Сабақ Сабақтың тақырыбы: Бас киімдердің түрлері. Ою туралы жалпы түсінік ІІ санатты технология пәнінің мұғалімі Шлмагамбетова А. Ж. Байзақ ауданы. Н. К. Киікбаев орта мектебі



Дата01.04.2017
өлшемі1,1 Mb.
#13164
түріСабақ
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Бас киімдердің түрлері. Ою туралы жалпы түсінік

ІІ санатты технология пәнінің мұғалімі Шлмагамбетова А .Ж.



Байзақ ауданы. Н.К.Киікбаев орта мектебі.

Сабақтың тақырыбы: Бас киімдердің түрлері. Ою туралы жалпы түсінік

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бас киімдерінің ерекшеліктері, түрі, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы білімін тереңдете отырып, қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне түсінік беру және олардың түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, бас киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Бас киімдерге байланысты жөн – жоралығынларды мән мағынысын, ырым – тиымдардың тәрбиелік мәнін аша отырып, өз қолымен жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дайын бұйымдар, буклет.

Керекті құрал-жабдықтар: Мультимедиа,ою қиылған үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру

Техника қауіпсіздік ережесін пайдалану.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV. Оқушы білімін пысықтау

1. «Көп оқыған, көп білер» мақал-мәтелдер сайысы

2. «Мұны білу пайдалы» бас киімдерге қатысты ырым-тыйым сөздер

3. «Кім жылдам?» қалаған 1 бас киім макетін жасап, ою ойып, жабыстыру.

4. «Жеті жұрттың тілін біл...»

Қорытындылау

1.Тест сұрақтарына жауап беру.

V. Сабақты бекіту

1. «БҮҮ» бойынша бекіту

VІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру:



III Жаңа сабақ

Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа аса үлкен мән берген ата-аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, щыдамды барқыт, драп секілді маталарды пайдаланған. Бас киім екі топқа бөлінеді. Ерлер және әйелдер бас киімі. Ер адамдардың бас киімдеріде әр түрлі. Олар тақия, жаздық және қыстық баскиім киген. Жазда ақ киізден бастырылған қалпақ киген. Ал даулетті адамдардың баскиімі қымбат жіпттермен кестеленген. Ерлердің қыстық бас киімі терімен тысталған. Ер адамдар негізінен, малақай, түйе терісінен тігілген баулы жалбағай киген. Ол шаң тозаңнан, күн өтуден,жаңбыр мен қардан қорғайтындықтан, басқа баскиімнің сырттарынан киеді. Қыздар жазда ашық түсті жібек матадан немесе барқыттан тігілген төбесі жайдақ, көбіне кәмшәт терісімен көмкерілген тақия киген. Тақияға тіл көзден сақтасын деп үкі таққан. ХХ ғасырдың аяғында қыздарға қызыл орамал «шәлі» тағу сәнге айналған.

Қыз балалар тұрмысқа шыққанда басына киетін сәукеле-ғажап қолөнер туындысы. Сәукеленің ою-өрнектерін құйып, соғып, шебер тігінші, зергерлер жасаған. Бір сәукеленің тігіудің өзіне жылдан астам уақыт өткен. Ерте кезде сәукелеге қарап қыз балалардың әлеуметтік жағдайын анықтаған. Ал әйел адамдар кимешек киген. Әжелер жаулық киген.

Осы бас киімдердің барлығына зер салып қарайтын болсақ бәріне де қазақ халқы ою басып тігетін болған.



Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей.

Қазақ халқының ою-өрнекке деген ынтасы және сұлулыққа деген көзқарасы өте жақсы дамыған. Ою-өрнекті жан-жануардың дене мүшесінің бір бөліктеріне байланысты оюлар ойлап шығарған. Ай, күн, жұлдызға арналған, көк әлемге байланысты ою-өрнектер және табиғатқа байланысты ою-өрнектер де көптеп саналады. «Ою-өрнекті» мағынасы бір-біріне жақын сөздер. Қазақтар көбінесе бір өрнекке салынып, қиып алынған үлгіні, үлгіге сай кескен сырмақтың қиығын сондай-ақ, мүйіз тектес ою-өрнекке қосылатын барлық «қошқар мүйіз» ою-өрнектерін де ою деп атайды.



Ал, ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Әсемдеудің кең таралған бір түрі – жан-жануарлар, өсімдіктер немесе геометриялық фигура элементтерімен үнемі ырғақты қайталанып келуі десе болады. Ою өрнек өнеріне тұрмықтық жабдықтар мен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажет құрал-жабдықтар да кіреді. Қазақ ою-өрнек атауларын халықтың мәдени-әлеуемттік өміріне байланысты өзгеріп отырады. Қазақ халқының қол өнерінде ою-өрнек салмай жасаған бұйымдарды көре алмайсың. Оларды киіз басудың өзінде киіздің үстіне басқа түсті жүн жабыстыру арқылы басқан. Ши тоқудың өзінде ою-өрнекті қолданған немесе киіз бетіне басқа матамен ою салып сырып тіккен. Кесте өнеріндегі текемет, аяққап, қоржын сияқты бұйымдарды кестелеудің өзінде ою-өрнек қолданамыз. Ою-өрнек салып жасалған бұйымдар көздің жауын алады, өте әдемі көрінеді.


Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы, «қошқар мүйіз» ою молышылқты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақты, бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді, «гүл» оюы барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып 12 жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі. «Жапырақ» оюы ағаштың барлық өсімдіктердің жапырақтарын тұспалдайтын ою-өрнек. «Балдақ» оюы бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шар формасына келеді. «Қазмойын» оюы құстың мойнын тұспалдауынан шыққан. «Түйетабан» түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. «Төртқұлақ» төрт тармағы зооморфты немес өсімдік оюларынан құралған. «Ботагөз» оюы сыртық пішіні ботаның көзіндей ромб тәріздес геометриялық ою-өрнек. «Өркеш» оюы түйенің қос өркешін бейнелейді. Қазақ ою-өрнектерінің ішіндегі ең көп кездесетін түрі зооморфты оюлар. Ертедегі көшпенділердің шаруашылығы мал болғандықтан, олардың дүниетанымы осы кәсіппен тікелей байланысты.

ІV. Оқушы білімін пысықтау

1.«Көп оқыған, көп білер» мақал-мәтелдер сайысы

Бас жарылса, бөрік ішінде, 
Қол сынса, жең ішінде.

Бас болмақ оңай


Бастамақ киын. 

Тіл тас жарады, 


Тас жармаса, 
Бас жарады. 

Адам көркі – шүберек,

Тал көркі – жапырақ.

Қолында алтыны бар,

Ақылыңды емес шапаныңды сыйлар.

Кісі аты тершіл,


Кісі киімі кіршіл.
2. «Мұны білу пайдалы» бас киімдерге қатысты ырым-тыйым сөздер

Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді.

Тозбаған киімді тастауға болмайды.

Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса, ұшып түседі.

Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жаман ырым.

Киімнің жағасын басуға болмайды.

Бас киімді теріс киюге, лақтыруға болмайды. Бас киімді әрқашанда таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі болып саналады.

Садақаға кім берсе, оның түймесін қиып алады.
3. «Кім жылдам?» қалаған 1 бас киім макетін жасап, ою ойып, жабыстыру.

Қорытындылау



4.«Жеті жұрттың тілін біл...»



1.Тест сұрақтарына жауап беру.



Сұрақтар

Жауаптар

Дұрыс жауабы

1.Ою-өрнектің неше түрі бар?

А) 300

Б) 400


С) 500



2.Гүл оюы нені бейнелейді?

А) бейбітшілік

Б) қуаныш

С) дархан




3. “... аузынан шөп алмайтын момын” теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі?

А) итқұйрық

Б) сынық мүйіз

С) қошқар мүйіз




4.Жануар тектес ою-өрнек.

А) иттіс

Б) ботагөз

С) құмырсқа




5. Найман руының оюы?

А) жебе

Б) босаға

С) үш айырық алау














6.Геометриялық ою-өрнек?

А) құсмұрын

Б) сүйір


С) жауқазын



7. Кесте өнерінде көп қолданылатын ою?

А) жылан

Б) қырықшақа

С) алтын жіп мүйіз




8. Бас-аяғы жоқ ою?

А) итқұйрық

Б) тарақ


С) сұлама



9.Үзілмес бағыт, мәңгілік нышаны қай оюмен өрнектеледі?

А) өткізбе

Б) төртүшкіл

С) дөңгелек




10 Көне әлемге байланысты өрнектер?

А) шұғыла

Б) тышқан

С) көбелек



V. Сабақты бекіту

1. «БҮҮ» бойынша бекіту


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді







VІ. Үйге тапсырма беру


Қорытындылау.

  1. Қазақтың ою-өрнектерін неше топқа бөлуге болады?

  2. Композициялық құрылымына оюлар неше топқа бөлінеді?

  3. Қазақ ою-өрнектерінің ішіндегі ең көп кездесетін оюлар.

Бағалау. Жұмысты саралап, сараптау, жұмысқа баға беру.

Үйге тапсырма:
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет