Сабақ кезеңдері Мазмұны Жеті модульдің көрінісі



Дата22.03.2017
өлшемі19,71 Kb.
#12187
түріСабақ
  • өткен материалды меңгеру дәрежелерін тексеру, оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.
  • Пунктуация ережелерін қайталау, теориялық материалды тәжірибеде қолдана алу.
  • Сабақ кезеңдері
  • Мазмұны
  • Жеті модульдің көрінісі
  • І. Ұйымдастыру Амандасу. Таңғы жаттығу
  • Оқушылардың жас ерекшеліктері, СТО
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
  • 235- жаттығудың орындалуын тексеру.Жұп арасында дәптерлерді ауыстыру.
  • Диалог, СТО, бағалау.
  • ІІІ Тақырыпқа шығу
  • Сөздер мен тыныс белгілері қиылған қағаздарды беру. Қима қағаздардан сөйлем құрастыру, сабақтың тақырыбын анықтау.
  • ІУ.Теориялық материады қайталау.
  • Сұрақтарды қою арқылы тақырыптарды саралап шығу.Өткен материалдарды кластерге түсірту. Дайын жауаптарын интербелсенді тақтаның перде мүмкіндігін пайдаланып көрсету.
  • АКТ,СТО, Оқытудың жаңа технологиялар
  • Сабақ кезеңдері
  • Мазмұны
  • Жеті модульдің көрінісі
  • Уәж тудыру.
  • «Бәрі сенің қолында» аңызын айтып беру. Өз ойларын ортаға салу.
  • Диалогтік әдіс.Дарынды және талантты балаларды ескеру, СТО.
  • Сергіту сәт. Топқа бөліну
  • «Мен қандаймын, осындаймын»
  • Ұқсастығым бар сыныптасымды табу.
  • У.Теориялық материалды тәжірибеде қолдану.
  • Интербелсенді тақтада тыныс белгілері қойылмаған мәтін беріледі.
  • АКТ, оқушылардың жас ерекшеліктері, СТО.
  • УІ.Талдау.
  • Тіркестерді сәйкестендіру , олардан сөйлем құрастыру. Тыныс белгілерді орынды пайдалану.
  • АКТ, дарынды және талантты балалар, СТО.
  • УІІ.Шығармашылық кезең.
  • Берілген тыныс белгіге ойынан сөйлем құрастырып, презентацияға салу, қорғау. Ұш жұлдыз бен бір ұсыныс стратегисы.
  • Ролдік ойын.
  • Оқытудың жаңа технологиялары.
  • Дарынды және талантты балалар, көбасшылық СТО.
  • УІІІ. Жинақтау
  • Не білемін? Не білгім келеді? Нені білу керек? Пікір білдіру.
  • СТО
  • ІХ. Бағалау
  • Топ басшылары бағалайды
  • Суммативті және формативті бағалау
  • Рефлективті есеп

Қосымшалар

  • Рефлективтік есеп
  • Сынып: 9
  • Пән: қазақ тілі Тыңдаушы: Апсалямова
  • Сабақтың тақырыбы: Асемгуль Арыстановна
  • Пунктуация тарауын қайталау
  • Менің ойым
  • Тренердің ескертуі
  • Бүгінгі тәжірибемдегі үшінші сабағым.Курстарда оқыпжүрген әдістемені қазақ тілі сабағында да қолданып көргім келді. Сабаққа қойған мақсатым: өткен материалды меңгеру дәрежелерін тексеру, оқушыларды сауатты жазуға дағдылану.
  • Күтілетін нәтиже: Пунктуация ережелерін қайталау, тәжірибеде қолдана алу.
  • Сабақ жоспарын құрастыруда барылқ жеті модульді қарастыруды көздедім, АКТ мен білім берудегі жаңа тәсілдер модулін негізгісі деп алуды ойластырдым. Сабағымды амандасу сәтінен бастадым, сабақ кестесі бойынша бірінші сабақ болғандықтан таңғы жаттығудан бастадық. Бүгін балалар өздерін еркін сезіп, көңілдерін көтеру мақсатымен әдемі әуеніне орай белсенділік танытып, таңғы жаттығуды орындап шықты (Сілтеме №1). Үй тапсырмаларын жұп арасында тексеріп шықты. Балалар дәптерлерімен ауысып, жазбаша орындалған жаттығулардың қателерін түзетіп, бағалап шықты. Тақырыпқа шығу жолында әр топқа сөздер мен тыныс белгілері жеке қиылған қағаздарды таратып бердім. Балалар бұл қима қағаздарынан сөйлемді құрастырып, тыныс белгілерін дұрыс қою жолын іздестірді.Берілген тапсырма оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдалып, тәрбиелік мәнінде құрастырылғанымен сыни тұрғыдан ойлануға итермелейтін болды. Мұнда байқағаным топтық жұмыс ұйымдасқан жәнеде балалар тапсырмаларды қызығып орындады. Зерттеуге алған үш оқушым ат салысып, жұмысты белсене орындаған. (Сілтеме №2).«Сабақта не ғұрлым қызықты жұмыс түрлерін қолдансам, со ғұрлым балалардың пәнге деген қызығушылықтары артады деген ойға келдім. Сабақтада білім беру мен білім алудағы жаға тәсілдерді қолдану керекпін. Ол үшін балалар қалай оқитынын назарда ұстап, оқу пирамидасын сақтауым қажет (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 34-бет). Бауырласың болмаса, жолдас ізде: жақсы жолдас- бауырлас.» деген сөйлемдеді қима қағаздарынан жинатқыздым, мағынасын ашқыздым. Осыған сай уәж тудыру үшін «Бәрі сенің қолында» атты аңыз айтып бердім. Оның да мағынасын сыныпта талқыладық жәнеде тақырыпқа сай «Мен қандаймын» ойыны арқылы сергіту сәтін өткіздім. Мына үш түрлі жұмыс арқылы балаларды сыйластыққа, бір-бірлеріне көмек көрсетуге және достыққа шақырдым. Балалардың ішкі сезімдерін оятып, өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландырдым.

АКТ модулін іске асыру үшін сабақта интербелсенді тақтада теориялық материалды еске түсіру мақсатында пунктуация тарауы бойынша кластер толтыруды ұсындым. Бұл жұмыс арқылы есту және көру есте сақтау қабілеттері әртүрлі балаларды ескеріп, уақытты тиміді пайдалана алдым.Талдау кезеңінде Астіv Studio бағдарламасында жасалған жаттығу жұмысын орындатқыздым. Балалар қиналмай, білген ережелерді қолданып, берілген мәтіннің тыныс белгілерін дұрыс қойып шықты. Қойылу орындарын және ережелерін айтып шықты. Тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерілуімен алынған болатын. Бірақ бұл қарапайым қаламмен жазып шығу тапсырмасы болды (Сілтеме №3).Өз тарапынан АКТ мүмкіндіктерін толық меңгере алмауына орай, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу қажет болып тұр.

  • АКТ модулін іске асыру үшін сабақта интербелсенді тақтада теориялық материалды еске түсіру мақсатында пунктуация тарауы бойынша кластер толтыруды ұсындым. Бұл жұмыс арқылы есту және көру есте сақтау қабілеттері әртүрлі балаларды ескеріп, уақытты тиміді пайдалана алдым.Талдау кезеңінде Астіv Studio бағдарламасында жасалған жаттығу жұмысын орындатқыздым. Балалар қиналмай, білген ережелерді қолданып, берілген мәтіннің тыныс белгілерін дұрыс қойып шықты. Қойылу орындарын және ережелерін айтып шықты. Тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерілуімен алынған болатын. Бірақ бұл қарапайым қаламмен жазып шығу тапсырмасы болды (Сілтеме №3).Өз тарапынан АКТ мүмкіндіктерін толық меңгере алмауына орай, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу қажет болып тұр.
  • Сабағымның талдау кезеңінде интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін, яғни сәйкестендіру технологиясын пайдаланып келесі тапсырманы бердім (Сілтеме №4). Еркін тіркестерді тұрақты тіркестерден ажыратып, сөйлем құрастыру, тыныс белгілерді орынды қолдану. Зерттеуге алынған үш оқушымның жауаптары әртүрлі болды. Сыныптағы лидер бала Әсел айтып жатқан жауабына толық сенімді болғанынан бірінші қол көтеріп, орынан тұрмай жауап берді. Екінші сенімсіз оқушы Алма да жауап беруге тырысты. Оның бойында қобалжу сезімі байқалса да, жауабының дұрыс екеніне көзім жетті. Қазақ тілі сабағына қызығушылығы төмен оқушы Анар тапсырманы орындағаны белгілі болды, бірақ мұғалім сұрамағанша өз ниетін білдірген жоқ. Бұл оқушының құрастырған сөйлемі терең мағыналы болмаса да, тұрақты тіркесті дұрыс пайдалғаны байқалды (Сілтеме №5).
  • Бүгінгі сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдану мақсатымен берілген тыныс белгіге ойынан сөйлем құрастырып, презентацияға салу, оны қорғау деген топтық жұмысты өткіздім.Топтық жұмыста ролдік ойын қолдандым, яғни таймспикер, хатшы, басшы және репортер. Бірінші рет өткізгеніне орай шығар, топта тек қана таймспикер «уақыт, уақыт» деп жұмыс атқарып отырғаны көрінді. Бір жақтан бүгінгі сабақта балалар уақытты тиімді пайдаланғаны нәтижесінде көрінді. Ал ролге кейбір оқушылар кіре алмағанын себебі өздері қызу жұмыс атқарып, өз міндеттері туралы ұмытып қалғандай болды. Өзімнің тарапынан атқаралатын әрбір ролінің қызметтері туралы еске түсіріп жаттым. Өткен сабақта балалардың жіберілген қателікті болдырмауға тырыстым. Яғни берілген тапсырманы сурет сабағына айналдырмау үшін басқа түрде ойластырып бердім. «Тырнақша қай жерде қолданылады, қалай қолданылады, оны дәлелдеп беріндер» дегеннен кейін балалар дәлелді жауап дайындау үшін сонша сурет салу жұмысына берілген жоқ. Олар көбінесе суреттерді тек сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қолданды(Сілтеме №6).Өз жұмыстарын қорғағанда да балалар белсенділік танытты. Бір-бірлерінің ойларын тыңдау, салған суреттерді, берілген жауаптырды қызықтап тыңдап қолпаштап, мадақтады. Үш жұлдыз бен бір ұсыныс стратегиясын бойынша (Сілтеме №7).
  • Өткен сабақтарда бағалау кезеңі көңілімнен шыққан жоқ. Сол себептен Курстастырмен кеңесіп, қосымша материалдарды тағы да қарастырып, бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде сабақтарды еске түсіріп қосымша сабақта балаларға піл суретін салу, оны бағалау жұмысын өткіздім. Балалар бір-бірілерінің қателерін тауып, оларды түзету жолдарын айта бастады. Осы жұмыстан кейін, бүгінгі сабақта балалар шынайы, әділ бағаларын бере бастады. Тек қана суммативті баға емес, сонымен қатар формативті бағалауды басшылыққа алды (Сілтеме №8). Бағалау кезеңі көңілімінен шықты.
  • Үшінші сабақтан кейін оқушыларда өзін-өзі реттеу, дарыдылық, сенімділік қасиеттері байқала бастады. Оқушылардың пікірлеріне қарағанда: «Сергіту сәттер, презентация жасау, түрлі жұмыстарды сабақта атқару шаршатпайды, керісінше белсенділігіміз арттады», -деп бағалап шықты.
  • Бүгінгі сабағыма мектептің жас маманы физика пәні мұғалімі бұл сыныптың жетекшісі Гүлжихан апай қатысты. Сабақтың құрылымы мен ерекшіліктеріне тоқталып пікір білдірді. Жәнеде өз сыныптағы ұялшақ қыздарды танымағандай әсерде болғанын айтып кетті. Сабаққа қойған мақсатыма және күтілетін нәтижеге жеттім. Мектеп мұғалімі мен оқушылардың жасаған ұсыныстарын есепке ала отырып, келесі қадамымды ойластырамын.
  •  

Каталог: uploads -> doc -> 0636
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0636 -> Сабақ тақырыбы: Деформация. Гук заңы Сабақ мақсаты
0636 -> Сабақтың тақырыбы Рационал сандарға амалдар қолдану Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет