Кенжебаева Гүлзар Әбдібайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі.
Қотыртас ауылы, Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы.
Сыныбы: 2
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Көкжиек және көкжиек сызығы.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Оқушылардың бұрын алған білімдерін қайталай отырып көкжиек, көкжиек сызығы туралы білімдерін кеңейту, көкжиектің негізгі және аралық тұстарын анықтауға жаттықтыру. Оларды қағазға жазуға және сызуға үйрету. Дамытушылық: Тұсбағарды қолдана білуге дағдыландыру, бағытты анықтай білуге жаттықтыру, логикалық ойлау, бақылау, байқампаздық дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі: понарамалық сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, тірек сигналдар арқылы оқыту, дамыта оқыту технологиясы элементі.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, интерактивті тақта.
Мотивация кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Әдептілік жанымыз,
Әдептіміз бәріміз.
Құрмет қылсақ үлкенге,
Кіреді біздің сәніміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен және басқалар. Әдептілік» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап алу.
-Айналадағы дүниемен дұрыс қарым-қатынас жасау адамның өзіне байланысты болатынын қалай дәлелдер едің?
- Адам табиғаттан не алады?
- Нанның құрамында адам ағзасына қажетті қандай дәрумендер бар?
-Әдептілік деген не?
-Алма бағын өсіру үшін қандай жағдай қажет?
-Әр түрлі ортада адам өзін-өзі ұстау ережелерінің қандай түрлері саған таныс?
-Сен айналадағы табиғатқа қандай қамқорлық жасайсың?
1. Мағынаны ашу.
«Шашылғын әріптер» Слайд арқылы түскен әріптерге дыбыстық талдау жасап тұру. Т,б, а, т, и, ғ, а.
Сөз құрау. «Табиғат» сөзі шығады.
Бұл тараудан танысатын тақырыптармен таныстырып өту. Өткен сабақпен жаңа сабақ тақырыбын байланыстырып айтып өту.
2.Базалық білім
Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік «көкжиек» деп аталады. Ал аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізсек, оны «көкжиек сызығы» деп аталады.
Тегіс жерде тұрғанда көкжиектің дөңгеленіп көрінеді. Биікке шыққан сайын көкжиек сызығы кеңи түседі. Көкжиек шетіне жету мүмкін емес.
Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. Алдымен негізгі тұстарды жақсы білген дұрыс.
Сол негізгі тұстармен қатар аралық тұстар да болады.
Солтүстік пен батыс аралығы –солтүстік батыс (СБ)
Батыс пен оңтүстік аралығы -оңтүстік батыс (ОБ)
Оңтүстік пен шығыс аралығы –оңтүстік шығыс (ОШ)
Шығыс пен солтүстік аралығы-солтүстік шығыс (СШ) деп аталады.
Сурет салғанда, сызбалар сызғанда солтүстік бағыт қағаздың жоғары жағында, оңтүстік төменгі жағында, батыс сол, шығыс оң жағында белгіленеді.
3/Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға мәтінді оқыту, мазмұндау.
Оқушы білімін толықтыру.
Ертеде көкжиек тұстарын айналадағы заттарға қарап та айырған. Мысалы жергілікті жердегі ағаштардың оңтүстік жақ бөлігінде жапырақ көп болады. Мешіттердің төбесіндегі айшығы оңтүстік жаққа қарап тұрады. Немесе құмырсқалар ұясының аузын оңтүстікке қаратады. Қыста адасқан болсаң жерде жатқан қардың оңтүстік жағы төмен солтүстік жағы жоғары болып тұрады. Түнде адассаң солтүстікке Темірқазық жұлдызы бар. Ол үнемі солтүстікті көрсетіп тұрады. Тастағы мүктерге қарап та білуге болады. Тастағы мүктер солтүстік жағында орналасады. Үлердің де оңтүстік беткейінің қары еріп тұрады.
4. Жұмбақ шешу
Көріп пе едің ондайды,
Сағат деуге болмайды.
Қос тілі бар жүгірген
Солтүстікті болжайды.
Қалай бұрсаң бәрі бір,
Көрсетуін қоймайды.
Бұл бір оңай ғажап зат,
Адасудан қорғайды. (Тұсбағар)
Электронды тақтамен жұмыс.
Жергілікті белгілердегі түрлі айрықша белгілері бар суреттерді көрсете отырып, көкжиек тұстарын анықтау туралы түсінік.
Көкжиек тұстарын жергілікті белгілерге қарап білудің мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Сондықтан тұсбағарды пайдаланады
Көкжиек тұстарын анықтайтын құралды «тұсбағар» деп атайды. Тұсбағар дөңгелек сағат тәрізді құрал. Оның ішінде қозғалмалы түрлі бағыттарды көрсететін болаттан жасалған үшкір инеден тұратын магнитті тілі бар. Қорабшаның ішкі бөлігінде градустық бөліктерге бөлінген шкаласы бар.
Компас қорабшасы бекітілген айналмалы қақпақпен жабылған. Компасты қолданбас бұрын оны тегіс жерге қою қажет. Және тартатын жерін тартып қалғанда ол тек солтүстікті көрсетеді. Себебі солтүстікте магниттік өріс орналасқан. Және сол арқылы басқа да көкжиектерді білуге болады.
Туристік тәжірибеде ең көп таралған компас – Адрианов компасы.
Көкжиек тұстарын анықтаған кезде, бұрыштарды өлшегенде компасты бағыттау қажет. Ол үшін тежеуішті жіберіп тілінің солтүстік ұшын лимбаның нолімен сәйкестендіру қажет. Көкжиек тұстарын лимбада көрсетілген С, О, Ш, Б деген белгілер, яғни солтүстік, оңтүстік, шығыс, батысты білдіреді.
5/ Дәптермен жұмыс
1/ Табиғат нешеге бөлінеді? (Екіге тірі және өлі табиғат)
Тірі табиғатқа нелер жатады, өлі табиғатқа ше?
2/ Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын белгіле.
Көрнекі құралмен жұмыс.
Дамытушылық кезең. (Ауызша)
Тұсбағарды кімдер қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |