Сабақ кезінде шығаруға таңдап алынған есептер. Бір сағатта 5-6 есеп шығарылады. Қалғандары тапсырмаға беріледі



бет1/9
Дата22.12.2023
өлшемі162,93 Kb.
#198318
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Саба кезінде шы ару а та дап алын ан есептер. Бір са атта 5-6 е


Физика 1 пәні бойынша практикалық сабақ кезінде шығаруға таңдап алынған есептер. Бір сағатта 5-6 есеп шығарылады. Қалғандары тапсырмаға беріледі.

1-ші сағат. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстың кинематикасы



  1. Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал оған қарсы соққан жел жылдамдығы 4 м/с. Велосипедшіге қатысты санақ жүйесіндегі желдің салыстырмалы жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 14 м/с.

  2. Автомобиль 100 км/сағ жылдымдықпен 20 минут жүреді. Жолдың осы бөлігін велосипедші 1 сағат 20 минутта жүріп өтсе, велосипедшінің жылдамдығы қандай? Жауабы: 25 км/сағ.

  3. Дене υ0 бастапқы жылдамдықпен бірқалыпты үдемелі қозғалады. Егер дене с уақытта м жол жүріп, жылдамдығы ға тең болса, оның үдеуі неге тең? Жауабы:

  4. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен дененің 4 с-та жүрген жолын табыңыз:

Жауабы: 6 м/с


  1. Дененің жүрген жолы келесі заңдылықпен берілген: S =At2 + Bt, A=0,4м/с2, B=0,1м/с. Қозғалыс басталғаннан t=1c мезетіндегі үдеуді анықтаңыз. Жауабы: а= 0,8м/с2.

  2. Ұшақ толық тоқтағанға дейін 1 км жол жүрген, қону жылдамдығы 80 м/с ұшақтың тежелу кезіндегі үдеуі? Жауабы: 3,2 м/с2.

  3. Тыныш күйде тұрған радиусы r=10 см диск ε=0,5 рад/с2 тұрақты бұрыштық үдеумен айнала бастайды. Айнала бастағаннан кейін екінші секундтың соңында дискінің шетіндегі нүктелердің тангенциал ατ, нормаль αn және толық үдеулерін α табыңыз. Жауабы: 5 см/с2, 10 см/с2, 11,2 см/с2.

  4. Дене белгілі бір биіктіктен еркін құлады. Жерге құлар кезде оның жылдамдығы 40 м/с болды. Дене қандай биіктіктен құлаған (g=10 м/с2): Жауабы: 80 м

  5. Тік жоғары v0=20 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған дене қандай максимал биіктікке көтеріледі? Ауаның кедергісі ескерілмейді (g=10 м/с2). Жауабы: h=20 м.

  6. 15 м биіктіктен денені 10 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль төмен лақтырады. Дене жер бетіне қандай жылдамдықпен түседі? Жауабы: 20 м/с.

  7. Материалдық нүкте шеңбер бойымен t уақыт мезетінде тангенстік үдеуі αt=0,6 м/с2 болатындай, ал толық үдеуі жылдамдық векторымен θ=60о бұрыш жасай қозғалған. Нүктенің толық үдеуінің шамасы қанша? Жауабы: 1,2 м/с

  8. Поезд жолдың бірінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдық 40 км/сағ. Жолдың қалған бөлігіндегі поездің жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 30 км/сағ.

  9. Поезд жолдың бірінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған жартысын 40 км/сағ. Жылдымдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы поездің орташа жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 48 км/сағ.

  10. Автокөлік жүрген жолының төрттен үш бөлігін υ1=60 км/сағ, ал жолдың қалған бөлігін υ2=80 км/сағ жылдамдықмен жүріп өткен. Автокөліктің орташа жылдамдығы қанша? Жауабы: 64 км/сағ.

  11. Апатты тежеу кезінде 30 м/с жылдымдықпен қозғалып келе жатқан автокөлік, 6 с өткеннен кейін тоқтайды. Тежелу жол ұзындығын анықтаңыз. Жауабы: 90 м.

  12. Көкжиекке 300 бұрыш жасай атылған снаряд жерге түскенше 12 с ұшады. Снарядтың ең жоғары көтерілу биіктігін табыңыз (g=10м/с2). Жауабы: H=180 м.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет