«Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі 1-бөлім: Тақырыпты негіздеу



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі159,24 Kb.
#24308
  1   2   3
«Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау»

тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучингтың рефлексиялық есебі

1-бөлім: Тақырыпты негіздеу

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның тек қана объективті немесе жеткілікті жәрежеде объективті емес нормалар мемелекеттік стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсіну, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (МАН, 104 бет 2 деңгей)

Сондықтан да коучинг өткізу барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен мектепішілік қоғамдастық отырысында пікірлесіп, коучингтің тақырыбын анықтадық. Іс-әрекет тобындағы мұғалімдермен пікірлесіп,

«Оқу үдерісінде басқару және сабақты сапалы жоспарлау» тақырыбына шықтық.

Бұл тақырып біз үшін маңызды, себебі оқыту барысында осы бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым болғандықтан ойланып қолдануды қажет етеді. (МАН, 104 бет 2 деңгей)



.

Мектеп тұрғысынан қарағанда, бұл тақырыптың маңыздысы:



  • Бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

  • Бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

  • Бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға, бағалауға;

  • Әркімнің оқу сапасын жақсартуға түсіндіруге көмектеседі.

Кез келген мұғалім оқу үшін бағалау неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қою мүмкін, онысы орынды. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. (МАН, 104 бет 2 деңгей)

Коучинг сабағымызға қазақ тілі мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімі қатысты, қатысқан 12 мұғалім.



2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучингке «Сабақ үстінде оқушылардың табыстарын критериалды бағалау» тақырыбын алған себебіміз, топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.

Осы себепті назарға ала отырып, коучинг сабағына қойған мақсатымыз - Оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау . Міндеті: *Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.

*Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.

*Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.

*Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.

Күтілетін нәтижеміз: 1. Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

2.Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

3.Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.

Коуч - коучингке келген қатысушылармен амандасып, топтарды ұйымдастыруда коуч түрлі стикер арқылы топқа бөлуді ұсынды, 2 топ құрастырдық.





Нәтижесінде: коучинг қатысушылары стикер арқылы топ ұйымдастырды.

Топқа бөлгеннен соң топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатымен «Танысу шеңберін» құрастыру. Өздерін атын айтып, 1 сын есімді қосу болды.



Нәтижесінде: қатысушыларымыз өздерін жақсы да жаман жақтарын көрсетті.

Коучинг қатысушыларына өзін қағаз алақанында бағалауға беріледі. Содан соң өзінің жанында отырған көршісін бағалатқызады. Сұрақ қойылды: Сіздің өзіңіздің бағалауыңыз басқа адамның бағалауымен бірдей болда ма? Неліктен сіздің бағалауыңыз бірдей болмады? Сіздерді ойыңызша бағалау керек емес, қате бағаласаң неге ұшырауға болады?



Нәтижесінде: Тапсырманы орындады, өздерін бағалады, басқа адамды бағалады. Коучтың сұрағына жауап берді.

Осы «Миға шабуыл» сұрағынан кейін тақырып пен мақсаты айтылды. Презентациямен таныстырып, конспектіледі. Критериалды бағалаудың



басты ерекшелігі:

  • Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • Анық, айқындылығы;

  • Бағаның әділдігі;

  • Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет