Сабақ жоспары Пәні: Әдебиет Сыныбы : 5 Тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек «Әйел Ана» ертегісінің ерекшелігі



Дата26.08.2017
өлшемі97,75 Kb.
#28336
түріСабақ
Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

№9 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі


Сарсенбаева Назира

Абдуллақызы
Сабақ жоспары

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек «Әйел - Ана»

ертегісінің ерекшелігі



Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: Оқушылардың оқыған ертегісі бойынша мазмұнын меңгерте отырып, кейіпкерге мінездеме беріп, салыстырып, олардың бейнесін аша білуге, алған білімін қолдана білуге үйрету. 
2.Дамытушылық: Әр баланың сезіміне ерік бере отырып, іздену, хат жазу, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ол қасиеттерді ажырата отырып, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: талдау, шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, сұрақ-жауап, ой шақыру, салыстыру, СТО, шығармашылық жұмыс. 
Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд арқылы тірек, сызба қағаздар
Сабақтың барысы
І.Мағынаны тану: 
1. Табалдырық – Есіктің маңдайшасына қарама- қарсы, төменгі жағындағы жерге, еденге тиіп тұратын көлденең ағаш
2. Әудемжер - дауыс жететін қашықтық. Көкбайдың «Әудемжер» деген әні бар. 3. Қозыкөш - аса алыс емес, біршама қашықтық өлшемі. Біржан салдың ұмытылған әні «Қозыкөш» немесе «Бір бала», «Бір ғана».
4. Беласар – жүргіншінің жолы. XIX ғ. өмір сүрген Әлімұлы Алшын Беласар батыр.

5. Жолайрық - ең шешуші жол немесе жолдың соңы.


ІІ.Ой толғаныс: 
Ой толғау. Шығармашылық жұмыс 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ынталандыру, кітап, дәптер, қажетті құрал-жабдықтарын дайындату, бағалау парағын тарату. 
Бүгінгі сабағымызда топқа бөліп, ертегі желісін толық көрсетуге тырысамыз. Әр топ өз алдына топ басшысын сайлайды және топ болу үшін өз ережелерін шығарады.
Кіріспе сөз: Өткен сабағымызда ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілермен таныстық. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан ондай ертегілерді әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.
Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады. Әдеби ертегілерде еңбек адамын қадірлеуді, туған елді сүюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды. Міне, сондай ертегілердің бірі Ақселеу Сейдімбектің «Әйел - Ана» ертегісінің мазмұнымен таныстық.

II. Үй тапсырмасын сұрау:






Ә

д

е

б

и













С

е

й

д

і

м

б

е

к










Л

е

н

и

н

ш

і

л

ж

а

с







Т

о

л

а

ғ

а

й













-










Қ

а

р

а

с

ө

з
















Е

р

н

а

з

а

р

























А

ж

а

р







Сұрақтары:

  1. Автор белгілі ертегілерді қалай атайды?

  2. Жаңаарқа ауданында дүниеге келген профессор кім?

  3. 1968-1975 жж. Сейдімбек қай газеттің тілшісі қызметін атқарды?

  4. Ә. Тәжібаевтың ерлік тақырыбына жазылған ертегісі қалай аталады?

  5. Әдеби ертегілер көбінесе қалай айтылады?

  6. «Ер Төстік» ертегісіндегі Ер Төстіктің әкесі кім?

  7. Әдеби кейіпкер – Сымайылдың анасы кім?
    Мағынаны тану: 
    Табалдырық 30 ұпайдан болады.
    1.Ертегі қалай басталады?
    2. Күншуақ елінің халқы қандай болды?
    3.Жау елге қай кезде шабуыл жасады?

4. Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады?

Әудемжер 40 ұпайдан болады

Бұл қай сәт



  1. Батырларының қолы қаруға жетіп үлгермей, қарттары ақыл беріп үлгермей, арулары қамдана алмай қапа болып, Күншуақ елінің үлкен – кішісі жаппай тұтқынға түседі....(Күншуақ еліне қапысын тауып, жау шапқан сәті)

  2. Күншуақ елінің үлкен – кішісі мына сұмдық жарлықты естігенде теңіздей толқып, кемедей теңселіп, күңіреніп қоя берді. (Биік мұнарадан дабыл қағылып, жау елшісінің жарлық жариялаған сәті)

  3. «Уа, тұтқындар! – дейді сұсты дауыспен. – Әміршінің жарлығы екі болмақ емес! Маңдайларыңа жазылған екі – ақ таңдау бар: бірі – қолынан ұстар баласын жетектеп, иығы көтерер жүгін арқалап, Күншуақ елінің әйел заты мына тас қорғанған аман – есен бостандыққа шығады. Оған көнбесеңдер, екінші таңдайтындарың – жаппай өлім! Осы екі жолдың бірін таңдау үшін үш күн уақыт беріледі!» (Бұл жарлықта дұшпанның іштей есебі болған сәті)

  4. «Дүниеде өлімнен өткен өкініш жоқ! – дейді қариялар. – Жаппай қырылып, із – түзсіз болғанша, тұяқ жалғар баламыз бен таңдап сүйген жарымыз бостандық алсын. Артымызды оңалтар үміт – тілегіміз де солар болсын. Басқа жолды таңдаудың қисыны жоқ!» (Күншуақ елінің ақылгөй қариялары бір тоқтамға келген сәті)

Қозыкөш 50 ұпайдан болады. Бұл қай кез?

  1. Ажал күтіп, артында қалар әкесін құшақтап балалар шырылдайды, сүйгенінен тірідей айырылған тағдырына лағынет айтып, әйелдер зарлайды. (Күншуақ елінің амал таппай, дал болып отырған кезі)

  2. «Қанқұйлы жау қапысын тауып, қайратымызды мұқалтса да, ақылымыздан адастырған жоқ. Сондықтан, сабыр етіп, ақыл қорытайық. Күзетші арқылы жаудың әміршісіне хабар бергізіңдер, бізге қояр шартын өз аузынан мәлімдеп, сол шартты бұлжытпай орындайтынына ант етсін. Сонда да дегені болады.» (Ананың дұшпан әміршісінен ант беруін талап еткен кезі)

  3. «Бердім уәдемді, көк Тәңірінің атын атап ант еттім!» - дейді әмірші. Солай дейді де күзетшілерге белгі береді. Тас қорғанның қақпасы ашылады. (Дұшпан әміршісінің ант берген кезі)

  4. «Өзің емес пе, қолынан ұстар балаңды жетектеп, иығың көтерер жүгіңді арқалап шықсаң, азаттық беремін деп ант еткен!» (Күншуақ аналарының ақ сақалды шалын иығына мінгізіп қақпадан шыға берген кезі)

Беласар 60 ұпайдан болады.

  1. Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық           жасады?

  2. Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?

  3. Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?

  4. Автор «Күншуақ елі» дегенде сенің көз алдыңа қай ел елестеді? Неге?

Жолайрық Алтынкөмбе болады. Оның сұрағы: Қиын жағдайдан елді кім құтқарды? Неге Әйел – Ана ер адамдарды арқасына көтеріп алған?

Актерлық жұмыс:Мына бейнероликте кімнің рөлі сомдалған? «Уа, бір туған бауырлар, сабыр етіңдер! – дейді ақ шашты Ана. – Сабыр етіңдер! Көздің жасы ажалға араша тұрар болса, жер бетіндегі өзен мен көл, теңіз бен мұхит атаулы әлдеқашан арманда кеткен боздақтар болып алдыңнан шығар еді. Бірақ, өмірдің заңы қатал, ақыл мен қайрат таусылып, ажал басқа төнсе, көздің жасы қорған бола алмайды. Қанқұйлы жау қапысын тауып, қайратымызды мұқалтса да, ақылымыздан адастырған жоқ. Сондықтан, сабыр етіп, ақыл қорытайық. Күзетші арқылы жаудың әміршісіне хабар бергізіңдер, бізге қояр шартын өз аузынан мәлімдеп, сол шартты бұлжытпай орындайтынына ант етсін. Сонда да дегені болады.»


Білімді бекіту: Шығармашылық жұмыс. Ана туралы шағын эссе жазу.

Тірек сөздер:

Бүкіл адамзаттың тәрбиешісі,

Ананың жүрегі,

Өмірдің бастауы,

Ананың ақ сүтінен дариды,

Бір қолымен бесік тербетсе,

Анасына қарыздар,

Бас иеміз.
Бағалау кезеңі:  Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Сен де «Қиялға ерік беріп...» деген тақырыпты негізге алып, қиялыңнан осы ертегіге ұқсас ертегі жазып көр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет