Сабақ мақсаты Барлық оқушылар білуге тиісті
бет 1/2 Дата 04.07.2018 өлшемі 393,08 Kb. #47112 түрі Сабақ
Мектеп:
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Күні:
Мұғалім:
Сынып: 1
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Оқу мақсаттары
1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар білуге тиісті : Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін басқа елдердің рәміздерінен ажырата алады. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелейді
Оқушылардың көпшілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріндегі негізгі белгілерді атай алады
Кейбір оқушылар: Мемлекеттік рәміздердегі белгілердің мағынасын аша алады
Бағалау критерийлері
Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажыратады.
Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелейді.
Тілдік мақсат
«Мемлекеттік рәміздер» ұғымымен байланысты сөздер мен сөз тіркестерін сөздік қорларына енгізеді.
Пәндік лексика және терминология: мемлекеттік рәміз ,әнұран,ту елтаңба
Диалог үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері:
-Мемлекеттерді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
-Рәміз деген не?
-Қандай рәміздерді білесің?
-Ондағы белгілер сыры неде?
Құндылықтарды дарыту:
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар:
Жаратылыстану,математика,көркем еңбек,сауат ашу,музыка
Ресурстар
Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, ҚР Мемлекеттік Гимннің дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», флип-шарт , түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар , қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар
Алдыңғы сабақ
Мемлекеттік рәміздер туралы жалпы түсініктері бар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған әрекет
Ресурстар
Басы (0-5мин.)
Ортасы(6-39 мин.)
Сабақтың соңы
Ширату.
Жоғары қарап күн көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
№1-тапсырма
«Кір жаятын жіп» әдісі (ҰЖ)
арқылы 3 топқа бөлу
Топқа бөлу:
1топ-Ту
2 топ –Елтаңба
3 топ- Гимн
№2 –тапсырма (ТЖ)
«Айналмалы доп» әдісі
-Біз тұратын ел қалай аталады?
(Қазақстан)
-Қазақстан қандай мемлекет?
(Тәуелсіз мемлекет)
-Тәуелсіздігімізді білдіретін қандай белгілеріміз бар ?
(Рәміздер)
- Балалар топтардың атауын немен байланыстыруға болады?
(Мемлекеттік рәміздер)
-Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
-Осы сабақ тақырыбына байланысты бүгінгі сабақта не білеміз?
(Білім алушылар сабақтың мақсатын айтады, мұғалім толықтырады)
-Мемлекеттік рәміздердің авторларын білеміз бе?
Дескриптор:
ҚР –ның рәміздерімен танысты.
Сабақтың тақырыбын ашты.
Мемлекеттік рәміздерінің авторларымен танысты.
ҚБ «Жұлдызша» әдісі
№3 тапсырма (ЖЖ)
«Ойлан және орында» әдісі
Суреттерге мұқият қараңыз.
Тәуелсіз мемлекеттің белгілерін атаңыз.
Бұл белгілер нені білдіреді?
Тәуелсіз еліміздің тағы қандай белгілерін білесіз?
Жұпта талқылаңыз.
Бос орынға еліміздің тәуелсіздігін білдіретін белгінің суретін салыңыз.
Дескриптор:
Білім алушы:
Еліміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілерді атады ;
Белгілердің мағынасын сипаттады;
Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін сурет салды.
ҚБ «Жұлдызшалар» әдісі
№ 4-тапсырма (ЖЖ)
«Тест сынағы» әдісі
Kahoot! | Learning Games | Make Learning Awesome!
№1Суретте бейнеленген рәміздің атауын айтыңыз. Қазақстан Республикасын
таныстыратын рәмізді белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: