|
Сабақтың мақсаты : Білімділігі : Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын меңгерту, негізгі ойды ашу
|
бет | 1/2 | Дата | 04.10.2020 | өлшемі | 64,5 Kb. | | #63935 | түрі | Сабақ |
|
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы көмек (Авторы: Б.Тұрсынбаев)
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын меңгерту, негізгі ойды ашу.
Дамытушылығы: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Белсенділігін арттыра отырып, ұйымшыл болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.
Сабақ көрнекілігі: слайд ( қыс көрінісі , қансонар ), тест тапсырмалары, сөзжұмбақ
Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, дене шынықтыру
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың оқулықтары мен оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: үйге берілген Ә.Қоңыратбаевтың «Балуан» әңгімесі .
Естелікті бірнеше оқушыға оқыту
Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап алу
Әңгіме кім туралы:
Әуелбек
Қажымұқан
Сар-Кекен
Балуан өзінің қай елдегі сайысын еске алады ?
Ресей
Қазақстан
Қытай
Қажымұқан қай жылы Қытай еліне барды ?
1905 жылы
1906 жылы
1907 жылы
Қажымұқанмен белдескен балуан кім болды ?
Поддубный
Сар-Кекен
Иванов
Қажымұқан жер шарының қанша елін аралаған ?
22 b)23 c)24
Ол барлығы қанша медаль алған ?
48 b)49 c)47
С. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша (тест жауабын анықтап отыру) білімін тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|