл-күй аралы» стратегиясы (жапсырма қағаздар арқылы топқа бөлу. Білімділігін айқындау мақсатында дауысты және дауыссыз әріптер арқылы топқа бөоеміз.)

«Бірлік», «Достық» топтары

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, бүгінгі сабақта сендерді көргеніме қуаныштымын!

-Ал, балалар сендердің сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай? (Сабақтың басындағы көңіл-күйлерін дөңгелекшелерге смайлдарды салу арқылы көрсетеді)



Тақырыпты ашу:

Қызығушылықты ояту

Бауырсақ ертегісіндегі суреттер бойынша тақырыпты ашу сұрақтарын қою:

- Суреттердегі кімдер?

- Бауырсақ ертегісін ьарлығымыз білеміз ба?

- Ал, балалар бауырсақ ертегісін білсек бүгін біз сол бауырсаққа көмек қолын созып, ата-әжесіне тезірек жетуіне көмектесейік.

Болжалды жауаптар:

-Балалар біз бауырсаққа көмектесеміз және бір-бірімізге көмектесеміз...

-Дұрыс айтасыңдар.

-Бүгін біз сабақта «Бір-бірімізге көмектесеміз» атты тақырыппен танысамыз.



Дәйексөз.

Бір-біріне көмектесу- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас.  Бір-бірлерінің  көмектесе отырып қарым-қатынасымыз да жақсара түседі. Адам қиын жағдайға душар болған кезде ғана біреуден көмек сұрайды. Осы сәтте адамдарға көмектесу адамгершіліктің, жақсылқтың белгісі. Сондықтан біз әрқашан бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Біз тек адамдарға ғана емес жан-жағымыздағы жан-жануарларға, табиғатқа көмектесе алады екенбіз.

Сенің досың бар ма?

Досымыз қиын жағдайға тап болғанда не істейміз?

Отбасымызға қандай көмек көрсетіп жүрміз?

Бір-бірімізге көмектесу дегенімізді қалай түсінеміз?



1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап

Қажетті оқу-құралдар: оқулық , дәптер, түрлі-түсті бояулар.


  1. Мұғалімнің сыйы: (ертегі)

«Бауырсақ» ертегісінен қоянның тапсырмасы:

Қоян мен бұғы”ертегісі

Бірде қоян мен бұғы дос болыпты. Олар бір орманда тіршілік

етеді екен. Бірде қоян мен бұғы екеуі әңгіме дүкен құрады.

Қоян:

-Бұғы достым,мен саған басымнан кешкен бір оқиғаны айтып берейін,-



дейді.

Бұғы:


-«Е,айтсаң айт»,-дейді.

Қоян:


-Мен бір күні келе жатып бір жерде жылаған дыбысты естідім.

Сөйтіп бұл дыбыс қайдан шықты деп,сол дыбыс шыққан жаққа

құлағымды тігіп бардым.Сөйтсем бір жас шыбық жылап тұр екен .

-«Сен неге жылап тұрсың?»-деп сұрадым.

Жас ағаш:

-Мына жерден жаңа бір-екі бұзақы балалар өтіп еді,жай өтпей енді

ғана шығып келе жатқан бұтағымды сындырып кетті,-деді.

Қоян:


-Мен шыдай алмай,олар қайда,қай жаққа кетті,-дедім.

-Мына жолмен кетті,-деді жас шыбық.

Мен сол балалардың артынан барып,оларды тоқтатып:

-Ей,оқушы балалар,сендер неге жас ағаштың шыбығын сындырдыңдар,-

дедім.Олар маған күліп:

- Сен, қорқақ қоян мына бізге ақыл айтып тұрсың ба?-деп мені

келемеждеді.Сол кезде мен:

- ИЯ мен қорқақ болсам қорқақ шығармын,бірақ табиғатты қорғауда және достарыма көмектесуге келгенде еш қорықпаймын,- дедім.

Осы сөздеріме ұялған екі бала жасаған істеріне ұялып,сындырған бұтаны дұрыстап,орнына бекітіп байлап қойыпты.

-Жас шыбық ,сен бізді кешір, енді бұзық болмаймыз,-деді балалар.

-Табиғатты аялаймыз!

Енді кеше сол ағаштың жанынан өтіп едім,ол ағаш әжептәуір бүр

жарып,гүлдеп тұр екен. Жас ағаш маған рақметін айтты.

-Міне достым,осылай менің кішкентай болса да табиғатқа деген көмегім

тиді деп ойлаймын,- деп сөзін аяқтады қоян.

Досының бұл ертегісіне риза болған бұғыда қатты қуанды.



  1. Қоян дұрыс әрекет жасады ма?

  2. Ол не істеді?

  3. Балалардың істеген ісі дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

  4. Балалар өз қателіктерін түсінді ма?

  5. Қоян табиғатқа қандай көмек көрсетті деп ойлайсыңдар?

  6. Біз де табиғатқа, айнала қоршаған ортаға көмек көрсете аламыз ба?

Бауырсақ сендерден көмек сұрап тұр. Қоян оған тапсырма беріпті көмектесеміз ба?

Әр топ өз ойларынан «Көмекшімін әрқашан,

Көмектесем бәріне.» тақырыбына сай әр топ өз ойларынан сахналық көрініс ойлап тапсын. Сосын сахналап көрсетеді.


Интернет желісі.

5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

Енді балалар Бауырсақ қасқырдан құтқаруын сұрап жатыр, көмектесміз ба? Қазір бізге қонаққа Арай апайларың келіп қасқырдың тапсырмасын орындауға көмектеседі. Қасқырдың тапсырмасы: ол санау білмейді екен, санауды үйретеміз ба?

1-10 ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санайды.

Бауырсақ шапалақтайды.

Клап,клап, клап.

Бауырсақ топылдатады,

Стамп, стамп, стамп.

Бауырсақ секіреді,

Хоп, хоп, хоп.

Бауырсақ жүреді,

Степ, степ, степ. Міне балалар Бауырсақ сендерге қатты қуанғандықтан риза болды.

Аюдың тапсырмасы: Сендерге аю суреттер әкеліпті, осы суреттерге әңгіме құрастыру керек екен. Бауырсақты аюдан құтқарып алайық.



1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

  1. Топпен ән айту.

Бауырсақ домалап жүріп түлкіге кездеседі. Балалар біз бауырсақты түлкі жеп қоймау үшін, түлкінің көңілін аулап ән айтып берсек, түлкі көңілденіп бауырсақты ата-әжесіне жіберемін деп жатыр. Қане барлығымыз « Топ, топ балақан» әнін айтамыз.

Топ, топ, балақан,

Шапалақта алақан.

Топ, Топ, балақан,

Шапалақта алақан.

Мәпелеген анамыз.

Әке біздің панамыз.

Кәмпит берсе біздерге,

Риза болып қаламыз.

Ағылшынша аудармасын айту.



1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

.Үй тапсырмасы. а) Өзің жақсы көретін адамдарға арнап, суретін салу;

1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

8. Соңғы тыныштық сәті.

Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.


-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік,бар жерде.



Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, бүкіл әлемде. Рахмет!

1 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы


Оқу ісінің меңгерушісі: П.Ахметова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет