Масатбаева Салтанат Сабырқызы
Астана қаласы
Ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ»
Сабақтың мақсаты: Өзіміз өмір сүріп отырған ортамен таныстыру,
табиғат пен адам қоғамының байланыстары, табиғатты
аялау, қорғау жолдарын әрдайым есте сақтау керек
екенін ұғындыру
:
Міндеттері: А) Қазақ халқының баға жетпес құнды байлығы –
табиғатын қорғау;
Ә) Әр оқушының басты парызы табиғатты қорғау
екенін ұғындыру;
Б) Әртүрлі ситуациялық жағдайлар арқылы қоршаған
ортада болып жатқан мәселелерді шешуге атсалысу
Көрнекіліктері: «Табиғат және біз» /слаид/, қанатты сөздер,
оқушылар салған сурет – қолөнер топтамасы, т.б.
Пайдаланған әдебиеттер:
// Тәрбие сабақтары. № 1, 2009
//География және табиғат. №2, 2009 жыл
//География, Биология, Экология орта мектепте. №1,
//Ашық сабақ. Факультатывті сабақтар. №2, 2011 жыл
Ы.Алтынсарин. Жинақтары. Алматы. 2000 жыл
«7 қазына» . Алматы. 2002 жыл
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөлініп отырғызады.
1 топ. «Жануарлар әлемі»
топ. «Табиғат әлемі»
3 топ. «Өсімдіктер әлемі»
ІІ. Негізгі кезең:
1. «Ой шақыру» мақсатында мұғалімнің оқушыларға сауалдар қояды
2 . Топ тақырыптарын қорғау (слаид арқылы)
Әр топ өз тақырыптарын қорғау мақсатында дайындап келген слаидтан презентацияларын көрсетіп, тақырыптары туралы мәліметтер береді.
1 топ. «Жануарлар әлемі»
топ. «Табиғат әлемі»
топ. «Өсімдіктер әлемі»
2. Көрініс. Ы.Алтынсарин. «Таза бұлақ» әңгімесі желісінде құрылған.
Қатысушылар: Автор:
Саудагер:
Молда:
Жас жігіт:
Ойтолғаныс. /Топ оқушылары көріністегі жағдайға байланысты өз ой-
пікірлерін айтады /.
3. Сіз білесіз бе? Қоқыс неше жыл өмір сүреді? (кесте)
Қағаз
|
2 – 10 жыл
|
Консервалы банкі
|
90 жыл
|
Шылымның фильтрі
|
100 жыл
|
Полиэтилен пакет
|
200 жыл
|
Пластмасса
|
500 жыл
|
Әйнек
|
1000 жыл
|