Сабақ Оқытушы аты-жөні: Айтимова Маншук Бахитовна сынып: 9 (Т1)



Дата31.12.2019
өлшемі29,05 Kb.
#55275

САБАҚ: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Зар заман

  Ақтөбе қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

3-сабақ

    Оқытушы аты-жөні: Айтимова Маншук Бахитовна

СЫНЫП: 9 (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:    ____20/23__

Қатыспағандар:

Сабақтың оқыту мақсаттары

АИ4 Салыстыру және анализ жасау

АИ3 Әдеби құралдар мен стильдерді анықтау



Сабақтың  мақсаттары

 


Қазақ әдебиетіндегі шығарма тақырыбы мен мазмұнын оқиды, әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады.

Көркем шығармадағы автордың тілдік ерекшеліктерін жанрлық сипатына қарай анықтайды



Алдыңғы сабақта

Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы. «Зар заман»өлеңдер топтамасы

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

25 минут



Ойын атауы «33»
Оқушылар шеңбер құрады, 3 ке бөлінетін және «үш» деп аталатын санның реті келген кезде оқушы қол шапалақтайды, қалған сандарды тізбектеле 33- ке дейін кезек-кезек санап шығады.
Ой жинақтау мақсатында ойналады.
Жетістік критерийімен танысу.


Оқушы оқу мақсатына жетеді,егер...

Оқушы оқу мақсатына талпынады,егер...

Екі мәтінді оқи отырып,салыстырмалы анализ жасайды және 3-4дәлел келтіреді

Екі мітінді оқи отырып,салыстырмалы анализ жасағанымен,ұқсастықтарын табуда дәлелі жеткіліксіз болса

Шығарманы салыстыра отырып,өз көзқарасын өмірмен байланыстырып бере алса

Шығарманы салыстыра алғанымен,өмірмен байланысын көрсете алмаса

Ақын шығармасына сәйкес ақпаратты анықтай алса

Ақпараттарды анықтауда қателессе

Көркемдеуіш құралдың әсерін көрсетіп, автор стиліне анализ жаза алса

Көркемдеуіш құралдың автор стиліне әсерін жеткізе алмаса

Оқушылар тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

1.Чарльз Джон Хаффам Диккенс 1812 жылдың 7 ақпанында Портсмутқа жақын жердегі Лендпортта дүниеге келді. 1832 жылы ол «Парламент айнасы» және «Тру сан» газеттерінде репортер қызметін атқарады. Жиырма жастағы бозбала қауым палатасындағы репортерлар галереясындағы жүздеген репортерлардан өзіндігімен ерекшеленетін. Оның романдарында күлкі – буржуазиялық құрылыстың кемшілігін сынау мен әшкерелеудің ұлы қаруы болды. Диккенс шығармашылығын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1833-1841 жылдардың аралығын қамтиды. Бұл кезеңге жазушының «Боздың очерктері», «Пикквик клубының хаттары», «Оливер Твистің басынан кешкендері», «Николас Никкльбидің өмірі мен басынан кешкендері» атты шығармалары жатады. Екінші кезең 1842-1848 жылдар аралығын қамтиды. 1841 жылғы Ньюпорттағы халық қозғалысының күшеюі Диккенсті қатты ойландырады, ол күнде өзгеріп жатқан жағдайларды саралай отырып, өз позициясын нақтылай алмайды. Жазушының көз алдында өтіп жатқан қоғамдық үдерістерге деген көзқарасы қарама-қайшылықтарға толы болды, оның кейде реализмнен шегініс жасап отырғандығы «Ескіліктің дүкені» (1840) және «Барнеби Радж» (1841-1842) романдарынан байқалады. «Ескіліктің дүкенінде» ол шынайы өмірдің қатал әлеміне ойдан шығарылған идиллия әлемін қарама-қарсы қойса, «Барнеби Раджда» (тарихи роман) өткен заман материалдарын пайдалана отырып, халық қозғалысы мен қарулы көтерілісті сынға алады.

2. Ашты-тоқты болсаң да,
Иманың сақта ұятты.
Ардан көшкен ұятсыз
Дінсізге қылар ұятты.
Қолында тұрып ұрлығы,
Мойында тұрып зорлығы,
Ойында тұрып жалғаны,
Көңілінде тұрып арманы,
Баласын беріп моллаға,
Көңілін беріп аллаға,
Дүниеге көңіл жұбатты.
Зар заманның аяғы —
Заманың кетті баяғы,
Ықылас-ниет қалмады,
Үлкенге билік салмады,
Жарлының жалғыз сүйеніш
Мал болыпты таяғы.
Айрылмай дерт болды
Кедейге қылған қорлығың.
Кәріңді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!..
Екі суреткерді салыстырыңыз. Ұқсастықтарын 3-4 дәлел келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Чарльз Диккенс

Шортанбай Қанайұлы

Менің көзқарасым





2-тапсырма Ақынға сәйкес келетін ақпаратты анықтаңыз



Шортанбай Қанайұлы кім?

Шын

Жалған

1 Ақын









2 Медресе бітірген







3 Күрескер ақын






4 Жырау








5 Заман жыршысы







6 Сыншы









7 Діндар









8 Айтыскер ақын







9 Батыр







10 Шыншыл реалист






3-тапсырма



Кәріңді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!..

Автор қолданған көркемдеуіш құралды табыңыз. Бұл сөз қолданыстар өлеңге қандай мазмұн береді. Сөздің астарын ұғынып, өз ойыңды 50-60 сөзбен беріңіз.





Сабақтың соңы

Рефлексия

10 минут


Бес жол өлең стратегиясы

Үйге: қайталау

 

Қосымша ақпарат

Ажырату – мен оқушылардың пікірін дұрыс немесе бұрыс деп ажыратпай қолдауды жоспарлаймын.


Бағалау –

Оқушылардың жұмысын төмендегі жетістік критерийлері арқылы бағалаймын:

1.Топта белсенді жұмыс жасағаны үшін.

2.Өз пікірін толық, нақты айта алғаны үшін.

3.Топ ережесін бұзбағаны үшін.

4.Шығармашылық танытқаны үшін.



Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексеріс

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланыстары



Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді

Нәтиже бойынша ажырату, себебі кейбір топтардың басқаларға қарағанда мәтін жайлы ақпараты аз болуы мүкін




Меңгеруді бақылау

Сұрақ және жауап

Өзара кері байланыс


Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Сұрақтарға жауап беру үшін кезек алу және жаңа топтарға баяндау үшін жазбалар жасау арқылы басқаларды тыңдау



Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?



Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағым туралы өз ойымды жазуға қолданамын. Сол жақ бағанадан өз сабағыма ең орынды келетін сұрақтарға жауап беремін

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастыруым мүмкін)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырамын)?

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар туралы нені білдім?

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет