Сабақ тақырыбы : Кездейсоқ шамалар. Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Пәні: Математика Күні



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#88359
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
786 9225 32758
1142 9231 26547, Abdrahmanov, 786 9225 32758

Қайырлы күн, құрметті білім алушылар.


Бүгінгі тақырып бойынша жаңа материалды оқып, дәптерге жазып алыңыздар, тапсырманы орындаңыздар.


Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шамалар. Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар.
Пәні: Математика
Күні: 16.10. 2020
Тобы: ДТ-Ә-20к
Оқытушы: Тилемисова М.Ж.
Белгілі бір сынаққа байланысты кездейсоқ шама деп осы сынақтың әрбір қайталануында қандай да бір сан мәніне ие болатын және алдын ала қандай сан мәні орындалатыны белгісіз шаманы айтады.
Анықтама. Қандай да бір тәжірибе барысында тек бір ғана мән қабылдайтын шаманы кездейсоқ деп атайды. Кездейсоқ шаманың екі түрі бар: дискретті және үздіксіз.
Мысалы, тиын екі рет лақтырылды. «Цифр» жағанаң пайда болуы немесе пайда болмауы кездейсоқ оқиға, ал оның пайда болу саны кездейсоқ шама болады. Бұл жағдайда кездейсоқ шаманың мүмкіндік мәндері 0,1,2 болады., яғни «цифр» жағы пайда болмайды немесе 1 рет немесе 2 рет пайда болады.
Кездейсоқ шамалар Х, У, Z, … бас әріптермен, ал оның мүмкін мәндері х, у, z, . . . кіші әріптермен белгіленеді.

  1. Мысал. Жаңа туған 100 сәбидің ішіндегі ер балалар саны - кездейсоқ шама, ал оның мүмкін мәндері 0, 1, 2, . . . , 100 болады.

  2. Зеңбіректен атылған снарядтың ұшу қашықтығы - кездейсоқ шама болады. Бұл жағдайда осы шаманың мүмкін мәндері қандай да бір (а, в) аралығында жатады.

Кездейсоқ шамалар дискретті (үзілісті) және үзіліссіз кездейсоқ шамалар болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет