Сабақ Сабақтың тақырыбы: ю ю дыбысы мен әрпі



бет1/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,72 Mb.
#7292
түріСабақ
  1   2   3
41-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды "ю" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көніл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбилеу.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардын ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту.



Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

Сабақтың барысы:

— Қазір қай мезгіл?

— Көктемнің қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Бүгін біз сауат ашу сабағында "ю" дыбысымен, әрпімен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық. Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

— Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

— Дауыссыз дыбыстар көк текшелермен белгіленеді.

— Өте дұрыс. Өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз "ю" дауыссыз дыбыспен танысамыз. Ю дыбысы бар сөздерді айтып көрейікші: аю, ою, жию, тою, тию, юла, қию.

— "Ю" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

— Неліктен дауыссыз, кане бәріміз қайталап айтайык.. Әлім, тактаға "аю, ою" сөздерін текшелер арқылы жазады. Қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Аю, ою сөздерінде неше буын бар?

Балалар секіру арқылы екі буынға бөледі: а-ю, о-ю.

— "Ю" дыбысына байланысты өлең және жаңылтпаш айтайын:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қане, кім "ю" дыбысына байланысты өлеңдер, сөздер айтып береді?



Алмас: — Жаю, ою, аю, Юра, Юнеско.

Олжас: Аю отыр партада,

Екі қолы калтада

А дейді, Б дейді

Ю-ға тілі келмейді.

— Енді, балалар, біз "Кім жылдам?" ойынын ойнаймыз. Бұл ойында жылдам сөйлем құрауымыз керек.

— Теледидардан аю көрдім.

— Әже ою ойды.

— Аю, ою, ұю, қүю, жию сөздерінде "ю" дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?



Ұлан: — Ұю, құю, жию сөздерінің соңында естіледі.

— "Ю" дыбысы сөздін басын, соңында естілетінін білдік. "Ю" дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.

- Балалар, дәптерге жазар алдында бой сергітіп алайық.


Көжектерім тұршы,

Беті-қолды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы

Сөмкенді алшы,

Сабаққа баршы.

Орныңа отыршы,

Сабағынды оқышы.



- Өте жақсы, бойымыз сергіп қалды. Қазір дәптерді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, "Ю" әрпінің баспа түрін жазамыз.

Сабақ әрі қарай сурет салумен жалғасады. Аюдың түр-түсін еске түсіру. Суретке қарап салу. Балалардан "Ю" дыбысына байланысты сөздерді қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



42-сабақ

Сабақтың тақырыбы: X дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру.

2. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.

3. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дүрыс меңгерту.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жұмысы.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер.

Сабақтың барысы: I. Балаларды сабаққа ұйымдастыру.

II. Өткен материалдарды қайталау.

- Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік?

- Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп, қолымызбен жазады екенбіз. Біз сендермен көп дыбыс, әріптермен таныстық. Қане, маған кім бір дыбысты айтып, сол дыбысқа мысал келтіріп береді?

- Мысалы: а-алма, д-доп, қ-кияр, с-сағат т.б.



III. Жаңа сабақ. Ендеше, балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыс X дыбысымен танысамыз.

Қане, бәріміз X деп айталық.

Балалар, мен сендерге осы әріпке байланысты жұмбақ жасырып көрейік, қане, бәріміз мұқият тыңдалық.

Аяғы жоқ, қолы жок.

Жүрмей тұғын жолы жоқ (Хат)

Сәлем алып алыстан,

Туысынан таныстан,

Кемтұғын "хат", "хабар",

Қай әріптен басталар? (X)

Балалар, мына суреттерді пайдаланып, сабағымызды жалғастырайық. Суреттерді атап, сөзде қанша дыбыс бар екенін айтып көрелік. Хат, хор, шахмат. Хат деген сөзде /х/ үш дыбыс бар. X дауыссыз, а-дауысты, т-дауыссыз.

Кеспе дыбыстарды пайдаланып сөз құрастырып жазғызу. Мысалы: ка-ла, доп, шар, ауа, бала.

— Балалар, енді мен сендерге сөйлем айтып берейін, сендер сөйлемде канша сөз бар екенін айтып беріндер.

Мен ағама хат жаздым. Бұл сөйлемде төрт сөз бар екен. Ауылдан хабар келді. Үш сөз бар екен.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.



IV. 1,2 минут бой сергіту жаттығуы.

Жаңылтпаш: Хабиба-сумка көтерген,

Хат-хабар күнде әкелген.

Хатипа мен Ханипаға, қамарға,

Харьковтегі, Хамит аға

Хат жазыпты,

Хабарла! Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс.

V. Сабақты қорыту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
43-сабақ

Сабақтың тақырыбы: һ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.

Дидактикалық материалды пайдаланып балалардын ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрату, жұмбақ, жаңылтпаштар айту), дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. һ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдықка тәрбиелеу. Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, көрнекілік ретіңде пайдаланады.



Сабақтың барысы:

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Қай ай?

— Аптаның қай күні?

— Балалар, біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

— Енді, балалар, кім һ дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?

Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабын шештіреді:

Қаһарын тіге келеді,

Төріңе шыға өледі. (Қаһар)

Қаһар сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

— Қаһар сөзін айтып көріндерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп

тұр?

һ әрпімен танысқан соң һ дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі.



- һ дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, сонан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар. — Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен карайық,

Орнымызды табайық.

— Өте жақсы, қазір дәптерімізді ашып үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, һ әрпінің баспа түрін жазамыз. "Кім дұрыс айтады?" ойыны жарыс түрінде өткізіледі. Өткен әріптер қатарын оқушылар дыбыс түрін ажыратады, олай болса бірнеше рет қайталап ойын жүргізіледі. - Ал дауыссыз дыбыстар ше? - Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? - Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? - Ал дауыссыз дыбыстар ше? — Ал біз әріптерді көреміз бе? Бірнеше сауалдарға балалар жауап береді. — Өте дұрыс, өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіңдер.

Балалар, енді әріптер туралы тақпақтар айтамыз.

Кітап құмар Қаһардан

Таппаған соң шаһардан.

Алтынай қалап "қаһарды"

Сұрап алды Гауһардан.

Құрамында жаңа әріп бар сөздерді тауып айту, оны кесте әріптерден құрастыру. Сөздерге туындық талдау жасау. һ дыбысын буыннан бөліп алу. Дұрыс айтуға жаттықтыру.

— һ дауыссыз дыбыс па?

— һ дауысты дыбыс па?

— Дауыссыз неліктен дауыссыз, кане, бәріміз айтамыз.

Ал енді һ дыбысына байланысты кім көп сөздер тауып айтады? Қаһарман, айдаһар, Гайһар, Жауһар т.б.

— Қане, кім "айдаһар" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (1 бала тақтаға "айдаһар" сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

— "Айдаһар" сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөледі.

— Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болады?

— Қандай әріппен танысамыз?

— Қане, һ дыбысына тез-тез сез айтып жіберіңдерші.

Сабақты тағы бір рет қайталап сұрап пысықтаған соң қорытындылауға болады.

44-сабақ

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы және әрпі.

Сабақгың мақсаты: В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды В дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбилеу.

Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).

Сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер, текшелер, атрибуттар.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға қашады.

Ағаш басы бүршік жарып,

Гүл бәйшешек ашады.

Балаларым, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

— Дұрыс. Көктемнің қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Бүгін біз сауат ашу сабағында В дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық.

— Біз дыбысты естиміз, бірак көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

— Дауысты және дауыссыз дыбыстар кандай текшелермен белгіленеді.

— Ал, біз әріптерді көреміз бе?

— Ал бүгін біз В дауыссыз дыбысымен танысамыз. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.

Бір атым бар –

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген. (Балалардың жауабы: "Велосипед")

— В дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па?

— Дауыссыз.

— Неліктен дауыссыз, қане бәріміз қайталап айтайық. Әлім, тақтаға "велосипед" сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Велосипед сөзінде неше буын бар?

Секіру арқылы төрт буынға бөледі: Ве-ло-си-пед

— В дыбысына байланысты жаңылтпаш айтайын:

Волгасы - бар құланға,

Вена бойы ұнайды-ақ.

Вагон тіркеп қыранға,

Великпенен жүр айдап.

Қане, кім В дыбысына байланысты жаңылтпаш айтып береді?

— Володя, Валямен, Волга бойын жағалады.

— Дұрыс балалар, жаңылмай жанылтпашты қайталадындар. Ал енді "Хат келді" деген дидактикалық ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын "Хат келді".

— Балалар, кімде-кім В дыбысына байланысты екі-үш буыннан тұратын сөздер тауып айтса, сол көк текшені ұтып алады.



Баян: Ва-гон Ваф-ли

Жазира: Вок-зал Ва-за Трам-вай

Тәрбиеші көк текшені кім ұтып алды деген сауал қояды балаларға.

Балалар бірден Жазира — деп, жауап айтады.

— Енді жұмбақ жасырайын, жауабын жаңылмастан табыңдар:

Қызыл түсті,

Мөлдір сулы.

Сыры түсті,

Тасты, құмды,

Жасыл түсті балықтар,

Әйнек үйде балықтар. (Балалардың жауабы: Аквариум)

— Балалар, аквариумның ішіндегі су қандай?

— Су туралы кім мақал-мәтел біледі?

— Су — анасы бұлақ.

— Судың да сұрауы бар.

— Балалар, дұрыс айтасыңдар, сусыз күніміз жоқ, сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар, дұрыс пайдаланыңдар. Мөлдір суы бар аквариумдағы балықтардың жүзуі қандай әдемі.

— "Аквариум" деген сөзді еркін айтып көріндер, В дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?

В дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.

"Жер, су, ауа" сергіту ойыны.

— Өте жақсы бойымыз сергіп кадды. Қазір дәптерді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып В әрпінің баспа түрін жазамыз.

— Сабақты әрі қарай сурет салумен жалғастырайық. Аквариумның түрлерін еске түсіру (төртбұрыш, дөңгелек). Балалар түгел сурет салуды аяқтаған соң: "Аукцион" ойыны ойналады.



Шарты: балалар машина маркасын дұрыс атау және В әрпінің сөздің қай буынында тұрғанын табу.

Мақсаты: балалардың білімін тереңдетіп, логикалық ойлауын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.

Ірі фирма "Астана-моторстан" Смағұлов мырза мен боламын.

Машиналар тізімі жатыр міне.

Қалаушысы болса егер сата аламын.

Маркасын дұрыс айтпай, сан соғып қапылыста қалма, достар.

Балалар: — Волга, Вольво, Ваз ...

Смағұлов мырза балалардың жауабын дұрыс деп мадақтайды.

— Балалар, сабағымызды жалғастырайық. Мен сөйлемді бастаймын, ал сендер жалғастырасындар.

1. Вагондар тұр ... (тізіліп)

2. Володя тұр ... (қызығып)

3. Вокзал басын ... (қызықтап)

4. Валя да жүр ... (сызылып)

"Саяхат" ойыны. Ойын шарты: балалар В әрпі бар қала аттарын көп атаса, авиа билетін ұтып алып қалаған қаласына барып қайтады. Мұнда балалардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту мақсаты көзделеді.

- "Қазақ ұлттық Авиа ұжымынан" Венера қыз келіп тұрған. Кімде-кім жер шарындағы В әрпі бар каланы атаса Венера авиа билетін саяхаттап қайтуға ұсынады.

- Бүгінгі ойында кімнің авиа билетті ұтып алғанын Венера айтады. Венера: — Төрт қаланы атаған "авиа" билетін алып, Айдар барып қайтсын саяхатқа.

- В әрпінен саяхат сабағына көмектескен Венера қызға және өз білімдерінді жақсы көрсеткендерің үшін сендерге рақмет.

Балалар В дыбысына байланысты сөздерді қайталап жіберейік. Сабақты кайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау.



45-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

2. Сөздік қорларын дамыту.

3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу.

Сабақтың түрі: аралас. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

ә) Зейіндерін сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты пысықтау.

Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық?

- В дыбысы.

- Қане, В дыбысын қарастырып сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал. .

Енді осы сөздерден сөйлем құрайык.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Суреттерге қарап заттарды атау. Фонтан, фото, футбол т.б.

Осы сөздердегі ең бірінші әріпке көңілдерін бөлу.

Ф әрпін ауада, тақтада жазу.

Ф жазба түрі.

Ф баспа түрі.

Суреттерге қарап, сөздерге дыбыстык талдау жасау.

Тордағы әріптерден сөз құрау. Те/ле/фон сөзіне дыбыстық талдау жасау. Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме құрайды, одан сөйлемді бөліп алып, ал сөйлемнен Ф дыбысы бар сөзді табу.

Жұмбақтар шешу.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды?

(Телефон)

Қос аяқ жүрген қуып,

Жел мықтап үрген.

Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр-зыр қағып.

(Футбол)

Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды.

(Фонтан) Өтірік өлең оқиық!

Фабрикада азып жүр,

Фонар жағып, шіл тершіп.

Фонтастика жазып жүр,

Фонармен мың борсық.



Тапсырмалар.

а) Жалғасын тап.

Фут-, фон-, магнито-, теле-, т.б.

ә) Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.

Фатима финал кофта фонар т.б.

б) Ф дыбысын қатыстырып создер ойла.



IV. Қорытындылау.

Жұмбақтар шешейік!

Арқасы тіреп жабысып,

Екі "р" қалған қабысып,

Бұл қай әріп? (Ф)

Иілген ұршық -

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (Ф)

Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп? (Ф)



"Орамал тастамақ" ойыны. Орамалды алған бала ф дыбысы бар сөз айтады, ал келесі бала ол сөзден сөйлем құрайды.

46-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ё дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Мектепке даярлық тобында өткізілген кезекті сабақта Ё дыбысын таныстырып, балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру мақсаты көзделді.

Кеспе әріптер, касса, монтер, елка, шахтер суреттері, әр түрлі текшелер көрнекілік ретінде пайдаланылды. Сабақта сұрақ-жауап әдісі қолданылды.

Ұйымдастыру кезеңінен басталған сабақ, өткен тақырыпты пысықтау, жаңа тақырыпты түсіндіру, қорытындылау бөлімдерінен құралады. Сабақта белсенділік көрсеткен балаларды мадақтау тәсілі ескеріледі.

Алдымен балалардың көңіл-күйін сергітіп алу мақсатымен бірнеше сұрақтар қойып, оған балалардың жауабын тыңдайды.

— Терезеден далаға қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?

— Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

— Қыс айларын кім атап береді?

— Қыс туралы қандай тақпақ білесіңдер?

— Енді, балалар, жұмбақбай атай сендерге жұмбақ айтып береді.

Қысы — жазы бір түсте. Ол не? (Шырша)

— Шырша сөзін орыс тіліне аударайық.

— Ёлка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады? Ёлка сөзіне буындық-дыбыстық талдау жасату.

— Ё дауысты, й+о дыбысынан құралған дыбыс. Мынау әріп таңбасы деп үлкен, кіші ё әрпі көрсетіледі.

"Сөз ойла, көп ойла" ойынын ойнату. Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырады (бір дыбысты айтып). Доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Ёлкадай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.





"Кім тапқыр" ойыны.

Шахтерде бар, шахтада жоқ,

Монтерде бар, мақтада жоқ.

Ойланайык, қарайық,

Болды екен бұл қай әріп?

Балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін сөздің басында, ортасында Ё дыбысы келетін сөздерді ойлап табу және одан сөз құрастыру, ойластырылады.

Дидактикалық ойын "Мен бастаймын, сен аяқта". Балаларды қатыстыра отырып сұрақ-жауап арқылы Венн диаграммасын толтыру.

Шахтер Монтер

1. Жер қазады. Адам 1. Жер үстінде жұмыс істейді.

2. Көмір шығарады 2. Электр желісін жөндейді

3. Темір қалпақ киеді. 3. Бағанға шығады. Сюжетті-рөлді ойын ойнату "Кім боламын?"

Монтер, шахтер мамандығы бойынша істелетін жұмысты балалар ойын түрінде көрсетеді.

Сабақ соңында тақпақ жаттату.

Шахтер

Шахтерді ел біледі,

Оған сарай - жер асты

Көмір қазып жүреді.

Қопарып ол тау-тасты,

Бала оқитын зәулім үй

Қалмау үшін суынып.

Көмірден тау үйеді,

Беру үшін жылылық.
47-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Э дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды В дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу. Олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбилеу.

Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

Ойын арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

- Нан!

Нанда еңбек, нанда ән.

Нанда жұмыс,

Нанда сән,

Нанда үлкен мән

Сондықтан ол - нан!

Мен не туралы өлең оқыдым?

- Нан дастарханға қайдан келді?

- Бүгін біз сауат ашу сабағында Э дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайык..

- Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Оқушы жауаптары тыңдалады.

- Дауысты, дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

- Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді. Жауаптар тыңдалып, пысықталады.

Біз бүгін Э дауыссыз дыбысымен танысамыз. Балалар, енді бір жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.

Өзі тым күшті

Жерді қазып бітті. (Экскаватор)

- Э дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па?

- Неліктен дауысты, қане бәріміз қайталап айтайық. (Балалар дауыстап айтады.) Экскаватор сөзінде неше буын бар?

- Экс-ка-ва-тор Ве-ло-си-пед

- Суреттермен жұмыс жасайық.

- Мынау нелер?

- Экран, электр, экскаватор,

Осы сөздерді текшелермен буынға бөліп көрсетейік.

- Э —кран, э — лектр, экс - ка — ва — тор.

- Э дыбысына байланысты кісі аттарын білеміз бе?

- Эльвира, Эльмира, Элеонора.

- Дұрыс қане, сергіту сәтін өткізейік.

Көжегім тұршы

Бетінді жушы,

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Киімінді киші

Мектепке жүрші.

- Э дыбысы сөздердің қай жерінде айтылады екен?

- Сөздің басында, сөздің ортасында.

- Э қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сездерде ғана айтылады.

— Балалар, үйде мультфильм, кино көресіңдер ме?

— Оны неден көреміз.

— Дұрыс теледидар экранынан көреді екенбіз. Олай болса қазір экраннан суреттер беріледі. Соларды атайық.

— Ұшақтар, тікұшақтар қонатын, ұшатын жерлерді қалай атаймыз?

— Аэропорт.

— Элеватор, Электр шамы.

Дәптермен жұмыс.

— "Кім жылдам" ойынымен сабақты аяқтайык. Кеспе буындардан сөйлем құраймыз. Мен сөйлемді бастаймын. Сендер аяқтайсыңдар.

Мен аэропортқа (бардым).

Ағам элеваторда (жұмыс істейді).

Үйде электр шамы (жанып тұр).

Сабақты қорытындылап, балаларды мадақтау.


48-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Щ дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды Щ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көмектесу және көңіл бөлу, сөздік қорына мән беру, ой-өрісін, тілін дамытып байланыстыра сөйлеуге ұйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең айту).

3. Сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе эріптер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

Қайың, терек басынан,

Сарғылт тартып жапырақ.

Жерге түсіп шашылған.

Жел үрсе тек шашылған,

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай мезгілде болады?

— Күзде.


— Дұрыс, қазір күздің қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Дұрыс, балалар, енді біз бүгін сауат ашу сабағында "Щ" дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық.

— Біз дыбысты айтамыз, естиміз, бірақ, көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

— Ал дауыссыз дыбыстар ше?

— Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

— Ал, біз әріпті көреміз бе? Оқушы жауаптары тыңдалады.

— Өте жақсы, дұрыс өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз "Щ" дауыссыз дыбыспен танысамыз.

Балалар, енді жұмбақтың шешімін табайық.

Атқарады талай-талай ісінді,

Тазалайды киімінді, тісіңді. (Щетка)



Щ дыбысы дауыссыз дыбыс па, әлде дауысты дыбыс па?

— Дауыссыз дыбыс.

— Неліктен дауыссыз, қане бәріміз қайталап айтайық. Әділет тақтаға "щетка" сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Щетка сөзінде неше буын бар?

Балалар қолдарын соғу арқылы екі буынға бөледі. Щет-ка.

— Щ дыбысына байланысты жаңылтпаш айтайық.

Бұрыштың дәмі ащы ма?

Борщтың дәмі тұщы ма?

— Дұрыс балалар, жаңылтпашты жаңылмай қайталадындар. Ал енді "Кім жылдам" ойынын ойнап, "щ" дыбысына сөздер тауып жарысайық.

Балалар, кімде-кім "Щ" дыбысына байланысты сөздерді көп айтса, сол көк текшені ұтып алады.

— Балалар, ойынды бастайық. Тәрбиеші:

— Кек текшені кім ұтып алды?

Жеңімпаз анықталады.

— Енді мына өленді тыңдайық:

Щетка, щетка, щеткалар,

Неше түрлі щетка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

— Балалар, тісті, шаңды тазалау ненің белгісі?

— Тазалық туралы кім мақал-мәтел біледі? "Тазалық — терең байлық".

"Дені саудың — жаны сау".

Тазалық болмаған жерде денсаулық та болмайды, сондықтан таза жүріп, спортпен айналысу керек. Ертеңгісін ауызды щеткамен жуу керек. Тістерің аппақ болса қандай әдемі көрінеді.

"Щетка" сөзін еркін айтып көріндер. "Щ" дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр.

— Енді "Щ" дыбысының баспа және жазба түрімен танысамыз. "Щ" дыбысын ауада жазып қолды жаттықтыру.

— Балалар, дәптерге жазар алдында бой сергітіп алайық.

— Бір, екі, үш.

Жинап алдық күш.

Төрт, бес, алты

Бой жазамыз мықты.

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық

Көрсетілген үлгіге,

Әдемі етіп жазайық.

Енді көрсетілген үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып "Щ" әрпінің баспа түрін жазамыз.

— Енді сабағымызды сурет салумен жалғастырайық (щетка түрлерін көз аддына елестету, түзу, қисық).

Балалар түгел сурет салуды аяқтаған соң: "Өз орнынды тап" ойыны ойналады.

Шарты: Балалар сөйлемнің дұрыс жалғасын табады.

Мақсаты: Балалардың білімін тереңдетіп, логикалық ойлауын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.

— Мен сөйлемді бастаймын, сендер жалғасын табасыңдар.

1. Щеткалар тұр ... (тізіліп)

2. Щорста тұр ... (қызығып)

3. Щеткаларды ... (қызықтап)

4. Шура да жүр ... (сызылып)

— Балалар "Щ" дыбысына байланысты сөздерді қайталап жіберейік. Сабақты қайталап сұраған соң, пысықтап қорыту.

Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау.


Каталог: uploads -> doc -> 0237
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0237 -> Сабақ №18 Циклдің алғашқы шарты
0237 -> Кез келген ұлттың, халықтың ең басты байлығы – сол халықтың ана тілі. Үкіметтік емес ұйым болып саналатын Мемлекеттік тілді дамыту қоры да еліміздің мемлекеттік тілі, басқару тілі болып табылатын қазақ тілін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет