Сабақ Мұғалім: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы Күні



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі183,74 Kb.
#18023
  1   2
Арал қаласы

62 мектеп



Ашық сабақ



Мұғалім: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы


Күні:31.10.2014

Пәні:Әдебиет әлеміне саяхат

Сыныбы:2 а

Сабақтың тақырыбы: Шілдехана, бесік той.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ара жігі айырғысыз осы екі дәстүрмен таныс ету. Ондағы ырым, жоралғыларға мән беруге үйрету.
Дамытушылық: Тіл дамыту. «Қалжа», «Иткөйлек» сөздерінің мәнін білдіру, шақалақ, періште, нәресте, сәби, бөбек – жас баланың атаулары екендігін ұқтыру.
Тәрбиелік :Тойдың тәрбиелік мәнін ашу, көпшіл болуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы, мақал - мәтелдер, мазмұнды суреттер, бесік, қуыршақ,.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру..

ІІІ Мақсат қою кезеңі .

V. Жаңа сабақ:

- Балалар,бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр.Қонақтарға не көрсетуіміз керек?

- Қонақжайлығымызды қалай көрсетеміз?

- Жақсы білімімізбен тәртібімізді көрсетсек,қонақтардың көңілдері марқайып қайтады.



-Мына тақтадағы ребусқа көңіл бөліп шешейік.

«Шілдехана»

Бүгін біз «Шілдехана бесік тойы» - деген тақырыпты қалап алып, осы екі дәстүр туралы мағлұмат аламыз. Сәбиге арналған алғашқы екі той ара жігі ажыратқысыз, бір – біріне жалғасқан, дүниеге келген сәби құрметіне арналған той.
Дүниеге сәби келу – ұрпақ жалғасы, болашақ азамат, елінің, жерінің, отбасының тірегі деп ұғынуымыз керек.
- Нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той?

«Шілдехана»

- Сәби дүниегеи келгенде туыстарынан не сұралаады?
Сүйінші!

Сүйінші!
Дүниеге алтын айдарлы ұл келді!
Ат ұстар, елін қорғар жан келді!
Немесе
Қылығы тәтті, сүйсінтер жанды,
Ақылына көркі сай ару келді! – деп сүйіншілеп, сүйіншісін алған.
- Сәби кіндігін кескен ананы кім дейміз?

«Кіндік шеше»

  • Ең алғаш киген киімі

«Иткөйлек», жас босанған анаға арнап «Қалжа». алып келеді

  • Баланы немен шомылдырамыз?

Баланы тұзға пісіріп, иткөйлегін кигізеді. «Сәбиді сылау өсіреді» - деп баланы күнде шомылдырып, күнде сылап қырқынан шыққанша қадағалайды. Қалжаға үй йесі де ірі қой сояды. Арнайы сойылған мал – «қалжа» деп аталады.
Қалжаға сойылған қойдың мойын омыртқасын тұтас тазалап, маңдайшаға іліп қояды. Бұл сәбидің мойыны тез қатайсын деген ырым.
Қалжаға күйі жоқ үйге жекжат – жамағаттары жиылып қалжа әпереді. Дүниеге сәби әкелген ананың белі бекінгенше жас сорпа мен етті аузынан үзбейді. Бұл салттар адамдарды жақындатып, бір – біріне тілекші, қамқоршы қылады.
Қайын сіңлі, қайын апалары ана мен жас сәбиді күтімге алады. Бұл имандылық дарып, жүрегіміз жұмсаруына әсер ететін көркем салт.
Сүйінші сұрағанда естігендер, құтты болсын айта келгендер, тойға келгендер «Баланың бауы берік болсын!» - деп тілек арнаған. Сәбидің ұл не қыз бала екендігін айту үшін «ат ұстар», «жылқы айдар», «қой бағар», «шай құяр» деп тұспалдаған.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет