Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 3В. Қысқаша көбейту формулалары



бет1/3
Дата28.01.2023
өлшемі157,3 Kb.
#166665
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
user file 5b0f7a6bb608f
электромагниттік толқындарpptx, МАЗАСЫЗДЫҚ ПЕН УАЙЫМ БАСҚАН КЕЗДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА - Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы. Қарағанды облысы бойынша өкілдігі, Қасым хан ҚМЖ

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:7.3В. Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп:«Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты » ММ

Күні: 07.02.18.

Мұғалімніңаты-жөні: Гүлнар Сүйіндікқызы Кабиева

Сынып: 7а

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны: -

Сабақтақырыбы

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру

Сабақта қарастырылатын
оқыту мақсаты

7.1.2.14
тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;



Сабақмақсаттары

Оқушылар:
- алгебралық өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолдану;



Бағалау критерийлері

Білім алушы:
-қысқаша көбейту формулаларын біледі;
-қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді ықшамдай алады;
-тепе-теңдікті қысқаша көбейту формулаларының көмегімен дәлелдейді

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:
- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;
- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- қысқаша көбейту формулары;
- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;
- екі өрнектің қосындысының квадраты;
- екі өрнектің айырмасының квадраты;
- екі еселенген көбейтінді;
- үш еселенген көбейтінді;
- екі өрнектің қосындысының кубы;
- екі өрнектің айырмасының кубы;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы;
- екі өрнектің кубтарының айырмасы;
-көбейткіштерге жіктеу;
- ортақ көбейткіш;
- ең үлкен ортақ көбейткіш;
- топтау тәсілі;
- толық квадрат;
-толымсыз квадрат.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;
- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;
- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;
- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;
- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;
- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;
- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ... ;
- егер ... болса , онда көпмүшелердің көбейтіндісі нөлге тең;
- көпмүшенің ... бар мүшелерін(өрнекті) бірге топтаймыз;
- берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін ... қолданамыз;
- берілген өрнектен қосындының (айырманың) квадратын бөліп алу үшін...;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет