Үш тілде амандасу
Әуенмен әндетіп қазақ, орыс тілі, ағылшын тілдерінде мұғаліммен амандасып, бір-біріне жылу сыйлайды . Осы әуенді бір-бірімен қол-ұстасып , қимылмен орындайды. Амадасып, бір-біріне тілегін тілеп болған соң, шеңбер ашылады.
Бақыла:
-Алдымен терең тыныс ал, содан кейін деміңді шығар.Не сездің?
-Біз демалдық?
Немен дем алдыңдар?
-Ауамен
-Қайта тыныс алып, деміңді шығармай, ішіңде ұстап тұр. Енді не байқадың?
- Қиын болды. Ауа жетпей тұншығып қалдық.
-Адамға ауа не үшін керек екен?
-Тыныс алу үшін керек, дем алу үшін керек.
-Ауа тағы нелерге керек деп ойлайсыңдар?
-Өсімдіктерге, жануарларға керек.
- Адам, өсімдік, жануар , осы үшеуін біріктіріп қалай айтамыз?
- Жанды табиғат.
- Демек, ауа барлық тіршілікке керек екен, солай ма?
Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
-Ауа туралы.
Сабағымыздың тақырыбы «Жердің ауа қабаты» деп аталады. Бүгінігі сабағымызда сендер Жер ғаламшары үшін ауаның маңызын түсінесіңдер. Атмосфера туралы түсінесіңдер. Ауаның қасиеттерін білесіңдер.
Ауаның кейбір қасиеттерін білу үшін зерттеу жасап анықтайсыңдар, нәтижесін шығарасыңдар.
Ауаны қалай қорғау керектігін білесіңдер.
Ауа сөзін топтастырып жазасыңдар.
Қолдарыңызда парақша бар. Сол парақшадағы сөздерді оқиық. Пайдалы, ауа, барлық, тіршілікке. Қандай сөйлем шықты? Ауа барлық тіршілікке пайдалы. Осы сөздер арқылы төрт топқа бөліне қояйық.
Ұ
Оқулықта атмосфера туралы шағын мәтін беріледі. Сол мәтінді іштей оқып шығады.
Ж.
Оқыған мәтінді бір-біріне түсіндіреді. Түісіндіргеніне қарай бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Мәтіннің мазмұны бойынша бір-біріне бір сұрақ қояды.Жауабын оқулықтан көрсетеді. Содан соң, бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Ұ .Тыңдалым
Бейнежазбадан жердің ауа қабаты туралы айтылады.
https://www.youtube.com/watch?v=o74jJbbwDcE
(қысқаша ауаға қатысты үзіндісі ғана көрсетіледі)
Ұ
Мұғалім глобус, күн, ай, глобусты қоршаған ауа қабатын пайдаланып, яғни иллюстрация арқылы оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды?
Қолымда Күн мен глобус болады. Глобусты айнала қоршаған ауа қабатын алып тастаймын. Сұрақ: -Егер Жер ғаламшарын қоршаған ауа қабаты болмаса не болар еді? – Күн Жер ғаламшарын түгелдей күйдіріп жібереді.
Қолымда Ай мен глобус болады. Глобусты айнала қоршаған ауа қабатын алып тастаймын. Сұрақ: - Жер ғаламшарын қоршаған ауа қабаты болмаса не болар еді? – Қатты суық температура Жер қаламшарын мұз қылып қатырып тастайды.
Қолымда зиянды заттар (метеорит) мен глобус болады. Глобусты айнала қоршаған ауа қабатын алып тастаймын. Сұрақ: -Жер ғаламшарын қоршаған ауа қабаты болмаса не болар еді? – Зиянды заттар Жер ғаламшарын зақымдайды.
|