Сабақ Сынып: 7 Оқушылар саны: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны



бет1/3
Дата25.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#166333
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 математика 7 сынып Негізгі геометриялық ұғымдар 4 сабак


7.1В Геометрияның алғашқы мәліметтері

мектеп: Семей қаласындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жылкыбаев Е.Б.

Сабақ
Сынып: 7

Оқушылар саны:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы. Параллель түзулер

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру және бекіту

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.3.1.7
тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.3.1.11
берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
7.3.2.2
түзулердің параллельдік аксиомасын білу;

Сабақтың мақсаты

- берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болу аксиомасын білу және қолдану;
- параллель түзулер аксиомасын білу және қолдану.

Тілдік мақсаттар



Лексика және терминология
Стереометрия, аксиома, нүкте, түзу, кесінді, үшбұрыш, параллель түзулер
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Берілген үшбұрыштардың тең екенін көрсетіңіз
... болғандықтан АВ түзуі СD түзуіне параллель.

Құндылықтар

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;
- Өзгенің пікірін құрметтеу;
- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;
- Математикалық ойлауды тереңдету.

ИКТ қолдану




Осыған дейін меңгерілген білім

- планиметрия аксиомалары
- үшбұрыш анықтамасы мен оның элементтері

Сабақтың барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек көздер

Сабақтың басы
2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақ тақырыбын айтып, сабақ мақсаттарын анықтау.
Сабақтың соңында оқушылар:
- берілен үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болу аксиомасын білу және қолдану;
- параллель түзулер аксиомасын білу және қолдану;

Слайд – 1,2

Сабақтың ортасы
3 минут

15 минут


15 минут

8 минут


Өткен тақырыпты қайталау:
Оқушыларға келесі сүрақтар қойылады:
1) үшбұрыш деген не?
2) қандай кесінділерді тең деп атаймыз?
3) қандай бұрыштар тең деп аталады?
Жаңа сабақ
Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы
Төмендегі суретте АВС үшбұрышы мен а түзуі бейнеленген

Үшбұрыштың А төбесі а сәулесінің бастапқы нүктесімен беттесетіндей, В нүктесі а сәулесінде жататындай және С төбесі а сәулесі мен оның толықтауыш сәулесіне қатысты берілен жарты жазықтықта жататындай етіп,
АВС үшбұрышын жылжытамыз. Жылжыған үшбұрыш төбелерін А1, В1 және С1 арқылы белгілейік.

Онда , мұнда АВС үшбұрышы А11С1 үшбұрышымен жылжыту(қозғалыс) арқылы беттеседі деп аталады.


Аксиома: Берілген сәулеге қатысты көрсетілен тәртіпте орналасатын және кез келген берілен үшбұрышқа тең үшбұрыш табылады.
Параллель түзулер
Егер жазықтықтағы екі түзу қиылыспаса, онда бұл түзулер параллель түзулер деп аталады.
Егер кесінділер параллель түзулер бойында жатса, онда бұл кесінділерді параллель кесінділер деп атайды.

Параллель түзулер аксиомасы: түзуде жатпайтын нүкте арқылы жазықтықта осы түзуге параллель тек бір ғана түзу жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет