ШҚО. Аягөз қаласы
№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ тақырыбы
Ұлттық ою-өрнектерді өңдеу технологиясы
8 сынып № 9 сабақ
Технология пән мұғалімі:
Казбеков Жомарт Серикович
2014 – 2015 оқу жылы
8 – сынып № 9 сабақ
Сабақ тақырыбы «Ұлттық ою-өрнектерді өңдеу технологиясы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тақтай бетіне ою-өрнекті компазиция заңдылығын сақтай отырып, тақтай бетіне түсіру әдісін үйрету және оны өңдеу шеберлік технологиясын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларға ұлттық құндылығымызды насихаттай отырып, оларды бағалып, сақтай білуге, өнерді бағалауға, ұсталыққа, шеберлікке, іскерлікке, отын сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбилеу.
Дамытушылық: оқушыларды ою-өрнек компазиция үлгілерін түсіру икемділігін, іскерлігін, шеберлігін, ұқыптылығын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі практикалық
Сабақта қолданатын стратегиялық әдіс: интерактивті әдіс, СТО әдістері
Көрнекі құралдар: слайдтар, интерактивті тақта, бейне роликтер, техникалық сызбалар, суреттер, табиғи көрнекіліктер
Қажетті құрал-жабдықтар: қаламсап, сызғыш, циркуль, транспортир, таза тақтайша, ара, егеу, тазалау құралдары, ою-өрнек салынған техникалық карта, ою-өрнек үлгілері, қашау түрлері, пышақтар (резактар)
Пайдаланылған әдебиеттер: Технология 5, 6, 7, 8, 9 сынып оқулықтары, Атамұра баспасы және Мектеп баспасы. «Оқыту әдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» оқулығы Е.Дүйсенов, А.Балғожаев, Қызылорда 2006 ж. Мектептегі технология журналы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу
Оқушылар назарын сабаққа аудару (бағдаршам әдісі)
Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті стикерлер арқылы белгі береді. «Жасыл – дайынмын», «Сары – күмәндімін», «Қызыл – дайын емеспін».
Үй тапсырмасын тексеру
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ағаш бетіне түсіру. «Кім біледі?» – ойыны. Слайд арқылы «Қаншаға жуық ұлттық ою-өрнек бар» тақырыбында сұрақтар қойылады. Бір оқушы сұраққа жауап беріп, жауабы дұрыс болса, келесі сұрақты жасырады. Оған келесі оқушы жауап беруі тиіс. Осылайша ою-өрнек түрлеріне, атауларына, топтарына байланысты сұрақтарды жасыру жалғасын таба береді.
Үй тапсырмасын бекіту
Жаңа тақырып барысы
Ұлттық ою-өрнектерді насихаттай отырып, ағаш бетіне түсіріп, көркемдеп өңдеу технологиясы.
Аталарымыздан қалған мынау кең байтақ елімізде ою-өрнектің 2000-ға жуық түрі бар және олар 4 топқа бөлінетіні бәрімізге мәлім. Әр ою-өрнекте өзіндік мән-мағынасы, айтар ойы бар. Қазақ халқының Туынан бастап, киіз үйдің іші толы ою-өрнектер, өзінің үйлесімі мен ерекшелігі жарасып, ойымызға ой салып тұрады.
Ағаш – табиғаттың тамаша тауындысы. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе және т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтарын жасаған.
Қол өнердің ең көп тараған түрлерінің бірі – бұл ағашты көркемдеп, ою-өрнек салу арқылы өңдеу. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық әбдіре, киім ілетін адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған. Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұпаяқ, күбі ағаштан бүтіндей ойылған астау, кел-кепсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасағн, ою-өрнектермен әрлеген.
Ағаш үйдің бөлшектерін ою-өрнектермен әшекейлеп, безеңдірген. Халық шеберлері жасаған осындай заттар қазіргі уақытта еліміздің музейлерінде сақтаулы.
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталап, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.
Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі – геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Екінші тәсіл – өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап, жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп, өрнекке кеңістіктегі көрініс береді; екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.
Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де арнаулы пышақпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.
Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.
Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла
Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр
Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма
Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын
Пышақтың жүзін саусағынмен сипама
Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат
Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме
Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма
Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе.
Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар: Ол жүйелеу, үйлестіру ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.
Практикалық сабаққа дайындық:
Жұмыс киімін кию
Арнаулы пышақты тарату
Ағаш дайындамаларын әр оқушыға үлестіру
Практикалық жұмыстың аяғында жүргізілуге тиіс жұмыстар:
бұйымның негізін талаптарға сай тазалау
өрнектерді кесу
бұйымдарды бояу, оған әр беру
боялған бұйымды тазалау
бұйымды лактау
Жаңа сабақты бекіту
«Тақырыптардың түйісуі» ойыны:
Оқушылар топтарға бөлініп, өтілген материалдың мұғалім көрсеткен тақырыппен байланысатын тұстарын табады, мысалдар келтіріп, тапсырмалар құрастырады, сұрақтар дайындап, жорамалдар жасайды.
Оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін сұрау
Бағалау
Үйге тапсырма беру
Достарыңызбен бөлісу: |