Сабақтың басы
Сабақтың
ортасы
Сабақтың соңы
|
Сәлемдесу.
І. «Қызығушылықты ояту» бөлімі.
«Ой шақыру»
Н.Өнербаевтың «Құстар қайтып барады» бейнебаян әніне қосылып айту
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Құстар, құстар сызылтып ән салады
Сол әнімен тербетеді даланы
Ал, адамдар күліп бастап өмірін
Кетерінде жылай да алмай қалады
Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?
Тамаша әнмен келіп еді көктемде
Өскен жерге сыймай кетіп барады
Өскен жерін қимай кетіп барады.
Топтық жұмыс.
1-тапсырма
Құстар қайтып барады
-Әңгіменің тақырыбы қандай?
«Қаздар қайтып барады»
-Құстардың да, Байтас қарттың да, жазушының да мақсаты не?
Туған жерге оралу
-Автор мен кейіпкердің мақсаты- осы әңгіменің идеясы.
-Байтас қарттың туған жеріне жетуіне қорғаушы болған қандай бұйым?
Тұмар -зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және йер тіркесінен "туған жер" мағынасын береді. Көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген.
«Жаялық»(Үш топтың оқушылары өз жауаптарын параққа жазады. Әр топ жауап парақтарын алмасып, жауаптарға шолу (келісу, келіспейтіндігін) жасайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы әр топтың бір мүшесі қарсы топтың жұмысын бағалайды.)
ІІ. «Мағынаны тану»
«Өмір баспалдағы»
ІІ тапсырма.
Кейіпкердің басты арманы туған жерге жету болса, сол арман жетегіне жетелеген тұмар арқылы «Өмір баспалдағын» бейнелі сөздер тізбегімен өрнектеу. Әр бейнелі сөздер тізбегін 1 сөйлеммен байланыстыра қорғау.
|