Сабақ. тақ. Центрлік симметрия. Күні: 10. 03. 2017



Дата26.08.2017
өлшемі118,15 Kb.
#27982
түріСабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ. тақ.

Центрлік симметрия.


Күні: 10.03.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Жиенбаева Гульмира Аязбекқызы

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты:

1.Центрлік симметрия ұғымымен, оларды өмірде қолдануды үйрету.

2.Кордината жазықтығында центрлік симметриялы нүктелерді сала алады.



Ойлау деңгейі:

Білу,түсіну,ойлау,талдау,жинақтау,бағалау.


Сабақ мақсаты:

1.Барлық оқушылар: центрлік симметрияны біледі



2. Оқушылардың басым бөлігі: осьтік симметрия мен центрлік симметрияны ажыратып,координата осінде сала алады

3 . Кейбір оқушылар: өмірдегі симметриялы заттарды ,құбылыстарды нақты біліп,практикада көрсете алады.



Тілдік дағды

Симметрия,центр, табиғат, нүкте сөздерін үш тілде айта білу.

Ұлттық құндылықтарды дарыту.

Наурыз мерекесін,ұлттық ойындарды яғни алтын сақа, теңге алу, бәйге, көкпар, қоржын және ұйқы ашар дәстүрлерін насихаттап, дәріптеп, мақтан тұту.

Алдың. білім

Осьтік симметрия

Бағалау критерийлері

Центрлік симметрия туралы білім дағдылары қалыптасады.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Үй тапсырмасы (2мин)


Алтын сақа (5мин)



Оқушылармен амандасып,түгелдеу.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру.Мұндағы мақсатым, сабаққа деген ынтасын, көңіл-күйін көтеру. Шаттық шеңберін құрып, «Наурыз тілек» әдісі арқылы бір-бірімізге тілек айтамыз.
Оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмыс жүргіземін. Топтарды геометриялық фигуралар арқылы бөлемін. Оқушыларға қалаған фигураны таңдап сол топтың атын атауды сұраймын.

1 топ-Шеңбер, 2-топ –Тіктөртбұрыш,3 топ-Шаршы,4 топ-Үшбұрыш.

Оқушыларға бүгінгі сабағымыз Наурыз мерекесіне арналатынын және ондағы ұттық ойындарды ойнайтындығымызды айтамын.

Оқушыларды бағалау критериймен таныстырып, топ ережесімен және алтын ереже құру қажеттілігін айту.Бағалау критерийіне байланысты, әр топта қазандықтар құрылған сол қазандықты асықтардағы ұпайлар арқылы толтырып, топтың және өздерінің бағалары шығатынын айтып өту керек.

Жасыл асық-3ұпай,

көк асық-2ұпай,

қызыл асық-1 ұпай

сары асық-0ұпай.

1.Үй тапсырмасын тексеру. «Сағат» әдісін пайдаланамын. Мұндағы мақсатым оқушылар дәптерлерін сағат тілімен ауысып бірін-бірі тексереді және бағалайды. №1216,№1213 есептерді АКТ-ны пайдалану арқылы слайдтан тексереді.

Критерийлері: тапсырмалар толық топта орындалса-жасыл асық, 1,2 оқушыда қателіктер болса-көк асық, 3,4оқушыда қателіктер болса-қызыл асық, 5,6 оқушыда да қателік болса –сары асық.

2.Қызығушылықты ояту мақсатында « Алтын сақа» ойынын пайдаланамын.Мұндағы мақсатым өтілген тақырыптарды оқушылардың қалай меңгергенін білу. Әр топқа алтын сақаны иіріп, мысылы алшы түссе соған арналған тапсырманы орындайды.Мұнда оқушылар асықтың қалай түскенін және ондағы тапсырмаларды топ болып шешіп, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
«Алшы» түскендегі тапсырмалар:

1.Координаталық жазықтық дегеніміз не?

2.А(-2;5) нүктесін у осіне қатысты симметриялы қай нүктеге ауысады?



  1. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

  2. Д(2;5)нүктесін у осіне қатысты симметриялы қай нүктеге ауысады?

«Бүк» түскендегі тапсырмалар:

1.Координата жазықтығында берілген нүктенің х пен у-гі қалай аталады?

2. В(4; -2) нүктесін х осіне қатысты симметриялы қай нүктеге ауысады?


  1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

  2. А(-3;-3) және В(-5;4) нүктесі болатын кесіндіні сызып көрсетіңдер.

«Тәйкі» түскендегі тапсырмалар:

1.Кординаталық жазықтық неше ширекке бөлінеді?

2. С(-2;-6) ) нүктесін х осіне қатысты симметриялы қай нүктеге ауысады?
1.Қандай симметриялы геометриялық фигураларды білесіңдер?

2. А(-5;4) нүктесін х осіне қатысты симметриялы қай нүктеге ауысады?

«Шік» түскендегі тапсырмалар:

1.Симметриялы фигуралар дегеніміз не?

2. Төбелері А(-3;-1),В(2;3) және С(-5;4) болатын үшбүрышты сызып беріңдер.

1.Осьтік симметрия дегеніміз не?

2.Е (-3;-3) және В(-5;4) нүктесі болатын кесіндісі у осіне қатысты симметриялы қай нүктелерге ауысады?

Критерийлері: тақырып бойынша сұрақтарға нақты жауап беру, координата жазықтығында салып көрсету.

Дискрипторлар: 1. Әрбір дұрыс орындалған 2 тапсырмаға –жасыл асық, 1-ші тапсырма толық 2-ші тапсырмада қателіктер болса-көк асық,2тапсырмада қателіктер болса-қызыл асық, тапсырмалар орындалмаса-сары асық.



Геометриялық фигуралар


Түрлі түсті асықтар,

қазандықтар
Сағат, слайд


Алтын сақа, кеспелер


Ортасы

Жаңа тақырып түсіндіру

(7 мин)

«Теңге алу»

(7 мин)

Оқулықпен жұмыс «Бәйге» (8мин)

Сергіту (2мин)

Сиқырлы қоржын

(5 мин)



3.Жаңа тақырып бойынша мұғалім таныстырылымы.

Жаңа тақырыпты оқушыларға мынадай тапсырма арқылы ашамын.Оқушыларға бір парақ алыңдар, оны бір бүктеңдер,тағы бүктеңдер енді пайда болған бұрышты қайшымен қиып алыңдар. -Парақты ашып қараңдар , не байқадыңдар? Ой тастау арқылы Центрлік симметрия тақырыбын ашамын.

АКТ-ны пайдаланып слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіремін.

  1. слайдпен центрлік симметрияға түсінік беремін және О нүктесіне қатысты А нүктесіне симметриялы А1 нүктесін салуды көрсетемін.

  2. О нүктесіне қатысты АВ кесіндісіне симметриялы А1В1кесіндісін салуды көрсетіп, үйретемін.

О нүктесіне қатысты центрі О1радиусы  О1А1 шеңберіне симметриялы шеңбер салуды көрсетемін.

  1. Слайдпен центрлік симметрияның анықтамасын беріп, центрлік симметрияға мысалдар келтіремін. Шеңбер, кесінді, тік төртбұрыш- центрлік симметриялы фигуралар.


4.Оқушыларға «Жигсо» әдісін пайдаланудағы мақсатым,оқушылардың жаңа тақырыптың мағынасын ажыратуға үйрету. Мен бұл әдісті «Теңге алу» ойыны арқылы жүргіземін.4 топтан 4 жігіт шығып ортада жатқан тиынды жүгіріп келіп алу керек.Қандай тиын қолына түссе сол тапсырманы тобымен ойласып,тақтаға шығып,өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасау.Бұл тапсырманы оқушы орындай отырып,тақырыпты өз бетімен игереді және «Постермен жұмыс» жүргізеді .Түсінбеген жерін сұрайды, ең бастысы сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

50 теңге тапсырмасы-О нүктесіне қатысты АВ кесіндісіне симметриялы кесіндіні салуды қарастырыңдар.

50-теңгелік тапсырма-О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы А1В1С1 үшбұрышын салуды қарастырыңдар.

100 теңге тапсырмасы- О нүктесіне қатысты центрі О1 радиусы А1 О1 =r шеңберіне симметриялы шеңбер салуды қарастырыңдар.

100теңге тапсырмасы-Координата жазықтығындағы координаталар басы О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелерді салуды қарастырыңдар.
Критерийлері: центрлік симметрияны кесіндіде,үшбұрышта, шеңберде және координата жазықтығында дұрыс қолдана білу.
Дискрипторлар: әрбір дұрыс орындалған яғни сызбасы мен анықтамасы және түсіндіруі жеткілікті болса –жасыл асық,

Сызба дұрыс , анықтамада қателіктер 1 немесе 2 қате болса –көк асық.

Сызбада және анықтамаларда қателіктер болса-қызыл асық,

Тапсырмалар орындалмаған жағдайда-сары асық


  1. «Бәйге» яғни оқулықпен жұмыс.Бұл тапсырманың мақсаты оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдану және талдау.

Оқулықтағы №1232,№1234 және №1235 №1236 есептерді орындайдады.Бұл тапсырмада оқушылар Бәйге шартына сай ең алғаш 4 есепті де орындаған оқушы Бәйге жеңімпазы болады. Орындалған есептер тақтаға жазылады. Бұл тапсырмада жеке өзіндік жұмыстар мен қатар дарындылықты да анықтауға болады.
Критерийлері: центрлік симметрия ережесіне сай координата жазықтығында нүктелер дұрыс орындалу керек,теорияны практикада дұрыс қолдана білу.

Дискрипторлар: 3,4-есепті дұрыс орындаған оқушы-жасыл асық.

2 есепті толық орындаған оқушы-көк асық,

1 есеп толық орындалса-қызыл асық,

орындалмаған жағдайда-сары асық.
5.Сергіту. «Қара жорға» биі
6.«Сиқырлы қоржын» әдісін алғандағы мақсатым оқушылардың алған білімдерін жинақтау.

Оқушыларға бірнеше суреттер беремін, сол суреттердің ішінен центрлік және осьтік симмерияларды ажыратып қоржынның екі қалтасына салу керек.Бір қалтасы центрлік симметрия,бір қалтасы осьтік симметрия.
Критерийлері: суреттің қай салаға байланысты екенін және суретке мәлімет беру

Дискрипторлар: дұрыс орындаған топқа –жасыл асық,

2 оқушы қателессе-көк асық,

3,4 оқушы қателессе-қызыл асық

Барлығы қателессе-сары асық




Парақ,

қайшы
Слайд, дәптер

Теңгелер

плакаттар

Оқулық 6 сынып 118-119 беттер

Дәптер, плакат

Видеоролик


Қоржын,түсті суреттер


Аяқталуы
Бағалау

(2 мин)


Кері байланыс

(2 мин)



Топты қазандықтардағы асықтарын,ұпайларын санау арқылы бағалаймын.Ең көп ұпай жинаған топ 1 орын,2 орын алады.

Оқушыларды осы асықтарды бағаға айырбастау арқылы бағалаймын. Оларға мысалы: жасыл асық- «5»

Көк асық-«4»

Қызыл асық-«3»

Сары асық-«2» деген баға. Топқа ауызша, топ басшысына -осы бағаны,асықты қай оқушыға берер едің? –сұрақ –жауап арқылы бағалаймын.
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы оқушылардың бүгінгі сабақта қандай жетістіктер,қандай кемшіліктер болғанын .Кімнің түсінгенін,кімнің түсінбегенін білемін.
Қорытындыны былай қорытындылаймын: -Балалар сендер Наурыз мерекесінде қандай сыйлық берілетінін білесіңдер ме?

-Наурыз мерекесінде «Ұйқы ашар» деген сыйлық беріледі. Оқушыларға «Ұйқы ашар» сыйлығын беру.
Үйге тапсырма: Центрлік симметрия 116 бет№1237,1238



Смайликтер


Сыйлықтар

слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс .

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКT-мен байланыс.

Құндылықтардағы байланыс



Бәйге әдісін пайдаланамын

Дескрипторлар арқылы

Жаратылыстану, физика, өнер, биология,химия

АКТ-ны жаңа сабақты түсіндіргенде,сергіту сәтінде

Ұлттық ойындармен байланыс




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2:--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет