Сабақ мақсаты: Жылы, сыпайы сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың бойында дұрыс іс-әрекет қалыптастыру



Дата04.07.2018
өлшемі178.99 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз - жанға қуат

Сабақ мақсаты: Жылы, сыпайы сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың бойында дұрыс іс-әрекет қалыптастыру.

1. Білімділік: - жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2.Дамытушылық: - жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелік: - ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: Әдістемелік құрал, ғалам тор, оқулық, дәптер.

Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап; ойын, әңгімелеу.

Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, тақырыпқа байланысты суреттер.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлемдесу.

-Оқушыларды сабаққа ынталандыру, құрал- жабдықтарын даярлау.

Сабаққа назарын аударту.



Тыныштық сәтi.

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Мен елімнің азаматымын.

• «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деғенде нені түсінесіңдер?

• Сендерге өз елің несімен ыстық?

• Сендер өз еліңді сүйетіндерінді қалай дәлелдей аласыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.



Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

Науи.


• Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласындар?

• Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Әңгiмелеу (сұхбат).

Мәтінмен жұмыс



Сыпайы қоян

Мексика ертегісі

Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойлан бастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге руқсатсыз кіргеніне ыңгайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді.

- Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді.

Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады. Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:

- Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі.

Осы бір сиқырлы сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, - деп өкінді жылан.

1 сұрақ. Қоян қандай жағдайға тап болды?

2 сұрақ. Жылан қоянды неге жемеді?

3 сұрақ. Қандай сиқырлы сөздер білесііңдер?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 3 топ

Оқушылар әр мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, алғыс және т. б.) екендігін табуы тиіс.

1. Құрметті ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелерідізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығарма- шылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз!

Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз.

2. - Апа, аман-есенсіз бе? Қалжағдайыңыз қалай? Ауырып қал- ды деп еді, айығып кеттіңіз бе?

Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау.

3. - Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 Наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп-көп рақмет айтып, алғысымды білдіргім келіп тұр.

Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру

Үй тапсырмасы.

Дәптерде берілген кестені (жақсы сөздердің, жағымсыз сөздердің адамға әсері) өз ойларымен толтырыңдар.

Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді еске түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар.



Көзімізді ашамыз, рахмет.
Каталог: multiurok -> 2017
2017 -> І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
2017 -> Ұстаз, ақын Әбілқайыров Ғалымбек 1942 ж. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғай селосында туған
2017 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары
2017 -> Қазақстан Республикасының Заңы Білім туралы
2017 -> Сабақтың мақсаты: Домбыраның құрылысың түсіндіру,балаға домбыраны дұрыс ұстау, дұрыс отыруды үйрету, қағыстарды меңгеру
2017 -> Сабақты бастау жоспары: Жаттығу «Сыйлық». Мақсаты: жағымды эмоцияның тіркелуі,жұмысқа кірісу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет