Сабақ жоспары Сынып: 6



бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі157,55 Kb.
#13988
түріОқулық
  1   2
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сынып: 6 «Ә»

Пән мұғалімі:

Бахтыгерей Азия



Пәні:

Математика



Күні

28.10. 2014 жыл



Сабақтың тақырыбы

ІІІ тарау. 3.1.Теріс сандарды қосу

Сілтеме:

Оқулық: 6 сынып. Математика.

Оқулық авторлары: Алдамұратова Т.А, Байшолано в Т.С

Ата мұра ,2011


Мақсаты:

Екі теріс сандарды координаталық түзуде қосып үйрену

Теріс сандарды қосу алгоритмін білу.

Білім алу дағдысын және танымдық шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру, топта жұмыс істеуге дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже


Теріс сандарды қосу ережесін біледі.

Теріс сандардың қосындысы теріс сан болатынын біледі.

Топпен жұмыстануға дағдыланады.

Есеп шығару арқылы шешімдерін топта талдап тексереді. Шығармашылық белсенділіктері артады.



Ресурстар:

Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс - тәсілдер


АКТ, СТО, диалог жеке, жұппен, топпен жұмыстар




Түйінді идеялар

Рационал сандарға амалдар қолдану

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер.

Тапсырмалар

Ауызша жаттығулар,деңгейлік тапсырмалар,жеке жұмыс ,

топтық жұмыс ,жұптық жұмыс( көрші қуанышымен бөлісу)

Жадыны дамыту(ойын),серпілген сауалдар


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин


Шаттық шеңбері

Сергіту сәті:

«Көңілді күн»


Оқушылар бір-біріне қарап жымиып, сынып мейірімге, жылылыққа толсын деп жақсы көңіл күй сыйлайды.

Көңіл – күйін анықтау.


1

мин


Бүгінгі сабаққа көңіл-күйлерін қандай? Интербелсенді тақтадағы «Көңіл-күй» бетшесіне оқушыларға өз көңіл –күйлерін білдіру тапсырылады. Сабақтың аяғына дейін көңіл-

күйлерін көтеріңкі деңгейде ұстау керектігі тапсырылады



Сабақ барысында өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін көңіл-күйін білдіретін смайлик таңдайды.

Топқа бөлу

1

мин


Әр түрлі түстер таратады, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады.

Оқушылар түстер бойынша бірігіп 4 топ құрайды, топ ережесін сақтайды.


Қызығушылық

ояту


5

мин


«Сиқырлы сандық» бойынша тақырыпты қорғау.

1.Санның модулі.

2.Рационал сандарды салыстыру.

3.Қарама-қарсы сандар.Бүтін сандар.Рационал сандар.



4.Координаталық түзу арқылы сандарды қосу.

Әр топ сиқырлы сандықты таңдау арқылы қай тақырып түссе, топта жақсы түсінген оқушы ортаға шығып қорғайды.




Үй тапсырмасын тексеру


2 мин

Координаталық түзу арқылы рационал сандарды қосу тақырыбына 5 мысал жазып келу тапсырылған еді.


Оқушылар осыған сәйкес орындаған тапсырмаларды әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.

Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады



Мағынаны ажырату
Жаңа тақырып

10 мин

«Ойлан – жұптас – талқыла» әдісі

Рационал сандарды қосуға 5 мысал қарастырып келгенбіз.Әр топ сол мысалдардың ішіндегі тек қана теріс сандарды қосу мысалдарын тақтадағы себетке әкеліп салайық.Енді

тақтадағы мысалдарға мұқият қарайық.

«Координаталық түзусіз де теріс сандарды қосуға бола ма?»деген сұрақ туады.Қалай ойлайсыңдар? Өзіміз ереже құрастырып көрейік.Қай топ тапқыр,қай топ шапшаң,қай топ аңғарымпаз?. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар дара,жұппен,топпен жұмыс істей отырып ,идея бөліседі, өнім жасалады.



Топтағы оқушылар мысалдарды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарында бір-біріне түсіндіреді.

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Оқушылардың өздері ережені(өнім)шығарады Бірін-бірі тыңдай отырып , өз білімдерін толықтырады. Ізденеді.










Ереже

Екі теріс санды қосу үшін:

1)Қосылғыштардың модульдерін қосу керек

2)Шыққан санның алдына минус таңбасын қою керек.




Оқушылар

салыстырады, ажыратады.

Әркім өзінің ойын айтады,ережені өздері шығарады.

Сабақтың тақырыбын өздері ашады



Семантикалық карта

Ауызша жаттығу

Деңгейлік тапсырма


3

мин


10

мин


Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі




Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап, кері байланысқа шығады


Әр топ кестені бірігіп толтырады да ,бірін-бірі тексереді.

Бағдаршам арқылы әр оқушының білімін бақылау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет