«№27 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Сынып сағатының тақырыбы: «Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік»
Сынып: 7 «А»
Сынып жетекшісі: Базарбай Назгүл Нүркенқызы
Астана
2022-2023 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: «Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік»
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға көктемдегі қауіпсіздік туралы түсіндіру;
Ә) дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, қол моторикаларын,
ойлауын дамыту;
Б) тәрбиелік: Салауатты өмір салтын, эстетикаға, қауіпсіздік
ережелерін сақтауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: суреттер, видео, ережелер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығана назар аудару
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы оқушыларға түсіндіру.
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Көңіл – күйлеріміз қалай? Жарайсыңдар!
Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз «Көктемдегі қауіпсіздік ережесі» деп аталады.
Ал балалар көктемде қандай ережелерді сақтау керекпіз. Біз қазір «Қай топ көп біледі» ойыны ойнаймыз. Ол үшін қазір әр топқа мен парақ таратамын, ал сендер сол параққа қауіпсіздік ережелерді жазып 2 оқушы шығып қорғауымыз керек.
Оқушылар қорғайды. Өте тамаша.
III. «Кім ойшыл»
Ал енді келесі ойынымыз «Кім ойшыл» деп аталады. Мына парақтарға қауіпті жағдайдың суретін салып, сол кезде қауіпсіздікті қалай сақтау керектігін айтып қорғаймыз.
Суреттерін қорғап болған соң, оқушылар жарайсыңдар манадан бері біз сурет салып, ережелер жазып жатырмыз.
IV. Қауіпсіздік туарлы видеоролик
Қауіпсіздік туралы видео көрсетемін. Оны қорыту барсында тақтадағы суреттерді көрсетемін.
Көктемгі су таситын мезгіл жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастады. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша төрт қайғылы жағдай тіркелген. Соның салдарынан үш адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы. Бұл жағдай ата - аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласады.
Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер. Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болыңдар.
V. Қорытынды
Балалар көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары сендер үшін өте маңызды. Қауіпсіздік шараларын ұстану сендердің басты міндеттерің. Денсаулық ең басты байлық.
Достарыңызбен бөлісу: |